Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


 Агрессорға заң қолдану процедурасы жоқ



Pdf көрінісі
бет113/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

1. Агрессорға заң қолдану процедурасы жоқ 
Сұхбат берушілердің бәрінің пікірінше, COVID-19 пандемиясы кезінде 
тұрмыстық зорлық-зомбылықтың күрт өсуі тұрмыстық зорлық-зомбылық 
профилактикасын жүргізудің нашарлығы мен тұрмыстық зорлық-


263
зомбылықтан жәбірленушіні агрессордан тиісті деңгейде қорғаудың 
болмауы себеп болып отыр. 
Қолданыстағы 2009 жылы күшіне енген «Тұрмыстық зорлық-зомбылық 
профилактикасы туралы» заңда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа – құқыққа 
қарсы қасақана әрекет немесе әрекетсіздік» (1-баптың 3-тармағы) деген 
анықтама беріп, зорлық-зомбылықтың күш көрсету, психологиялық, 
сексуалдық және/немесе экономикалық түрлері болатынын көрсеткен, 
оның «ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын 
немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар 
адамдарға қатысты» екенін көрсеткен (1-баптың 2-тармағы).
Алайда сұхбат берушілер қолданыстағы осы заң мен үкіметтің 
тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту мен зорлық-зомбылықтан 
жәбірленушіге көмек көрсету шараларын сынға алды, себебі 
жәбірленушілерге көмек көрсету жөніндегі қазіргі шаралар жөнсіз 
және тым аз болып отыр деп санайды. Қазіргі кезде бұл мәселе 
бойынша тергеу амалдары әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір 
көргенін хабарлағаннан кейін басталады, ал жәбірленуші тұрмыстық 
зорлық-зомбылықтан айығуы немесе жарақатынан оңалуы үшін оған 
экономикалық көмек қажет.
«#NeMolchiKZ» қоғамдық қорының президенті және азаматтық 
белсенді Дина Смаилованың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық 
құрбанын қорғауды күшейте отырып, агрессордың жазасын да күшейту 
керек. Оның пікірінше, жөнсіз және қауқарсыз заңның кесірінен балалы 
әйелдер отбасындағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болып отыр. 
Мысалы, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы шағым алғаш рет түскен 
кезде, көбіне агрессорды полиция бөлімшесіне апарып, тұрмыстық 
зорлық-зомбылықты рәсімдегесін үш сағаттан кейін үйіне қайтарады», 
– дейді жергілікті «Южный Казахстан» (Оңтүстік Қазақстан) газетіне 
жаңалықтарды белсенді жазып жүрген журналист бүгінде Қазақстанның 
оңтүстігіндегі Түркістан облысында «MediaCamp USAID» қолдауымен 
жұмыс істеп жатқан «Не проходите мимо» (Бей-жай қарамаңыз) жобасына 
атсалысушы – Алиса Масалева. Оның айтуынша, тұрмыстық зорлық-
зомбылық туралы шағым түскеннен кейін агрессорға жәбірленушіге 1 ай 
бойы жақындауға тыйым салатын қорғау нұсқамасы шығарылуы мүмкін, 
бірақ одан қатаң жаза қолданылмайды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қолданыстағы заңнамаға 
талдау жасау барысында Қазақстан отбасындағы зорлық-зомбылықтан 
жәбірленушіге көмек берудің бірқатар шараларын сақтап отырғаны 
анықталды. Заңға сәйкес, мұндай қылмыс үшін ең ауыр жаза мөл-
шері – 10 жыл бас бостандығынан айыру, сонымен қатар тұрмыстық 
зорлық-зомбылықтың күш көрсету, психологиялық, экономикалық 
және қаржылық зардап көрсету сияқты түрлерін мойындаған. Оған қоса, 
жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғау нұсқамасын 
шығару мен 24 сағат бойы қамауда ұстау сияқты өте айрықша механизмдер 
қарастырылған. 
Қысқамерзімді қорғау заң (Тұрмыстық зорлық-зомбылық 
профилактикасы туралы, 2009) негізінде жүзеге асырылады, сол заңда 
агрессордың жәбірленушіге 30 күнге дейін жақындауына тыйым 
салынатыны, жәбірленушіге уақытша тұратын жер ұсынатыны, басқа да 
қосымша көмек көрсететіні айтылған. 


264
Дегенмен, сұхбат берушілердің айтуынша, құқық қорғау органдарының 
қызметкерлері заң мен нормативтік актілердің талабын орындамайды. 
Құрбандардың өкінішіне қарай, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық 
профилактикасы туралы» заңда да, Қылмыстық кодексте де отбасындағы 
зорлық-зомбылық қылмыс болып саналмайды.
Мысалы, Инстаграмда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы қазақ 
тілінде жазып, көп фоллоуер жинаған Қазақстандағы КТК телеарнасының 
журналисі Гүлмира Әбіқай әңгімелескен жәбірленушілердің көбінің 
қолданыстағы заңнамадағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 
шаралар мен процедураға сенімі тым төмен екенін айтып отыр. Оның 
айтуынша, отбасындағы зорлық-зомбылық туралы шағым түскеннен 
кейін, күш көрсетуші полиция бөлімшесінде, әрі кеткенде, 3 сағаттан 
24 сағатқа дейін отыруы мүмкін. Көбіне бұдан кейін жәбірленушінің 
жағдайы тіпті нашарлай түседі екен, себебі полиция бөлімінен шыққан 
күш көрсетуші жәбірленушіден кек алу үшін агрессиясын өршіте түседі. 
Мұндай пікірді Алиса да растап, полиция отбасында күш көрсеткен 
адамды көбіне қамамай, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа «отбасы, ошақ 
қасы» мәселесі ретінде қарап, қылмыстық құқықбұзушылық белгілерін 
анықтап жатпай, ресми тіркеуге де алмайды. Дина болса құқық қорғау 
органдарының қызметкері тұрмыстық зорлық-зомбылықты «ресми» 
тергеуді бастауы үшін жәбірленуші күш көрсетілгенін дәлелдеуі керек 
екенін, ол үшін көгерген жерін, 30 күнге жарайтын дәрігердің жазбасын 
көрсетуі керек екенін айтып отыр. Мұның бәрі күш көрсетті деген жалған 
айыппен орынсыз жаза тағайындаудың алдын алу үшін қажет.
2017 жылғы шілдеде әйелдерге қатысты физикалық күш көрсету 
қылмыстық құқықбұзушылық санатынан әкімшілік құқықбұзушылық 
санатына өзгерді (ҚР 2017 жылғы № 84-VI заңы). Дегенмен 2019 жылғы 
2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының жаңа президенті Қасым-
Жомарт Тоқаев Қазақстанда түбінде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен 
күрес туралы заң қабылданатына сендірген болатын (Akorda, 2019). 
2020 жылдың басында президент заңға отбасы мүшелеріне зорлық-
зомбылық көрсетушіге жазбаша ескерту жасалатыны туралы өзгертулер 
мен толықтырулар енгізуге қол қойды. Айыппұлды жазбаша ескертумен 
өзгертуге ресми негіз «отбасына» салынған айыппұлды жәбірленуші 
күйеуімен бірге төлеуі керек болатыны еді. Бұл қадам тұрмыстық зорлық-
зомбылық «отбасының ішкі мәселесі» деген түсінікті тағы қолдап отыр, 
себебі Қазақстанда мұндай мәселені әлі де полицияға хабарламай, үй 
ішінде шешу керек деп санайды. Қоғамдық нормалар мен әлеуметтік 
түсінік, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жаңсақ түсінік үкіметтің 
көзқарасына және тіркелген қылмыстық істердің санын азайтуға деген 
талпынысына сай келіп отыр. Жаңа заңда тұрмыстық зорлық-зомбылық 
үшін жаза ендігі жерде қасақана құқықбұзушылық үшін тағайындалатын 
жазадан жеңіл болып отыр.
Психолог, аудиториясы қазақ тілді әлеуметтік медиада тұрмыстық 
зорлық-зомбылық мәселесін көтеріп жүрген ықпалды медиа тұлға Ержан 
Мырзабаевтың ойынша, құқық қорғау органдарына жүгіну көбіне мұндай 
тығырықтан шығудың жолы бола алмайды. Е.Мырзабаевтың пікірінше, 
тұрмыстық зорлық-зомбылық пен харассмент түрлеріне (мысалы, 
физикалық, сексуалдық немесе психологиялық) шағымдану әйелдерге 
қиынға соғады, себебі полиция тергеушілерінің көбі – ер адамдар. 
Тергеушілер күмән келтірген кезде (мысалы, прокурор мен тергеушілер 
жәбірленушіге «Күш көрсетуге себеп болатындай мінез-құлық таныттың 


265
ба?» деген сұрақты жиі қояды), жәбірленуші ұялып, өзін кінәлі сезінеді, 
сондықтан жәбірленушінің құқық қорғау органына сенімі төмен 
болатынын айтып отыр.
Гүлмира аудандық полиция басқармасы гендерлік істерді көбіне 
әйел қызметкерлерге жүктейтінін, бірақ соған қарамастан Қазақстанда 
әйелдердің көбі қайдан көмек сұрайтынын білмейтінін, себебі мұндай 
шаралардың тиімділігі мен тұрмыстық зорлық-зомбылықты бастан 
өткергендердің ресми есептеріне баға берілмей отырғанын айтты.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы Қазақстанда 40 
дағдарыс орталығы жұмыс істеген (Prime Minister of Republic of Kazakhstan
2019). Үкімет әр облыста Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы 
туралы заңға сай өзгеріс енгізіп, соның арқасында 2014 жылдан бері 
жәбірленушілерге арналған уақытша тұратын жер ашыла бастады. 
Алайда «Human Rights Watch» өкілі Қазақстандағы жергілікті дағдарыс 
орталықтарына барған кезде, қауіпсіздік процедуралары жеткіліксіз 
екенін байқаған және дағдарыс орталығы қызметкерінің жәбірленушіге 
серіктесіңді өзің «арандатқансың» деп айыптағанын, сондай-ақ күш 
көрсетушімен татуласуға мәжбүрлегені жайлы естіген (HRW, 2019).
Дина мен Алиса дәл қазіргі кезде (сұхбат 2020 жылғы қыркүйекте 
жазылды) Қазақстан парламентінің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа 
қатысты заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс 
тобы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерге көмектесетін 
жаңа нормаларды енгізу жөнінде талқылау жүргізіп жатқанын айтып 
отыр.
Алиса да әңгімелескен полиция қызметкерлерінің көбі жаңа 
нормаларды құптайтынын және оң өзгеріс деп санайтынын айтып отыр; 
жаңа нормалар мен процедураны енгізу полицияға күш көрсетушіні 
қамауға алуға және жәбірленушімен байланысына шектеу қоюға мүмкіндік 
береді екен. Ресми нормалар мен әлеуметтік нормалардың өзгеруі құқық 
қорғау органдарына заңға сай жұмыс істеуге мүмкіндік берер еді, себебі 
тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы шағымды қабылдаудың қазіргі 
тәртібі полицияға кедергі келтіріп отыр. 
Алайда әнші, ЮНФПА-ның Қазақстандағы әйелдер мен жастар 
арасындағы Сексуалдық және репродуктивтік денсаулық пен құқық 
мәселелері өкілі Ақмаржан Көшербаева бұл жаңа өзгертулер де, «ерлердің 
бәрін түрмеге қамау да» тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін 
түбегейлі шеше алмайды деп отыр. Ол бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық 
мәселесін тек ер мен әйелге адам құқығын үйрету арқылы және қоғамдағы 
парадигмаларды отбасындағы зорлық-зомбылықтың көбейіп бара 
жатқанын түсіндіре отырып, жәбірленушінің стигмасы мен ұялуын жою 
арқылы өзгертуге болады деп отыр.
Ержан Мырзабаев «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы 
туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу түбегейлі өзгеріске 
әкелмеуі мүмкін екенін, себебі ауылдық, аудандық жерлерде заңның 
орындалуына кедергілер бар екенін айтып отыр. Оның ойынша, әйелдерге 
арналған уақытша тұратын жермен қатар (Қазақстанда тұрмыстық 
зорлық-зомбылық жәбірленушілеріне арналған дағдарыс орталығы деп 
те аталады), күш көрсетуші ерлерге де арналған уақытша тұратын жер 
керек. Қазақстанда балалардың қамқоршысы көбіне әйелдер, сондықтан 
әйелге уақытша тұратын жер беру бұл мәселені шеше алмайды. Ал күш 


көрсетушіге уақытша тұратын жер берсе, бұл мәселені түбегейлі жоюға 
болады. Мысалы, – дейді ол, – күш көрсетуші жәбірленушіден 30 күннен 
астам уақыт бөлек тұрса, сол уақытта психологиялық көмек (ашуын 
тежеу, терапия сессиясы) алса, өзгеруе тырысып, мінез-құлқын өзгертуге 
алғашқы қадамын жасауы мүмкін; ондай ер адам қоғам мен отбасына 
агрессиясы азайған, қауіпсіз кейіпте оралар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет