Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


COVID-19 КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚТЫҢ ҮЙЛЕНУ



Pdf көрінісі
бет31/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

COVID-19 КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚТЫҢ ҮЙЛЕНУ 
ТОЙЫ МЕН ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАҚ-ТАҒЫ 
РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ 
Динара Абилденова
Қазақстанда ұзақ та суық қыстан кейінгі көктем маусымы әдетте 
үйлену тойымен ерекшеленеді. Қазақстанда үйлену тойын мейрамға
9
тұспа-тұс жасау үшін 22 наурызда жасағысы келетіндер көп, сондықтан 
мейрамханаға тапсырысты бір-екі ай бұрын беріп қояды. Дегенмен 2020 
жыл ерекше болғанына бәріміз куәміз. Тойын 16 наурызға дейін жасап 
үлгергендер сияқты, жұрттың бәрінің жолы бола қоймады. Қазақстан 
үкіметі 16 наурызда елде төтенше жағдай жариялап, 11 мамырға дейін 
созылған төтенше жағдай кейін карантин режиміне ұласты. Қазақ 
жиын-тойға көп қонақ шақырып, аста-төк дастарқан жаяды, сондықтан 
карантиндегі шектеу шілдеханадан бастап, жерлеу рәсіміне дейінгі 
салт-жораның бәріне салынды. Карантин басталған сәтте қазақстандық 
медиада онлайн-үйлену тойлары туралы жазылып, көрсетіліп, 
оқшауланудың талаптары мүлтіксіз орындалып жатқандай көрінді. 
Жергілікті Алматы ТВ арнасының мәліметінше, үйлену тойын 22 наурызға 
белгілеген екі жас WhatsApp мессенджері арқылы онлайн-той өткізген 
(almaty.tv, 2020). Телесюжетте екі жас күйеу жігіттің ата-анасымен бірге 
тұрып жатыр, қалыңдық ата-анасының батасын мессенджер арқылы 
алды. Бұл бір жағымды жаңалық болды, бірақ іс жүзінде халық карантин 
шектеуіне қарамастан, жиын-той өткізуді жалғастыра берді. Көп ұзамай 
бұл тақырып жаңалықтардағы басым контентке айналды. Осы орайда 
бірнеше сұрақ туды: COVID-19 кезеңіндегі қоғамдағы ахуалды медиа 
қаншалық шынайы көрсете алды? Әлде медиа жиын-той туралы үстіртін 
хабар ғана таратып, бұл жүріс-тұрыстың себебін түсіндіруге, тақырыпқа 
терең үңілуге тырысқан жоқ па?
Осы сұрақтарға жауап табу үшін мақалада (1) COVID індеті кезіндегі 
үйлену тойларының медиадағы репрезентациясына, содан кейін 
(2) карантин кезінде эфирге шыққан және әлеуметтік медиа 
қолданушылары бір-біріне таратқан үйлену тойлары туралы контентке 
мән беріп, аудиторияның медиамен қарым-қатынасына (реакциясына) 
талдау жасаймыз. Соңында (3) осы зерттеу жұмысымыздың келесі бір 
мақсаты – карантин нормасын бұзу туралы жаңалыққа кейіпкер болған 
адамдардың пікірін талдаймыз.
Мысалдарды баяндамас бұрын, мақалаға негіз болған басты үш 
элементті анықтап алайық. Олар – COVID-19, медиа және үйлену тойы. 
Алдымен COVID-19 осы зерттеу жұмысының жалғыз мақсаты емес 
екенін, тек медиа мен үйлену тойларын байланыстырушы фактор екенін 
атап өткен жөн. Екіншіден, медиа ұғымына осы бөлімнің кіріспесінде 
9 22 наурыз – мереке күні, қазақтың жаңа жылы Наурыз мейрамы.


81
тоқталып өттік, сондықтан медиазерттеуге қатысты антропологиялық 
ұстаным туралы бірер сөз ғана қосамыз. Соңында медиаға және оның 
үйлену тойына қатысты контентіне тоқталып өткесін, мақаланың соңында 
үйлену тойын антропологиялық ұғым ретінде қарастырамыз.
1.1-сызба
Бұл мақалада Миллердің 10 антрополог әріптесімен бірге әртүрлі елдер 
мен әлеуметтік орталардағы әлеуметтік медиа жөніндегі зерттеулер легін 
жариялағандағы ұстанымын басшылыққа алдық (Ed. Miller, 2020). Миллер 
Англия ауылындағы әлеуметтік медиа (Social media in an English village) 
атты зерттеу мақаласында әлеуметтік медианың контентіне мән берудің 
маңызын былай түсіндірген: 
Платформа әлеуметтік медианың көлігі іспетті. Әлеуметтік медианы 
түсіну үшін контентіне үңілуіміз керек, контент көбіне меншік құқығының 
түріне қарамастан, әртүрлі платформалар арасында ауысып жүре береді 
(2016: 1).
Бұл ұстанымды медиаплатформалардың бәріне қолдануға болатыны 
сөзсіз, себебі интернетте жаңалық платформасына жарияланған жаңалық 
бірер секундтың ішінде-ақ әлеуметтік медиа желілерінде тарап кетеді. 
Сондықтан интернеттегі жергілікті жаңалық платформасы мен телевизия 
сияқты әлеуметтік медиа және қоғамдық телерадио контентін зерттеуге 
тырысайық. Осы зерттеу жобасында контент деп қоғамдық және 
әлеуметтік медиалардағы COVID-19 кезінде өткен үйлену тойы туралы 
жаңалықтарды атаймыз. 


82


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет