Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет116/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   165
Ұсыныстар мен қорытынды
Қорыта келе, бұл зерттеудің Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық 
және осы мәселелерді жариялаудағы медианың рөлі туралы дискуссияны 
байсалды ете түскенін айта кеткен жөн. 
Зерттеудің басты нәтижелеріне сүйенсек, COVID-19 пандемиясы мен 
ұлттық карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының 
күрт өсіп кетуіне мыналар себеп болған: 
(1) Шалғай аудандарда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары 
бойынша жұмыстың нашар жүргізілуі, Қазақстандағы тұрмыстық 
зорлық-зомбылық құрбанын агрессордан қорғамау 
Тұрмыстағы жәбірдің алдын алу мен оған қарсы әрекет қарастырылған 
заңдар бар болса да, сұхбат берушілер аталған заңдар мен процедуралардың 
дұрыс орындалмайтынымен келісті. Мысалы, Тұрмыстық зорлық-
зомбылық профилактикасы туралы заң да (Law on Prevention of Domestic 
Violence, 2009), қылмыстық кодекс те (The Criminal Code, 2014) тұрмыстағы 
зорлық-зомбылықты айырықша қылмыс ретінде қарастырмайды.
Үкімет әйел мен ердің екеуіне де адам құқықтары туралы мәлімет 
беріп, яғни отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының 
көп екені туралы танымдық мәлімет беріп, тұрмыстық зорлық-зомбылық 
жағдайын басынан өткендерді ұялту мен оларды стигмалауды азайтатын 
және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны пайдалана алатын қолдаушы 
шаралар мен қызметті насихаттап, жариялау үшін қазіргіден гөрі кешенді 
әрі жан-жақты ұстанымға көшуі керек.
Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықты жасауы мүмкін 
ерлерге арналған мекен ашу ұсынылды, олар онда психологиялық көмек 
алып (мысалы, ашуға ие болу, терапия сессиясы), мінез-құлқын өзгертіп, 
қоғам мен отбасына агрессиясы мен қорқыныш тудыру кейпін басып 
келер еді.
(2) Дәстүрлі патриархиялық нормалар мен стереотиптер кесірінен 
әйелдер қоғамнан үлкен қысым көруде; әйелдерге қатысты зорлық-
зомбылық санының көп болуы Қазақстандағы гендерлік теңдіктің 
орнауына бөгет болып, COVID-19 пандемиясы кезінде тұрмыстық 
зорлық-зомбылық жағдайлары күрт өсті.
Іс жүзінде көп интервьюден жиналған мәлімет тұрмыстық зорлық-
зомбылық құрбаны мен оған әлімжеттік жасаушыны жауапқа тарту жайы 
өте нашар күйде деген тұжырымға барып тіреледі. Сұхбат берушілер 
Қазақстан қоғамы мен мәдениетін, әсіресе халықтың «ұятқа» қатысты 
ұстанымын өзгерту үшін саяси шаралар легі, бағдарламалар мен бұқаралық 
коммуникация науқандары ұйымдастырылуы керек деген ұстанымда.


Үкімет білім беру, соның ішінде жас ұрпаққа сексуалдық және 
репродуктивтік құқық туралы білім беру арқылы гендер теңдігіне 
жеткізетін позитив өзгеріске септесуге тиіс деген ұсыныс айтылды. 
Белсенді науқан өткізіп, гендер теңсіздігі, әйелдерді дәстүрлі рөлдерге 
сай болуға мәжбүрлейтін дәстүрлі әлеуметтік нормалар туралы мәлімет 
таратылса, олардың күші әлсіреп, әйелдердің қатігез ерінен еркіндік 
(мысалы, қаржылай, экономикалық, психологиялық) алуына жол ашуы 
мүмкін. 
(3) Әлеуметтік медиа тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары 
туралы хабар тарату, әділдік орнатуды талап ету, проблемалар мен 
оларды шешу жолдарын жария түрде талқылау және мемлекеттік 
емес ұйымның қаржылай қолдау іздеуінде маңызды рөл атқарады.
Instagram қазақстандықтардың үлкен қызығушылығына ие және ел 
ішінде ең көп қолданылатын әлеуметтік медиа платформасына айналған; 
көптеген азаматтық белсенді мен медиатұлға оны тұрмыстық зорлық-
зомбылық мен көптеген әлеуметтік мәселелерді жариялау және оларға 
қатысты оқыту бағдарламаларын таныстыру платформасы ретінде 
қолданады. 
Осы зерттеудің бірнеше кемшілігі мойындалған еді. Зерттеу ауқымы 
шектеулі және қатысушы саны аз; бес қана эксперттен сұхбат алынды, 
мұндай олқылық зерттеуге басты тапсырыс беруші уақыт мерзімінің аз 
болғанынан болып отыр. 
Дегенмен бұл олқылықтар осы зерттеуді болашақта жеткілікті уақытта 
білімі мен біліктілігі әртүрлі қатысушылар көбірек тартып, кеңінен 
ұйымдастыра алатынына себеп бола алады. Қазақстандағы тұрмыстық
зорлық-зомбылық мәселесін жан-жақты түсіну үшін жазылатын 
сұхбаттарды талдауға болады.


271
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Abrar, S., Lovenduski, J., & Margetts, H. (2000). Feminist ideas and domestic violence 
policy change. Political studies, 48(2), 239-262. https://doi.org/10.1111/1467-
9248.00258 
2. Akorda. (2019a). President of Kazakhstan Kassym-Jomart Tokayev’s State of 
the Nation Address, September 2, 2019. Retrieved from: http://www.akorda.kz/
en/addresses/addresses_of_president/president-of-kazakhstan-kassym-jomart-
tokayevs-state-of-the-nation-address-september-2-2019
3. Akorda. (2019b). The Head of State signed the Law of the Republic of Kazakhstan 
«On Amendments and Additions to Certain Legislative Acts of the Republic of 
Kazakhstan on Improving Criminal, Criminal Procedure Laws and Strengthening the 
Protection of Individual Rights». Retrieved from: http://www.akorda.kz/ru/legal_
acts/laws/glavoi-gosudarstva-podpisan-zakon-respubliki-kazahstan-o-vnesenii-
izmenenii-i-dopolnenii-v-nekotorye-zakonodatelnye-akty-respubliki-kazahsta-239 
4. Alexander, P. C., Tracy, A., Radek, M., & Koverola, C. (2009). Predicting stages of 
change in battered women. Journal of Interpersonal Violence, 24(10), 1652-1672. 
https://doi.org/10.1177/0886260509331494
5. Bandura, A. (1986). Social foundations of thought and action: A social cognitive 
theory. Englewood Cliffs, NJ: Prentice-Hall. 
6. Barrett, B. J. & Pierre, M. S. (2011). Variations in women’s help seeking in response 
to intimate partner violence: Findings from a Canadian population-based study. 
Violence Against Women, 17(1), 47-70. https://doi.org/10.1177/1077801210394273 
7. Bell, K. M. & Naugle, A. E. (2008). Intimate partner violence theoretical 
considerations: Moving towards a contextual framework. Clinical Psychology 
Review, 28(7), 1096-1107. https://doi.org/10.1016/j.cpr.2008.03.003
8. Berzenski, S. R. & Yates, T. M. (2010). A developmental process analysis of 
the contribution of childhood emotional abuse to relationship violence. 
Journal of Aggression, Maltreatment & Trauma, 19(2), 180-203.https://doi.
org/10.1080/10926770903539474
9. Browne, K., 2005, “Snowball sampling: Using social networks to research non-
heterosexual women”. International Journal of Social Research Methodology, 8, 
847–860.
10. Burelomova, A.S., Gulina, M.A. & Tikhomandritskaya, A. O. (2018). Intimate 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет