Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет156/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   165
Саясат туралы мемдер
15-сурет. @qonandoyle
16-сурет. @ashyq_aspannn 17-сурет. @alpystogyz


352
Коллажда (15-сурет) Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 
фотолары көрсетілген: әр айда жағдайдың қалай болары белгісіз болып 
бара жатқанда, президенттің бет-әлпеті қалай өзгергенін байқайсыз. 
Келесі мемде (16-сурет) мынадай жазу бар: Тоқаев мемлекеттік 
қызметкерлерге үйде отырып жұмыс істеуді тапсырды. Жазудың астында 
үйінде еш алаңсыз компьютермен карта ойнап отырған мемлекеттік 
қызметкердің фотосы берілген. 
Он жетінші суретте Тоқаевтың денсаулық сақтау министрлігіне 
коронавирус салдарынан болған өлім-жітім көрсеткішін барынша 
азайтуды тапсырғаны туралы жаңалықтың скрині салынған. Осы мемнің 
жалғасы ретінде «Мадагаскар» мультфильмінен алынған кадр тұр, ондағы 
пингвиндер: «Жігіттер, бәрекелді. Коронавирустың көзін құрттық», – деп 
қояды.
Карантин туралы мемдер
18-сурет. @kiyelitezek 19-сурет. @muratdilmanov 20-сурет. @kiyelitezek
Вирустың таралуын тежеу үшін үкімет шектеу шараларын енгізді. 
Елде наурыз айының ортасынан бастап, бес айға созылған карантин 
жарияланды. Бұлай болады деп ойлағамаған жұрт ұзақ уақыт 
оқшауланған күйде қалуға мәжбүр еді. Мұның салдары да ауыр болды – 
адамдардың жүйкесі сыр бере бастады.
Он сегізінші суретте иті бар бала бейнеленген. Бала: «Карантин мезі 
қып бітті», – десе, ит иесіне таңырқай қарап: «Менімен сөйлесіп отырсың 
ба?» – деп қояды. Келесі суретте (19-сурет) ұзақ уақыт карантинде болған 
ер адамның шашын қидырып, қырыну үшін шаштаразға келіп отырғаны 
сәті бейнеленген. Соңғы мемде (20-сурет) Карл Блохтың «Самсон және 
филистимдіктер» атты картинасына мынадай реплика қосылған: 
«Карантиннің қадірін жұмысқа шыққанда білесің».
Фейк жаңалықтар туралы мемдер
Әдетте жалған ақпарат шын ақпаратқа қарағанда тез тарайды. Әсіресе 
дағдарыс кезінде халық ресми деректерге емес, қауесетке, алыпқашпа 
әңгімеге сенуге бейім келеді. Салдарынан үрейге бой алдырған адамдар 
деректерді тексерместен ақпаратты өзгелерге жібере бастайды. Олар 


353
мұны әдейі істемейді, мәліметті растап, тексеріп алатындай медиасауаты 
жетпегендіктен осындай әрекетке барады.
21-сурет. @ashyq_aspannn 22-сурет. @ashyq_aspannn 23-сурет. @funlovekz
21-сурет: Ит – отандық блогерлер мен әртістерді, ал құлпынай 
фейк жаңалықтар мен конспирологиялық теорияларды тұспалдайды. 
Фотосурет тіпті танымал адамдар да расталмаған ақпаратқа сеніп, 
әлеуметтік желілерге таратады деген ойды жеткізіп тұр.
22-сурет: Көп адам вирустың бар екеніне сенбейді. Тікұшақпен 
ауаға коронавирус шашу, өмірге қауіпті 5G мұнаралары, осының бәрі – 
әлдебіреудің қастық ниеті. Сода, сарымсақ пен зімбір көмегімен өз бетімен 
емделуге болатыны туралы WhatsApp-та таратылған фейк жаңалықтар да 
дезинформацияға жатады.
Соңғы суреттегі (23-сурет) дәрігерлер (WhatsApp-тағы отбасылық, 
туысқандық чаттар) мысыққа (fake news) бас иіп, құлдық ұрып тұр. 
Дезинформацияның таралуына, әдетте, әлеуметтік желілер мен 
мессенджерді пайдаланушылардың бір-біріне жалған хабарламалар 
жіберіп отыратыны себепші. 
Әлеуметтік желілерде (Twitter, Facebook, Instagram) интернет-мемдер 
жасауға маманданған арнаулы қауымдастықтар мен иллюстраторлар 
бар. Солардың негізгілері: «Qonandoyle», бұл жерде видео-мемдерді 
көруге болады, ал «Kiyelitezek» мемдерінде әлемге әйгілі картиналар 
арқылы тарихи тұлғалардың бейнелері көрсетілген. «Muratdilmanov», 
«Shapalaque» аккаунттарындағы мемдер иллюстрациямен берілген. 
Осы сияқты репрезентацияның болуы аталған қауымдастықтың ненің 
негізінде жұмыс істейтінін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет