Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет153/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Мемдер және COVID-19 
Соңғы бірнеше жылда интернет-мемдер кең тарала бастады. Күн сайын 
миллиондаған мем жасалады, олардың бәрі әлемдегі үрдістер туралы. 
Әдетте мем әлдебір ыңғайсыз жағдай туралы мысқыл, кекесін пікір 
түрінде болады. Коронавирус (COVID-19) дағдарысы мен жаһандық сипат 
алған карантин жағдайында мем жасайтындарға да, аудиторияға да 
арналған бұқаралық ақпарат құралдары көп.
COVID-19 пандемиясы дүниежүзінде өзекті тақырыпқа айналды. 
Коммуникация құралдары қызметін атқаратын әлеуметтік желілердің 
арқасында бұл тақырып әсіресе мем жасайтындар арасында, 
Instagram, 
Facebook, Twitter
сияқты әлеуметтік желілер мен веб-блогтарда кең 
таралды. Ролан Барттың семиологиясына жүгіне отырып, COVID-19 
туралы мем мағыналарын айқындау мақсатымен деректерді талдау 
нәтижесінде анықталғандай, авторлар мем көмегімен әлеуметтік жай-
күйді көрсетуге тырысқан. Мұны әсіресе мотивациялық, сыни мемнен 
және пародист-мемнен байқауға болады.
Мотивациялық мем – қоғамды жақсы, жағымды іспен айналысуға 
ынталандырады. Пародиялық мемдер оқырманға хабарламаны сықақпен 
жеткізу үшін жасалады. Ал сыни мем жасайтын адамдар сол арқылы 
қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік жөніндегі ойын жеткізеді.
Сыни мемде COVID-19 пандемиясы туғызған әлеуметтік алшақтық, 
теңсіздік көрініс табады. Мұндай теңсіздікті жұмыссыздар санының 


348
артуынан, өлім-жітімнің көбеюінен және отбасы, үй ішіндегі 
қайшылықтардың өршуінен байқауға болады. Пародиялық мем көмегімен 
авторлар COVID-19 вирусының таралуына шек қою үшін сатиралық 
хабарлама жеткізуді мақсат етеді. COVID-19 мотивациясы пандемия 
жағдайында адамды орынды әрекетке, жақсы іске ден қоюға үндейді. 
Карантин кезінде пайдалы іспен айналысуға, осы уақытқа дейін қол 
тимей, кейін қалдыра берген жұмыстарға кірісуге мүмкіндік туды.
COVID-19 мемдерінде көрініс тапқан әлеуметтік проблемаларды 
сипаттаудың мағынасы да айқын. Аталған проблемаларға: 
жұмыссыздардың көбеюі, қалыпты өмір салтының бұзылуы, білім 
беру жүйесінің өзгеруі, қоғамдық жерлердің жабылуы және әлеуметтік 
арақашықтық сақтау талабы сияқты мәселелер жатады. Осы 
проблемалардың бәрі әлеуметтік желілердегі COVID-19 туралы мемдерде 
визуалдық әрі вербал таңбалар арқылы көрсетілген.
Жоғарыда атап өткеніміздей, біз бұл зерттеуде Қазақстандағы 
интернет пайдаланушылары жасаған мемдерді талдаймыз. Қазақстанның 
интернет-сегментінде наурыз бен қазан аралығында жарық көрген 
мемдерді төмендегідей жіктеп беруге болады.
Интернет-мемдердің тақырыбы
Саны 
2020 жыл
8
Жұқтырғандар
4
Вакцина
3
Карантин
13
Медициналық бетперде
12
Өз бетімен емделу 
5
Қашықтан оқыту
2
ПТР-тестілері
2
Саясат
19
Мемлекет қабылдаған шаралар
3
42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік 
төлем
21
Той
14
Фейк жаңалықтар
3
Басқа
21


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет