МЕДЕТ СУЛЕЙМЕН
ОБСЕ Академиясын бітірген. Саясат және қауіпсіздік магистрі.
2014 жылдан бері Фридрих
Эберт қорының Алматыдағы қа
-
зақстандық кеңсесінде бағдарламалық қызметкер ретінде жұ
-
мыс істейді. Жұмысының негізгі бағдары – сыртқы саясат, жастар
саясаты және гендерлік мәселелер. IPS –
Халықаралық парла
-
мент стипендиясы бағдарламасының түлегі – Германия парла
-
ментінің бес айлық стипендиясының иегері.
МЕРЕЙЛІМ ҚАЛЕН
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін Халықаралық
қатынас мамандығы бойынша бітірген.
Мерейлім ЮНФПА-да
(2015), Қазақстандағы Фридрих Эберт қорында (2015) және
Неміс Бундестагінде (ГФР Парламенті, 2019) тәжірибеден өткен.
Қазіргі кезде Қазақстандағы Фридрих Эберт қорында ғылыми
қызметкер болып жұмыс істейді.
Зерттеу жұмысының негізгі
бағыты – әлеуметтік-экологиялық өзгерістер,
гендерлік және
жастар саясаты.
МОЛДИЯР ЕРГЕБЕКОВ
Өнертану докторы (PhD), Анкара университеті Радио-ТВ-Кинема
-
тография бөлімінің түлегі (2000-2010). Қазақ киносының ұлттық
мемлекет құру үдерісіндегі рөлі туралы докторлық диссертация
-
сын сәтті қорғап, кейін Темірбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер
академиясында, Қырғызстан-Түркия Манас университетінде (Қы
-
рғызстан), Юта университеті (АҚШ), Газиантеп университеті (Түр
-
кия), Сүлейман Демирел университетінде жұмыс істеген. Қазіргі
уақытта Алматы Менеджмент университетінде (AlmaU) «Медиа
және Кино» факультетінің құрушы деканы. Сонымен қатар әй
-
елдердің Орталық Азиядағы мәдени, әлеуметтік, экономикалық,
ғылыми, өнер және саяси салаларда көрінуін қамтамасыз етуге
тырысатын феминистік FemAgora қоғамдық қорының негізін қа
-
лаушылардың бірі.
Сыни теория, кино және медиа зерттеулері,
ұлттық кинематография, қазақстандық БАҚ-тың саяси экономи
-
ясы, гендер және қоғамдық алаң
тақырыптарындағы бірнеше
зерттеу авторы. Педагогикалық тәжірибесі, зерттеулері, презен
-
тациялары мен еңбектері үш негізгі тенденцияға: әлеуметтік тео
-
рия, медиа зерттеулер және кинотануға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: