Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет154/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   165
БАРЛЫҒЫ 
130
Енді осы мемдерді бұрын атап өткен тақырыптарға сай талдап көрейік. 
42 500 туралы мемдер
42 500 теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төлеу. Зерттеу барысында 
Қазақстан азаматтарына әлеуметтік жәрдемақы бөлу төңірегінде проблема 
туғаны анықталды. Осыған орайда медиа арқылы тұрғындардың үкіметке 


349
наразылық білдіргені туралы хабарлар көп болды. Осы тақырыптағы 
интернет-мемдердің саны да күрт артты.
6-сурет. @qonandoyle 7-сурет. meme-arsenal.com 8-сурет. meme-arsenal.com
Алтыншы суретте әлеуметтік желілер жанрындағы мем көрсетілген: 
әдетте, мысалы, Twitter-дегі посттың скриншоты жасалып, өзге әлеуметтік 
желілерде қайта жарияланады. Мына скриншотта «Дональд Трамп» Egov.
kz сайтына сол күйі кіре алмағанына, электрондық цифрлық қолтаңба 
енгізу проблемасын шеше алмағанына шағымданғанын твиттерде 
жариялаған. Твит соңында өзін көп қинамай, 42 500 теңгені бере салуды 
өтінген. Шын мәнінде, мұндай проблемамен Қазақстанның көп азаматы 
бетпе-бет келген: мемлекеттік жәрдемақы аламыз деп біраз әуреге түскен, 
әлеуметтік төлем алудың қиынның қиыны болғаны рас.
Екінші фотода суреттелген (7-сурет) жағдай бұдан да қызық. Бастапқыда 
мемлекет жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақы төлейтінін 
хабарлаған. Азаматтар 42 500 теңге көлеміндегі төлемді алған соң, үкімет 
сол әлеуметтік жәрдемақыны мемлекетке қайтару керек деген жаңалық 
таратып, елдің есін шығарған.
Сегізінші суретте Марвелл комиксінің кейіпкерлері – Бэтмен мен 
оның көмекшісі Робин бейнеленген. Бұл мемнің жанры – интернет-
комикс. Робин 42 500 теңге туралы сұрай бергенде, Бэтмен оның 
жағынан шапалақпен тартып жіберіп, үніңді өшір дейді. Жұмыссыздық 
пен карантин жағдайында көп адам жәрдемақыға мұқтаж еді, дегенмен 
әлеуметтік төлемді бәрі ала алмады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет