Лингвистика педагогическая инноватика в языковой подготовке будущих учителей-предметников



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата10.02.2017
өлшемі2,91 Mb.
#3810
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 
Резюме
В статье рассматривается художественные особенности творчества Шакарима Кудайбердиева. 
 
Summary 
This article focuses on the artistic features of creativity Shakarima Kudaiberdieva. 
 
 
 
 
ШƏКƏРІМ АҚЫН АҚЫЛ ТУРАЛЫ 
 
М.Əліпхан
 -  
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының 
 аға ғылыми қызметкері, филол.ғыл.к. 
 
Адамгершілік іліміне қатысты ұғымдарды ақын өлеңдерін үстірт оқып тани салу мүмкін емес. Ол 
белгілі  бір  ұғымның,  мысалы,  ақылдың  ақын  өлеңдеріндегі  барлық  қолданысын  түгел  тауып,  оларды 
жинақтап,  əртүрлі  мағыналық,  мазмұндық,  танымдық  қыр-сырын  анықтау  арқылы  танылады.  Ақын 
ақыл  сипаты  туралы  мəселеге  əр  кезеңде  жазған  өлеңдерінде  аялдап  өтеді,  оны  мұқият  іздеп  тауып, 
жүйесін, сабақтастықта жырлануын байқамаса болмайды. «Анық пен танық» өлеңінде ақын ақыл ісі 
ретінде білу, нану, ұнатуды атайды [1.58]. Ақыл ісі – білу десек, оған талас бола қоймайды. Ал нану мен 
ұнату  жөнінде  ойланып  қалуымыз  мүмкін.  Сөйтсек  нанатын,  ұнататын  нəрсемізді  өзіміз  талассыз  деп 
санауға  жеткізген  «білу»  арқылы  анықтайды  екенбіз.  Демек  үшеуі  де,  яғни  білу,  нану,  ұнату – ақын 
жазғандай, ақыл ісі. Ақын жан туралы еңбектерде көп айтылатын жан қуатымен байланысты бес сезім 
əрекетін де назардан тыс қалдырмаған. Адамзат танымының басы – бес сезім, ғалым М.Мырзахметұлы 
ғылыми айналымға тартып, жемісті танытып жүрген, Абай қарасөзінде қолданыс тапқан «хауаси хамса 
заһири» [2.187-208]. Адамның  əлеммен  əуелгі  əрі  өмірлік  байланысы  да  осы  бес  сезім  арқылы  жүзеге 
асады. Адамның тірі, өлі болуы да осы бес сезім тіршілігіне келіп тіреледі. Сөйтіп ақын жазғандай, бес 
сезім мəліметі түйсіктен бастап жанның ең биік қуаты – ойлауға жетеді, одан Ақыл таразысына түседі. 
 
 
Тəн сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек, 
 
Мұрын иіс, тіл дəмнен хабар бермек. 
 
Бесеуінен мидағы ой хабар алып, 
 
 
Жақсы, жаман əрі істі сол тексермек [1. 58]. 
Осы өлеңінде ақынның бəріне де басшы болатын, бағыт беретін  əділетті жүрек туралы жазатыны 
бар.  Біз  осы  ақын  қолданысындағы  əділетті  жүректі  таза,  сау  ақыл  деп  ұғуға  бейімбіз.  Біз  білетін 
жүрек ің физиологиялық болмысында білу, тану əрекеті жоқ. 
т
 
Дəл солай қылайын деп ұнағанда, 
Əділетті жүрегің бір қозғалмақ. 
Бір билік сол жүректен шығарылмақ, 
Денеге ол шымырлап əсер қылмақ... [1. 58] 
Жүрегіңнің тілі жоқ, ымбалы сол, 
Ұ
 
ғып ал да бола көр соған көмек [1. 58]. 
«Талап  пен  ақыл»  өлеңінде  ақын  ақылдың  сипатын  тағы  да  тереңдеп  таныта  түседі.  Өлең 
мазмұнынан ақыл ісі қалай басталатынын байқаймыз. Сонда мынадай түйінге тап боламыз: əуелгі бастау 
– ындын. Ындын талапты оятады, ал талап ақылды іске қосады. Ақын айтқандай, ақылдың анық, шын, 
таза, с у, азат, еркін атты түрлері бар. Сөйтіп түпкі ақиқатты анық, таза, сау ақыл тапса керек. 
а
 
Талап шапса ақылға мініп алып, 
Жақсы, жаман бəріне бірдей салып. 
Талап деген ындынмен ентелемек, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №3(37), 2011 ж. 
 
71 
Ойға алып, қызыққанын қылсам демек... 
Ол ісі орайлы ма, орайсыз ба, 
О
 
йланып оны ақылға салса керек [1. 128]. 
Ақылдың  міндеті - түптің  түбінде  ақиқатты  тану.  Мұны  ақын  «Тапқыш  ой  ғой  ақылдың 
мағынасы» [1. 132] деп ақылдың ең басты қаиетін еске салғандай  болады. Ақынның «Ойлансын ұлан 
болса  сөз  ұғарлық»  атты  өлеңінен  ақыл  сипатын  жаңа  қырынан  тани  түсеміз.  Ақынның  бұл  өлеңі 
Абайдың  жан  құмары  туралы  жұмбақ  өлеңін  ойға  оралтады.  Абай  ізімен  Шəкəрім  ақын: «Ақылдың 
шолғыншысы – ойқұмарлық»  деп  жазады. «Ындынмен  ентелеген  талап»  ақын  жазғандай, «талпынып 
ойды айдаса, байқалар – көрнеу, таса, жоқ пен барлық», яғни ақиқатты тану жолы басталып кетеді. Ақын 
айтқандай, «Өкініштің үлкені – ойы тарлық». Ақыл мағынасы ақын айтқандай, тапқыш ой болған соң, 
ізденіс талап, ой жоқта  ақыл да өз болмысын жоғалтады: 

 
Азат ақыл ойланбай мида жатса, 
Шіріп, тозып тартқызар ол бір зарлық [1. 149]. 
 
Ақын  өлеңдеріндегі  ақыл  сипатына  қатысты  тағы  бір  мəселе – сопылық  таным  ізімен  ақылдың 
араққа  теңелуі.  Ақын  мұраты  мен  жалпы  адамзаттың  дана  ұлдарының  биік  мақсаты – ортақ,  ол – 
хақиқатты тану болса, осы тұрғыдан келгенде ақынның мына теңеуі көңілге қонады: 
 
А
 
рақ – ақыл, мастық – ой, жар – хақиқат [1. 262]. 
Ақылмен  ойланып  хақиқатқа  жету  қандай  орынды  болса,  арақ  ішіп  тазару,  пенделіктен  арылу 
арқылы Жарын, Иесін сүю соншалық көңілге қонымды. Сопылар ұғымы бойынша, сау адам дүниешіл, 
пендешіл,  есепшіл,  ал  мас  адам  риясыз,  шынайы  келеді,  оның  Жарын  сүюде  алаңсыз  беріліп  опалы 
болуы  əбден  мүмкін.  Мастық – сопылық  ұғымда  дүниелік  тірлікті  ұмытып,  Алланы  сүюге  бірыңғай, 
барынша  берілумен  байланыстырылады.  Бұ  дүниемен  байланысы  берік,  мықты,  сау  адам  сопылар 
ұғымынша, Иесін риясыз, шынайы сүйе алмайды. Мастық бір жағы бұ дүние қызығынан арылу, онымен 
байланысын үзу, сөйтіп сүйгеніне  шынайы берілу. Плотин шынайы, терең ойлауды осындай мастыққа 
теңейді [3]. Сөйтіп Шəкəрім таза ақылды таза арақпен байланыста жырлайды. Арақ затының ұғымына 
біршама жақын көрінетін шарапты сопылар екі түрлі себеппен жақсы көрген, біріншіден, шарап кісіні 
шынайы қалпына түсіреді, екіншіден, оның мейірім, рақым, махаббатын арттырады. Яғни шарап ішіп 
мас болған адам Иесін шынайы да риясыз, жан-тəнімен беріліп сүйеді. Ал сау адамда дүниелік байланыс 
əлі  де  басым  болады.  Ақылмен  ойлауға  да  шынайылық  пен  тереңдік  керек.  Ақын  анық  хақиқатқа 
қатысты  ойларын  «таза  арақ  ішкен  мастарға»  арнайды,  яғни  олар  таза,  анық,  сау  ақыл  жолындағы 
ақиқатқа құмар жандар: 
 
Айтамын мұны жастарға, 
Т
 
аза арақ ішкен мастарға [1. 231]. 
Ал  дүниешіл,  пендешіл,  есепшіл,  қу,  сұм,  жеңіл  ойлы  адамдарды  алдыңғы  жас,  яғни  мастардан 
бөліп,
та айтатыны да бар. 
 ажыра
 
У ішіп, қулық жинаған, 
Айтпаймын қуыс бастарға 
О
 
л ұғынбас, тыңдар да [1. 231]. 
Плотин  еңбектерінде, яғни эннеадаларында атақты үштік ұғымы бар. Ол ұғым бойынша, Ақыл 
Бірліктен, яғни Жаратушыдан пайда болады. Ал Ақылдан əлемдік жан туады [3]. Осы танымның шет-
жағасын Шəкəрім ақыннан да байқауға болады. Ақынның Ақылды Жаратушыдан келер рухани нұрға 
телитіні  бар.  Мұндай  ойды  Жүсіп  Баласағұн  да  айтқан [4]. Мəселе  Абай  айтатын  кəсіби  жолмен 
табылатын ақыл туралы емес, ақылды болу мүмкіндігі, яғни потенциалды, жибили ақылда болып отыр. 
Адамнан  өзге  тіршілік  иелері  қанша  тырысса  да,  кəсіби  жолмен  ақылды  бола  алмайды. Ақылды  болу 
қабілеті тек қана адамға бұйырған. Шəкəрім ақын рухты жаннан бөлек санап, оны ақыл деп біледі.  
 
«Рух» – деген сөзді жан дейді, 
Осыдан жаман əуре жоқ. 
Рух деген дінсіз таза ақыл, 
Мінсіздің ісі шын мақұл [1. 231]. 
 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», №3(37),2011 г. 
 
72
 
Алғашқы  ақыл  иесі  Алланың  демі, рухымен  Адам ата  атымен  пайда  болды. Адам  ата  жай  ғана 
жан  иесі  емес,  ақыл  иесі.  Əйтпесе  жан  жануар  мен  өсімдікте  де  бар.  Осы  орайда  Шəкəрім  сөзіне 
сенгеніміз жөн. Тəн, нəпсі өзге жан иелерінде де бар, ал ақыл адамға ғана тəн. Рухын жоғалтқан адам 
болса  а, жансыз адам болмайды. Яғни ақылсыз құр жан иелері өмірде көп-ақ. 
д
 
Нəпсі дер рухсыз жандарды, 
Мейлі адам, мейлі аңдарды [1. 232]. 
 
Ақын  бір  өлеңінде  ақылды  жарық  нұрға  теңейді.  Шынында  да  адам  болмысын  ақыл  ғана  ой-
саналы,  адамгершілікті  етеді,  яғни  жарық  қылады.  Ал  ойсыз,  қайырымсыз  адамды  надан,  бейнелеп 
айтқанда қараңғы деуге келеді. 
 
Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр, 
С
 
ол нұрды тəн қамы үшін жан жұмсап жүр [1. 155]. 
Жан тəн мен ақылға тірілік қабілетін дарытады. Жан тəнге тəуелді, себебі жан тəн көмегінсіз əрі 
оны баспана етпей жүре алмайды. Жан ой бастауы - ақылсыз да адам жаны бола алмайды, себебі ақын 
айтқандай, жан ақылды тəн қамы үшін ғана емес, оны өзіндегі қайырымдылықтарды, өзі аңсаған жақсы 
хəлді  сақтау  үшін  де  қажет  етеді.  Жан  жағдайы  өте  қиын.  Мұны  Абайдың  жүрек  жағдайы  арқылы 
айтатыны бар [5]. Ал Шəкəрім бұл ойды жанмен байланыстыра айтып, нақтылай түседі. 
 
Жан тыныштық таппайды тəн қамын жеп, 
Т
 
əн бұзылса, тұрағым бұзылар деп... [1. 155]. 
Жан  Ақыл  секілді  əлемнен  тыс  тұрған,  тəуелсіз,  бекзат  болмыс  емес,  Ақылдың  тəнмен  тікелей 
байланысы жоқ. Ақын айтқандай, ақыл тəнге емес, жанға біршама байлаулы. 
 
Ж
 
ан тəнге, ақыл жанға матаулы тұр [1. 155]. 
Осылайша ақылдың Абай жазғандай, суық атанатыны бар. Шəкəрімнің де Ақылды ноқтасыз, сау, 
таза болса екен деп армандауы тегін емес. Адам болмысына ақын айтқан мына жағдай тəн. 
 
Адамның таза ақылы жанды қимай, 
А
 
малсыз қиянатқа о да көнбек! [1. 136]. 
Ақыл қаншалық асыл, артық, бекзат болмыс болса да, оны жұмсаушы, тұтынушы – жан. Жан өз 
деңгейінде-ақ біршама танып біледі, себебі  оның өзінде ойлау қуаты бар, ал одан əрі ақылды тұтынар 
болса, онда өз иесін тіпті танымал, данышпан етуге жарайды. Қандай болғанда да адам болмысындағы 
жан,  жан  қуатына  көп  нəрсе  байланысты,  тəуелді  болған  соң,  Шəкəрім  ақын  мынадай  түйін  жасаған 
екен. 
 
Тəн – терезе, қарайтын жан – иесі, 
Ж
 
аннан шығар ақыл мен ойдың шыны [1. 139]. 
Ақыл – таным, даналық шыңы десек, таным басы – жан қарауындағы бес сезім мүшесі. Ақылға 
жеткенге  дейін  де  жанда  талай  қуат  бар,  олар – бес  сезім  мүшесінің  түйсінуінен  туған  мəліметті 
қабылдау, оны есте сақтау, одан естегіні пайдаланып қиялдау, ең биігі – ойлау болып Ақылға жақындай 
береді.  Ақылға  дейінгі  аталған  жан  қуаттарының  өзі-ақ  адамды  əжептəуір  абыройлы  етеді.  Олай 
дейтініміз  əр  адамның  ойлы,  дана,  кемеңгер  болып  кетпей-ақ  өз  қауымы  ішінде  тəрбиелі,  əдепті, 
көргенді, қайырымды болып жүруі – осы жан деңгейіндегі хəл мен жағдайдың көрінісі. Себебі бұрынғы 
ойшылдар  жазғандай,  этикалық  қайырымдылықтар  жан  деңгейінде  қалыптасады.  Сөйтіп  Ақыл  атты 
асыл, бекзат қазына, байлықты тұтынушы, пайдаланушы – жан. 
Білуге құмарлық, ойлауға құштарлық – жан əрекеті. Ой мен білім жан азығы ғана емес, ақылдың 
да қажеті. Ақын жазғандай,  «ой – ақылдың шолғыншысы». Ақын ақылдың білу, ойлау, ғылым, жалпы 
ізденіспен байланысы жайында жиі жазады. 
 
Ақылды киім бермес, ғылым берер, 
Ғылымын ал, өнерін ал, мұны таста [1. 180]. 
Жас баланы ұрғанмен шырылдатып, 
О
 
йы толмай тұрғанда ақылы өнбес [1. 181]. 
А
 
қын ой, ойқұмарлық, ізденіс барда, бəрі де ақыл тұтқыны, ақыл меншігі дегенді айтады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №3(37), 2011 ж. 
 
73 
Кезсе ойым барша, барлық – 
Ақылымның тұтқыны... [1. 204]. 
Ақылға еркін ой керек, 
Матаудан ойды азат қыл... [1. 251]. 
Білімсіз, өнерсіз, 
Болады ақыл тұл [1. 267]. 
 
Сөйтіп жан қуатымен ойлау арқылы білім, таным табылып, ақыл толысады екен.  Ындын, талап, 
жан қуаты, ойлау мен ақыл арасында осындай байланыс бар. 
Ақын өлеңдеріндегі ақыл туралы танымның тағы бір қыры – ақылдың бəріне де таразы болатын 
қасиеті.  Ақылсыз  кісінің  адам  атанып  жүруі  қиын.  Адам  болудың  серті  мен  шарты – Ақылын 
пайдаланып ақиқатты тану. Ақылдың таразы болуы ақиқатты танумен айқындалады. Ақиқатты тану – 
«шын ану», «анық шын». Ақын жазғандай, «шын  нану – ақылымен қабылдауы» [1. 203].  
 н
 
Ақ, хақ, хақиқат, шынды табушы – ақыл. 
Таза ақыл ақты барлайды, 
Дəлелсіз сөзді алмайды [1. 233]. 
 
Ақын өлеңдеріндегі «Жар» ұғымы хақиқатты, Жаратушыны білдіреді. Жар – Жаратушы – түпкі 
ақиқат Осы түпкі ақиқатқа жеткізуші де – ақыл. 

 
Ақылыңа ұстат қол, 
Тура апарар сені сол. 
Жардың жолы қиын жол: 
Шытырман тоғай, қалың ну! [1. 238]. 
 
А
 
қылдың таразы екені оның бəріне де сыншы болуымен байқалады. 
Əділ жүрек, таза ақыл мақтайтұғын, 
Солар сөкпес іс қылар жолды көксе!.. 
Ақылыңа сынатып ойла, жаным [1. 65]. 
Жүректің таразысын жойма, жаным [1. 66]. 
Ақылмен сыналмаған іс бұлдырлау... 
Тетігі – таза ақылмен өлшеп сынау [1. 199]. 
Ақылдың көзін байлама... 
Ақылға сынат əр істі [1. 229]. 
Ақылға сынат, сабыр қыл [1. 251]. 
 
Бəрін  де  ақылға  сынатып,  ақылды  темірқазық,  құбыла  етуді  ақын  Алла  сөзімен  де  бекітіп 
растайды: 
 
Ақылыңа сынат деп дəлел айтқан 
Құраннан табылады талай аят [1. 263]. 
 
Адам  ойы  мен  өміріне,  адамгершілігі  мен  əрбір  ісіне  ақылдың  сыншы  əрі  ақиқатты  танытушы 
болатынын  біз  ақын  өлеңдеріне  сүйене  отырып  түйіндедік.  Осы  арада  ақылдың  əрбір  істе  адам  үшін 
басшы болар сипатын да атап кеткен жөн. Себебі бұған дəлел болар ойлар ақын өлеңдерінде біршама 
ұшырасады. 
 
Олай қылмай, билесе бəрін ақыл... 
Адамды сонда адам деген мақұл [1. 156]. 
Бұзық адамдарды ақ жолға салуға,  
Қиянатты көрге жабуға, 
Мен ақыл менен ойды жұмсаушы ем, 
Талай қиын істі табуға [1. 223]. 
Пайғамбар қыл ақылды! 
Сол табады мақұлды [1. 249]. 
 
Ақынның ақылды Алланың нұры мен рухына балап жазғанын жоғарыда жазған едік. Мұның ар 
жағында ақыл Жаратушыдан деген ұғымда байқалып қалады. Сонда Жаратушының өзі зор Ақыл иесі 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», №3(37),2011 г. 
 
74
 
екені  танылады.  Ақын  «Үш  анығында»  Жаратушыны  зор  ақыл  мен  құдірет  иесі  деп  жазады [6]. Біз 
Жаратушыны  тани  алмаймыз.  Тек  Абай  айтқандай,  Саниғын  сұңғатына  қарап  білеміз [7], яғни  Иесін 
оның  өзі  жаратқан  туындысына  қарап  біршама  тани  аламыз.  Əлем  мен  адам – барлық  байланыс, 
болмысымен зор Ақылдың нəтижесі мен жемісі. 
 
Осы əлемде барша барлық – 
Жанды ақылдың табысы [1. 205]. 
Құбылған əлем жарысы 
Ақылды жанның табысы! 
Басында-ақ онда ақыл мол, 
Мақсатты ретпен əр ісі 
Тереңнен ойла аңғар да... 
Теп-тегіс қара денеге, 
Ойламай-ақ қой өзгені 
Мақсатсыз біткен тəн бар ма? 
Ойлы адамсың ғой сен де 
Бар ма мақсатсыз тəртібі жоқ нəрсе əлемде? [1. 229]. 
 
Адамзаттың  өздігінен  жасайтын  су  жаңа  жаңалығы  болмайды.  Ғылым  да  Абай  айтқандай, 
жаңадан,  жоқтан  жасалмайды [7]. Адамзат  ойы  мен  əрекетінің  ең  биігі – даналық  пен  ақиқатты  тану 
десек,  оның  өзі  Жаратушының  зор  туындысын  шет-жағалап  қана  білу.  Адамзат  даналыққа  осылайша 
Жарат шыны бетке алып, Оның жаратқан туындысына таң қалып жүріп жетеді. 
у
 
Жаралыстан ғибрат алсаң, 
Болар едің ойқұмар [1. 265]. 
 
Шəкəрім  ақыннан  ой  артылмаған.  Адамзат  тарихындағы  түрлі  таным  төркіндерінің  көбісімен 
таныс болғаны байқалады. Адамның білгені бір тоғыз, білмегені тоқсан тоғыз деген сөз соншалық рас 
болса  керек.  Ақын  мұны  да  ескерген.  Біз  Алланың  құдіреті  мен  білімін  өлшеулі  ақылымыз  жеткен 
жеріне дейін ғана білеміз. Алла өз пенделеріне несібесін шашып қойған деген ой – діннің ғана сөзі емес, 
ғылым таныған ақиқат та солай. Алла əлемдегі бəрінің де қамын жеп, жағдайын жасап қойған. Мұны 
байқарға ақыл, ой көзі керек. Алланың ақылы мен құдіретінде, жомарттығында шек жоқ. 
 
Нұрыңды түгел жасырсаң, 
Жаралыс кебін киеді. 
Өлшемей шектен асырсаң, 
Көз шағылып күйеді. 
Өлшеп жібер нұрыңды, 
Білсін асық түріңді. 
Бір-бірлеп аш сырыңды, 
Соныңды көңілің сүйеді [1. 247]. 
 
Əлемді адам жаратқан жоқ, адамның өзі де өз-өзінен пайда болған десек ақиқаттан алыстаймыз. 
Соншалық  адам  ақылы  жетпес  зор  ақыл  мен  құдіреттің  жемісі – əлем  мен  адам  кездейсоқ  өз-өзінен 
пайда  болған  деу  ақын  айтқандай,  сау  ақылға  симайды.  Бұл  мəселе  адамзат  даналарын  талай  мың 
жылдар мазалап, толғантып келеді [8. 15; 9. 54-55].  Сол толғанушы ойшылдардың шағын ғана тобынан 
Шəкəрім ақынды да көруге болады. Сөйтіп ақын əлем мен адамды – ақыл табысы мен жемісі деп біледі. 
Ал өлшеусіз ақыл иесі – Жаратушы, Алла. 
Шəкəрім ақын ұлы Абайдың жақын туысы ғана емес, ең сенімді рухани шəкірті де. Оның ұстазы 
танымына түйісіп қалатын тұсы да көп. Анығы Шəкəрім ақын - Абайдың адамгершілік ілімі мен таным 
жолын жалғаушы. Абайдағы толық адам танымы өзіндік ерекшелігімен Шəкəрім ақында да ұшырасады. 
Екеуі де толықтыққа жеткізер қасиеттер қатарында ақылды атайды. Абайдың нұрлы ақылын Шəкəрім 
ақын таза ақыл деп қолданады. 
 
Адал еңбекақ жүрек берер шешіп, 
Таза ақыл қосылса, 
Əлемнің таласын [1. 186]. 
Ақ жүрек пен таза ақыл, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №3(37), 2011 ж. 
 
75 
Қылсаң адал еңбек, – 
Бəрінен де сол мақұл – 
Артқыға жол бермек. 
Арсыздардың түкке тұрмай 
Арам ойы жойылып, 
Аяғында хақиқатты 
Бұл үшеуі жеңбек. 
Сен бола гөр аққа хақ, 
Болам десең адам. 
Адал еңбек берер бақ, 
Бассаң соған қадам. 
Айнымайтын ақ жүрек пен 
Таза ақылды адамның 
Таппасы жоқ бұл өмірде, 
Осынымды ұқ, балам! [1. 270] 
 
Абай Шəкəрім ақынның адал еңбегін ыстық қайрат, ақ жүрегін жылы жүрек, таза ақылын  нұрлы 
ақыл деп атайтын [5.198]. 
Аристотель  де,  əл-Фараби  де  жан  деңгейіне  орнығатын  қайырымдылықтарды  ақыл  анықтап, 
олардың шеткі екі кемшілікке ауып кетпеуін тағы да ақыл қадағалайтынын жазған болатын. Шəкəрім 
ақын да ақылы бар адам ғана қайырымдылықтарды, яғни ынсап пен арды сақтай алатынын жазады: 
 
Ақылды сол – ынсап пен арды сақтайды, 
Арсыз сол – арамдықпен жан сақтайды [1. 36]. 
 
Ақылдың  ізгі  қасиеттерге  күзетші,  қамқоршы  болатынын  Абай  да  айтқан.  Демек  қайырымды-
лықтардың ақыл арқылы сақталуы – ақиқат. 
Ақыл – адамда ғана бар басты ерекшелік, рухани құндылық. Абай өзге тіршілік иелерін жан иесі 
десе, адамды  олардан бөле қарап ақыл иесі деп атаған [7]. Себебі жаны барлар қатарындағы адамда ғана 
ақыл  бар  əрі  ол  ақылымен  ғана  адам  атанады.  Шəкəрім  ақын  ақылдың  осы  қырын  да  назардан  тыс 
қалдырмаған. 
 
Ең басқы зат: жаны бар, ақылды зат [1. 139]. 
Адамның сыртқы дене жаралысы, 
Нəпсісі айуанмен анық теңдес. 
Бөлектігі - жалғыз-ақ таза ақылда,  
Əлің келсе, жол тап та осыны емдес! [1. 181] 
 
Шынында  да  ақынның  өзге  бір  өлеңінде  жазғанындай, «ақылға  билетпеген  пенде  айуан»                
[1. 263]. 
Шəкəрім  ақын  ақылды  өз  өлеңдерінде  анық  ақыл,  шын  ақыл,  азат  ақыл,  ноқтасыз  ақыл, 
еркін ақыл, сау ақыл, таза ақыл деп əртүрлі атайды. Сөйтсе де ақын бүйрегі таза ақыл мен сау ақылға 
көбірек  бұратынын  байқаймыз.  Ақын  таза  ақылдың  ақиқатты  танудағы  артықша  алғырлығын  əр-əр 
тұста  иі айтады. Мысалы, таза ақылға қатысты ақын ойы мынадай: 
ж
 
Таза ақылды жүйрігім [1. 131]. 
Дəлелсіз сөз – соққан жел, ұшқан тозаң, 
Таза ақылдың алдында жоқ қой құны [1. 139]. 
Тетігі – таза ақылмен өлшеп сынау! [1. 199] 
Шын таза ақылдың таппас заты жоқ [1. 226]. 
 
Ақын таза ақылдың мықты жүйрік, таным тұлпары екенін жалпы ақиқат, нəпсіге ғана емес, дінге 
де  қатысты  айтады.  М.Əуезов  Абай  дінін – адамгершіліктің  жəне  сыншыл  ақылдың  шартты  діні  десе 
[10], Шəкəрім дінін ұждан мен таза ақылдың діні десек болар. Біз бұл түйінімізді айрықша қадап, бекітіп 
айтамыз. 
 
Таза ақылмен таппаған дін 
Шын дін емес - жындылық [1. 204]. 
 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», №3(37),2011 г. 
 
76
 
Біз бұл арада ақынның дін туралы танымын сөз етпейміз, ол бөлек əңгіме. 
Шəкəрім  ақын адам баласының періште емес, ақыл мен тəннен тұратын қоспа екенін, таза, сау, 
анық ақыл өзінің тəнді иесін Тəңірге қарай қанша тартқанмен, тіріде адам ақылының жаннан, ал жаны 
тəннен қол үзіп кете алмайтынын біледі. Сондықтан ақынның ақылды  əртүрлі атап, оны таза, сау, анық, 
шын, ерікті ақыл деп биіктетпек болғаны шартты нəрсе. Адамзаттың қоспа болмысында ақыл ешқашан 
да Жаратушынікіндей өлшеусіз, кемшіліксіз бола алмайды. Себебі 
 
Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен 
Жан тəнге, ақыл жанға матаулы тұр [1. 155]. 
 
С
 
ондықтан да Шəкəрім ақынның мына түйінін ақиқат демеске лаж жоқ: 
Адамның таза ақылы жанды қимай, 
Амалсыз қиянатқа о да көнбек. 
Сөйтіп ақыл бере алмай адал көмек,  
Зұлымдықпен адамды адам жемек. 
Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – 
Осы болар таза ақыл өлді демек [1. 156]. 
 
Адамзат  тəні  топырақтан,  рухы – ақылы  Жаратушыдан  жеткен  болмыс  десек,  осы  адам 
баласының басым бөлігі көбіне тəн қамымен жүріп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар санаулы тобы ғана 
ақылды, қайырымды бола алады. Себебі тəн тілегі тəтті, ақыл жолы ауыр, азапты келеді. Адам болу мен 
өмірінше адам болып қалудың қиындығын əр заман ақылдылары айтып кеткен. ХІ ғасыр данышпаны 
Ж.Баласағұн: 
 
Адамдарды емес, адамдықты аңсаймын, 
Кісілерді емес, кісілікті қимаймын [4. 167] – 
 
десе, Абай: 
Атымды адам қойған соң, 
Қайтіп надан болайын? [4. 168] – 
 
деп  адамдығынан  ажырағысы  келмеген.  Ал  қазіргі  заман  ақыны  Қ.Мырзалиев  адам  болып  туу  əлі  де 
дам болып қалу емес екенін тапқыр түйіндеген. 
а
 
Адам боп оңай туғанмен, 
Адам боп қалу көп қиын!  
 
Тəн жəне құмар мен нəпсіге тəуелді адам баласына үнемі ақыл жолынан айнымай жүру өте қиын. 
Сөйтсе де Шəкəрім ақын жазғандай ақыл жолынан айнымау – адам болу мен адамдықтың шарты. 

 
Олай қылмай, билесе бəрін ақыл, 
Еш қиянат қылмаса зорлық, тақыл. 
Таза еңбекпен тағдырдан пайдаланса, 
Адамды сонда адам деген мақұл [1. 156].
 
 
Біздіңше, ақын өлеңдерінде қолданыс тапқан анық, шын ақыл - таза ақылдың  синонимі секілді. 
Ақылдың да тізе бүгіп, жеңіліс табатынын, оның да ала алмайтын асуы барын болжаған, білген ақын 
ақылға  əртүрлі  əйбат  ат  беріп,  оны,  яғни  ақылды  қамшылай  түскен  секілді.  Адам  ақылы  өлшеулі 
болатынын Абай ақын айтып қойған. Ал Шəкəрім ақын анық, шын ақыл туралы былай дейді: 
 
Босқа күлген күлкіні күйлемелік! 
Шын ақылға мойынды бұрысалық! [1. 35] 
Шын таза ақылдың таппас заты жоқ, 
Ол қасиетін жойма [1. 226]. 
Анық ақыл адымын аштырмайды, 
Еш нəрсе одан құтылмас жетпей қалып [1. 128]. 
 
Азат,  еркін,  ноқтасыз  ақылдар  да  бір-бірімен  төркіндес  əрі  алдыңғы  аталған  ақыл  түрлерімен 
мағыналас, мазмұндас. 
 
Азат ақыл ойланбай мида жатса, 
Шіріп, тозып тартқызар ол бір зарлық [1. 149]. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №3(37), 2011 ж. 
 
77 
Еркін ақыл тіпті адаспас, 
К
 
езсе кірсіз жарқырап [1. 206]. 
Біз  талдап-таныған  ақыл  сипатының  адамгершілік  іліміне  қатысы  мол.  Өзгесін  былай  қойғанда, 
Аристотель  жүйесі  бойынша  айтар  болсақ,  ақылдылық  та - қайырымдылық,  яғни    дианоэтикалық 
қайырымдылық [11]. Екіншіден,  ақыл  өзге  этикалық  қайырымдылықтарды  анықтап,  сақтаушы. 
Үшіншіден, ақыл адам болмысы мен өмірінің асыл мұраты - ақиқатты тануға  басшы дер едік. 
 
1.
 
Құдайбердиев Ш. Шығармалары /Құраст.: М.Жармұхамедов, С.Дəуітов. – Алматы:Жазушы, 1988.  
2.
 
Мырзахметов М. Мұхтар Əуезов жəне Абайтану проблемалары. – Алматы: Ғылым, 1982.  
3.
 
Плотин. Эннеады. От редактора HTML – версии. - К.:«УЦИММ-ПРЕСС», 1995-1996; К.:PSYLIB, 
2003.  
4.
 
Баласағұни Й. Құтадғу білік: Құт əкелетін білім. – Түркістан: «Тұран», 2004.  
5.
 
Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-том. – Алматы:Жазушы, 1986.  
6.
 
Құдайбердіұлы  Ш.  Үш  анық. – Алматы:«Қазақстан»  жəне  «Ғақлия»  ғылыми-əдеби  орталығы, 
1991.  
7.
 
Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. 2-том. – Алматы:Жазушы, 1986.  
8.
 
Наумкин  В.В.  Учение  о  «Касб»  в  произведении  Газали  «Ихиа»  Улюм  Ад-Дин // Классическая 
литература Востока. - М., 1972.  
9.
 
Исматов Б. Пантеистическая философская традиция в персидско-таджикской поэзии ІХ-ХҮ вв. – 
Душанбе, 1986. 
10.
 
Əуезов М. Шығармалар жинағы. 20- том. – Алматы:Жазушы, 1985.  
11.
 
Аристотель.  Никомахова  этика.  Перевод: (С)  Нина  Брагинская  (
satis@glasnet.ru
).  Философы 
Греции. ЗАО Издательство «ЭКСМО ПРЕСС». - М., 1997.  
 
Резюме  
В статье рассматриваются разные виды качества Разума в лирических произведениях Шакарима.  
 
Summary 
Different kinds of Mind qualities in Shakarim’s lyrical works are considered in this article. 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет