143
Сүзгі
Сүзгі категориялары
Басты тақырып
(COVID-19
пандемиясы
туралы
жарияланымдарға
ғана қатысты )
Жарияланымға қарай қолданылады. Tақырыптар жеке
категория ретінде құрылады (мысалы, COVID-19 вирусынан
жазылғандар; COVID-19 вирусын жаңадан жұқтыру
оқиғалары; COVID-19 пандемиясының экономикалық салдарын
азайту шаралары; COVID-19 пандемиясының экономикаға әсері
т.с.с.)
Нұсқау материал
(COVID-19
пандемиясына
қатысты
материалдарға
қатысты ғана
қолданылады)
- Нұсқау, яғни COVID-19 пандемиясына қатысты үкімет
саясатындағы басты өзгерістер туралы ақпарат береді.
- Нұсқау емес, яғни нұсқаулық ақпарат бермейді (мысалы,
қалыпты статистика немесе COVID-19 вирусымен күресуде
шет елдермен ынтымақтасуға қатысты шаралар).
Жарияланым түрі
- Сараптамалық, яғни белгілі бір проблеманы көрсетеді де,
оның себебіне үңіліп, ықтимал түсіндірмесін ұсынады.
- Сипаттаушы, яғни өткен шара туралы репортаж,
сараптама жоқ, мәлімет аз.
Дереккөз: автор.
Келесі сегментте жиналған мәліметтің негізгі нәтижелері беріледі
(1-қосымшада бар). Отандық медиа қолданатын баянды халықаралық
медиа баянымен салыстыруға айырықша фокус жасалады.
Кейстер
Салыстырмалы контент-анализ нәтижелері қазақстандық БАҚ-тың
COVID-19 пандемиясы туралы баянының көлденең кесіндісін көрсетеді.
Ал жекелеген жарияланымды кейс ретінде қарастыру қазақстандық
медианың мұндай баянды қалай құрастыратыны, баяндаудың,
хабарлаудың және коммуникация жасаудың
қандай әдісін қолданатыны
жайлы толықтырушы мәлімет береді. Зерттеуші түрлі медиаұйым
материалдарына салыстырмалы контент-анализ жасау кезінде байқалған
ең айқын трендтерді көрсету үшін бірнеше мақала мен қысқа хабарламаны
таңдап алды. Жекелеген кейстерге (яғни мақалалар) терең анализ
жасалмайды, олар көбіне қазақстандық медианың
хабарлау тәсіліндегі
белгілі бір тренд не ерекшелікті айшықтап көрсетуге ғана қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: