102
Біздің Ұлы даланың таза жері ауыл еді. Одан бездік. Ауыл халқы кең далаға
мал бақпайды, қалада зіңгіттей жігіт есік күзетіп отырады. Егін салып,
ағаш егіп, үй тұрғызып, ұрпақ өсір деді ғой саған Жер-Ана! ... Даланың
ұлттық тамағы талай ауруға ем болары да даусыз.
Жер-Ана бізге бәрінің қадірін білмей кеткеніміз үшін өкпелі. ... Біз
оған бас июге, оны қадірлеп, сүюге тиіспіз! Бәлкім, ол сонда ғана мейірімін
төгіп, құшағын ашып паналатар. Өзен-көлі тазарған кезде, қоқыстары
азайған кезде пендесі «тәубе» деген кезде қайтадан еркін сайрандауға
жіберетін шығар. Ал біз, пенделер, оның
сыйлаған аспанының қадірін
түсіне білсек жарар еді. Өзің жаратқан пендеңнің күнәсін кешіремісің,
Жер-Ана?!
Автор мәтінде үш абзацты
коронавирус
сөзімен бастайды. Ол – атаулы
сөйлем және абзац деңгейінде көрінетін синтаксистік қайталама. Майра
Жолшаева атаулы сөйлемнің зат пен құбылыстың атауы ретінде және
арнаулы коммуникативтік мақсатпен байланысты жұмсалатынын айтады
(2018: 123). Атаулы сөйлемнің автор прагматикасын
көрсетудегі қызметі
– оқырман назарын аудару; қазіргі, бүгінгі болмысты көрсету. Бұл қызмет
түсінік атаулы сөйлем арқылы іске асырылған. «Түсінік атаулы дегеніміз
– өзінен кейінгі сөйлемде әңгіме болатын затты атап қана қоймай,
тыңдаушының зейінін сол
аталған затқа аударып, оқырманды кейіпкердің
немесе автордың философиялық ой-толғауына енгізу мақсатында
қолданылған сөйлем. Түсінік атаулы сөйлемнің мақсаты – әңгімелесушіні
ойландыру, оған аталған заттың, құбылыстың қасиеті мен рөлін түсінуіне
түрткі болу» (Ибраимова, 2016: 370). Автор мәтінде бұл атаулы сөйлемді,
сонымен қатар адресант-адресат ойын рет-ретімен жеткізуде логикалық
сабақтастықты сақтау үшін ұтымды пайдаланған.
Әрі адресант, әрі адресат рөліндегі автор
індеттің әлемді жайлап
алуының себебін, ақиқатты іздейді және өзіндік пайымы нәтижесінде
түзілген болжамын, яғни «адамзаттың әрекеті себеп болған шығар»
деген ойын жеткізеді. Автордың өз ойын негіздеуге келтірген дәйектері
ұрпағына деген реніш-назы, бүгінгі қоғамның келбеті, карантин
жағдайындағы бейқамдық, баянсыз өмір, ауылдың жайы, адамзаттың
шарасыздығы, үміт сияқты бірнеше анықталған ақиқатты қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: