157
Осы зерттеу жұмысымыз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі өкілдерінің Орталық коммуникация қызметінде өткізген
брифингтері контексіндегі 42 500 теңге дискурсының прагматикалық
ерекшеліктерін анықтауға арналған.
Семкин (2012: 95) «саяси дискурстың мақсаты – аудиторияда белгілі
бір
көзқарасты, пікірді, ұстанымды қалыптастыруға бағытталған әсер»
деп тұжырымдайды. Осы ұстанымды төтенше жағдай кезіндегі үкімет
өткізген брифингтерден де байқауға болады: ақпарат астарында қоғамда
тыныштық атмосферасын орнықтыру әрекеті жатыр. Мемлекеттік билік
органдарының өкілдері, бір жағынан, халықтың билік өкілдеріне деген
сенімін бекіту үшін, екінші жағынан, ең кемінде, халықтың қоғамдағы
көңіл-күйін бақылап отыру үшін және
жаппай наразылықты алдын
ала ескерту үшін халықпен қарым-қатынас деңгейін бағалап отыруға
мүдделі болу керек. Бұл орайда мемлекет саясатының тиімді екені 42 500
теңге дискурсы арқылы көрсетіліп отыр. Қазақстандықтардың «Хабар
24» цифрлы ақпараттық телеарнасының Youtube-тегі арнасындағы
брифингтер жазбасына жазылған пікірлерді талдау осы дискурстағы
сөйлеу әсерінің қаншалық сәтті болғанын зерттеуге мүмкіндік берді.
Мақаламыз саяси дискурстың белгілерін сипаттаудан және оның
42 500 теңге дискурсымен байланысын негіздеуден басталады. Екінші
бөлімде зерттеудің әдіснамасы баяндалады. Одан кейінгі бөлімде
талдау нәтижелері көрсетіліп, 42 500 теңге дискурсының прагматикалық
ерекшеліктері – адресанттың әсері мен перлокутив әсері сипатталған.
Қорытындыда 42 500 теңге дискурсының
осы зерттеу жұмысының
барысында анықталған ерекшеліктері қысқаша сипатталған және ондағы
сөйлеу әсерінің жетістігі туралы айтылған.
Достарыңызбен бөлісу: