Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет34/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Ел арасындағы мысалдар
Үйлену тойын ресми шектеуге қарамастан жасаған бірнеше адамды 
сұхбат беруге көндіре алдық. Әрине, мәлімет берушінің құпиялылық 


84
жөніндегі талабын сақтау үшін аты-жөнін өзгерттім және тұратын 
облысын атамаймын. 
Алдымен қайын атамыздың мерейтойын жасадық. Ол кезде 
коронавирус бар екеніне ешкім сенбейтін. Туыстарымыздың бәрін, 
тіпті басқа облыстағы жекжаттарымызды да шақырдық. Бірақ 
тойдан соң бәріміз бір-бірлеп ауыра бастадық. Ата-енем ауруханаға 
жатып шықты. Жастар аурудан оңай жазылды, ал сол мерейтойға 
қатысқан үлкендердің бірнешеуі дүниеден өтті. Мен ауырып жатқан 
кезде бауырым үйленді, бірақ мен әке-шешемнің үйінде өткен сол 
тойға бара алмадым. Бәріміз (қайын жұрты мен күйеуін айтып 
отыр) ауырдық, сондықтан менің әке-шешеме ауру жұқтырамыз деп 
қорықтық. Жалғыз бауырымның тойына қатты барғым келген, бірақ 
үйде емделіп жаттым. Сурет жіберуін сұраған едік, олар қорқып, 
суретке түспепті (Сәуле, 29 жас).
Бұл мысал, ең алдымен, халық бастапқыда коронавирустың бар екеніне 
сенбегенін көрсетіп отыр. Сондықтан да отбасылық жиындарды өткізіп, 
қатыса берген. Бірақ кейін вирустың бар екенін түсінген кезде қиналып 
қалған. Содан кейін ғана тойдан аяқ тарта бастаған. Бұл мысалдағы назар 
аударарлық тағы бір жайт – Сәуленің ата-анасы үлкен қызы ауырып жатса 
да ұлының тойын жасағаны. Оның бір себебі: Сәуленің інісі – жалғыз ұл 
екені. Қазақ үшін жалғыз ұлдың
10
үйлену тойын дүркіретіп жасамау ұят 
саналады. Ешкім ұялтуы шарт емес, бірақ қазақтарда бұл әлеуметтік 
нормаға айналған, яғни ешкім ұялтпаса да, дүркіретіп той жасауды міндет 
санайды.
Екіншіден, бұл мысалдан халықтың медиаға назарын көре аламыз. 
COVID-19 кезінде тойда фото мен видеоға түсуден сақтанатын болды, 
себебі әлеуметтік медиаға тарап кететінін, сосын заң нормасын бұзғаны 
үшін айыппұл төлеу сияқты жазаға ұшырайтынын білді. Ондай жағдайды 
қоғамдық және әлеуметтік медиадан, әсіресе жұлдыздардың тойларын 
көрсеткен жаңалықтардан көріп отырды. Бұған мына оқиға мысал бола 
алады:
Аулада қонақтармен билеп жүргенмін. Бір кезде көршінің қызы өз 
ауласында тұрып, мобайл телефонына фото не видео түсіріп тұрғанын 
байқап қалдым. Сосын сол қыз түсіріп болғанға дейін көз алмай қарап 
тұрдым. Интернетке салып жібере ме деп қатты қорықтым (Ләйлә, 
25 жас).
Бұл оқиға Ләйләнің әпкесінің құдалығында болған еді. Құдалықты 
карантинде аулада өткізген. Бұл мысалдан да той иелері жиын-той туралы 
мәліметтің медиаға жарияланып кетуіне жол бермеуге тырысқанын 
байқап отырмыз. 
Сонымен қатар контенттің әлеуметтік медиадан қоғамдық медианың 
платформасына көшуінің мысалын да көрсете аламыз. 2020 жылғы 18 
шілдеде Facebook қолданушысы Айдын Рахымбаев «Қазақтың ұяты 1,5 млн 
адамның COVID жұқтыруына себеп болды» деген пост жазған. Бір күннен 
кейін осы постты бірнеше Instagram қолданушысы (@tsentrtsiklona, 2020) 
мен ratel.kz (ratel.kz, 2020) және басқа да платформалар (baigenews.kz, 
2020), (liter.kz, 2020) көшіріп басқан. 
10 жалғыз қыз болса да дәл солай.


85
Постың мазмұнына келсек, біздің ойымызша шындықты әсірелеп жазған, 
сондай-ақ бұл жерде мәселе халықтың ұят ұғымына қалай қарайтынында 
жатқан сияқты. Халық тойдың бәрін ұят болады деп жасап жатқан 
жоқ, бір жағынан, той – некені салт-жоралғымен заңдастыру. Екінші 
жағынан, халық әлеуметтік нормаға мойынсұнып отыр, ал мемлекеттік 
қызметкерлер ұсынған норма болса еш тарамаған өтірік вирустан 
сақтандыру сияқты көрінді. Той жасаған адамдардың нақты мотивін 
келесі бөлімде талдаймын. 
Қазақстанның қоғамдық медиасында үйлену тойының ауқымы, 
шығыны туралы және тойды COVID-19 кезеңінде вирус таратушы басты 
фактор ретінде сынаған пікірталас Facebook-тегі осы постан басқа да 
жерде жиі кездесті. Жаңалықтан халықтың жиын-тойды шектеулерге 
қарамастан неліктен тоқтатпай жүргеніне себеп таба алмаймыз. 
Сондықтан да мақаланың соңғы бөлімінде үйлену тойын жасаудың жан-
жақты себептерін түсіндіреміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет