Лингвистика педагогическая инноватика в языковой подготовке будущих учителей-предметников


Ж.БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата10.02.2017
өлшемі2,91 Mb.
#3810
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Ж.БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ  ТҮБІРЛЕРДІҢ 
СЕМАНТИКАЛЫҚ-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Е.С.Қоспағарова
 - 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың магистранты 
 
«Құтты  Білік»  ескерткіші  тіліндегі  түбірлерді  қазақ  тілімен  салыстыра  отырып,  қазіргі  тіл 
тұрғысынан  көнергендеріне,  тіпті  кейбіреулері  ескіріп,  тілімізден  шығып  қалғандарына  жəне  қаргі 
тілімізде мағыналық өзгерістерге ұшырай отырып жеткен түбірлер де бар екеніне көз жеткіздік. Кейбір 
түбірлер дами отырып қазақ тілі лексикасынан да  көнерген түбір ретінде орын алса, ал енді біреулері 
сөздік қордан  мүлдем шығып қалған. Ескерткіш тіліндегі түбірлер тілдің даму барысында  қазіргі түркі 
тілдерінде  əр  түрлі  сипатта  қалыптасқан.  Бұл  тарихи  түбірлердің  ішінде  қолданыста  болғанымен, 
бұрынғы  тіркесімділік  қабілетін  жойып  алғандары  немесе  дыбыстық  өзгеріске  ұшырағандықтан, 
мағынасы өзгермегенімен, сыртқы фонетикалық тұрпаты көнергендері, сол сияқты  қазақ тілінде көне 
түркілік  сыртқы  дыбыстық  тұрпаты  сақталғанымен,  мағынасы  сəйкес  келмейтіндері  де  кездеседі. 
Сонымен бірге өлі жұрнақтар жалғанып, бір бүтін тілдік бірлікке айналған түбірлер де, керісінше, өлі 
түбірге  тірі  жұрнақ  жалған  түбірлер  де  бар.  Ескерткіш  тілінің  сөздік  қорын  зерттеу  барысында 
лексикалық мағынасы əбден көмескіленген, этимологиясын тұспалдауға болатын түбірлер де кездеседі. 
Қазақ тілі лексикасынан мүлдем шығып қалған түбірлер қазақ тілінің сөздік құрамынан ғана емес, бүкіл 
түркі тілдерінің сөздік құрамынан шығып қалғандары да; қазақ тілінде ұшыраспағанымен, қазіргі түркі 
тілдерінің  белгілі  бір  тобында  сақталып  қалған  түбірлер  де  бар.  Сондықтан  ескерткіш  тілі  мен  қазіргі 
қазақ  тілін  салыстыру  арқылы  қазіргі  тілдерде  қалыптасқан  əрбір түбір  өзіне  тəн  даму мен  қалыптасу 
жолдарын өткеніне көз жеткіздік. Жұмыссызда солардың кейбіріне тоқтап, талдасақ: 
Сөздік  қорымызда  құтты,  құтсыз,  құтаю,  құтпан,  құтекей,  құтты,  құтықта,  құттылық, 
құтхана,  құты  қашты,  құтты  болсын,  құтты  жеріне  (орнына)  қондыру,  құтты  қонақ  болу,  құт-
береке  деген  лексикалық  бірліктер  бар. «Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде»  мынандай  мағыналары 
берілген: 
ҚҰТАЮ тұрақтану, орнығу. 
ҚҰТ-БЕРЕКЕ байлық, берек, ырыс: құт-береке дарыды. 
ҚҰТТЫКЕЙ құты қонған адам (жер). 
ҚҰТПАН құт-береке, ырыс, құт: құтпан айғыр – құтты айғыр, байлық басы. 
ҚҰТСЫЗ құты жоқ, жолы ауыр, қырсық. 
ҚҰТТЫ құт қонған, берекелі. 
ҚҰТТЫҚТА біреуге құтты болсын айту. 
ҚҰТХАНА құтты үй, игілікті мекенжай [68, 549 б.]. 
Қазіргі  түркі  халықтары  тілінде  құт  (qut)  лексемасының  жалпы  семантикасы  бір-бірінен  алшақ 
кетпейді:  тува  тілінде    Kuwt    жан,  өмір  беруші  күш»,  алтай  тілінде  kuwt  «өмірлік  күш-қуат  мағына-
сындағы  жан; ұрпақ, бақыт  сайлаушы  рух»; хак. xuwt  «тірі  адамның  жаны» ( ДТС, 253); Құтты ұстап 
алған адамға бақыт əкеледі (оны тек жақсы, таза, адал адам ғана ұстай алады, жаман адамның қолында 
нəжіске айналып кетеді)»;  «адам мен малдың қорғаушысы»;  тат., қалп., құм., башқ. Тiлдерiнде де qut 
лексемасы    «отбасына,  жеке  адамға  береке-бақыт  əкелетiн  кие»  мəнiнде  жұмсалады,  көне  түркі  тілі 
сөздігінде qut «счастье», «благо», «удача», «успех», «счастливый удел» (ДТС, 471). Құт ұғымының ұшу 
мүмкiндiгi  qut  мифонимiн  qus  сөзiмен  байланыстыруға  жетелейдi.  Халық  танымында  қайтыс  болған 
адамның жаны qut болып ұшып кетедi деген ұғымның қалыптасуы да осыған саяды. qut, qus сөздерiнiң 
iлкi түбiрi «ұшу, ұшу қабiлетi бар» семаларын сақтаған *qu тұлғасы болуы мүмкiн, -t, -s форманттары  
даралаушы семалардың мəнiн сақтаған.  
Танымдық-тағылымдық  терең  мəн-мағынаны  бойына  сіңірген  тарихи  ҚҰТ  сөзі  қазіргі  қазақ 
тілінің түптамырын ХІІ ғасырға алып баратын бір ғана тілдік бірлік. Ал «Кутадғу билиг» дастанында, 
жалпы орта ғасыр жазба ескерткішінде қазақ тілінің тарихи тамырын тереңдете түсетін қаншама тілдік 
бірліктер  жаңа  уақыт  кеңістігінде  жан-жақты  зерттеулерді  күтіп  тұр.  Тілдің  əрі  өзгермелік,  əрі 
тұрақтылық  қасиетін  сақтап  қалған  сөздік  қорымыздағы  байырғы  түбірлер,  тарихи  тілдік  бірліктер – 
даму жолында көп өзгерістерге ұшыраса да көне тілдік элементтерді бойына сіңіре сақтай жүрген баба 
тілдің асыл қазыналары.  
ТОН түбірі иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім мағынасында 
қолданылады. Сонымен қатар ерлердің сырт киіміне байланысты жалпы атау ретінде де жұмсалады. 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», №3(37),2011 г. 
 
38
 
Ескерткіш тілінде тон «киім-кешек» мағынасында жұмсалған: йəма айту турса ерат халыдин Ачы hам 
тоқы йа тонын опрақын ҚБ 191 (Жəне жауынгерлердің хал-жағдайын сұрап тұру қажет аш па, əлде тоқ 
па,  киімі  жаңа  ма,  əлде  тозған  ба?).  Осы  сөзге  -шы  жұрнағы  жалғанғанда  киім  тігуші  деген  мағына 
береді.  Ағычы  битигчи  йа  иш  тутғучи  йа  тончы  етүкчи  ҚБ 186 (Қазынашы,  көшіруші,  немесе  іс 
жүргізуші,  немесе  киім  тігуші,  етікші). «Киім-кешек»  ұғымын  берген  бұрынғы  тон  сөзінің  мағынасы 
тарылғандықтан, біздің заманымызда тоншы туынды сөзі қолданыстан шыққан, ал жалпы киім атауын 
беретін мағынасы тарылған. 
ҚАДАШ: Адаш едгү болса бу болды қадаш ҚБ 183 (Туысың жоқ болса, дос іздеп тап Досың ізгі 
болса,  туыс  бола  алады).  Қандас  шығу  тегі  бір,  бауырлас [71, 5 б.].  Көне  түркі  жазба  ескерткіштері 
тілінде  кездесетін  өнімсіз  -даш  жұрнағы  түбірлерге  қосылып,  сол  жалғанған  түбірлердің  нақты 
мағыналарына  сəйкес  туысқандықты,  жақындықты,  ниеттестікті,  сондай-ақ  əлеуметтік  тұрмыс 
жағдайдарының ортақтығын білдіретін түбірлер жасайды [72, 22 б.]. Қазақ тіліндегі -дас (-дес, -тас, -тес) 
осы  жұрнақпен  тектес.  Қа  түбірі  мен  қан  (дененің  барлық  клеткаларына  қорек  беріп  тұратын, 
тамырларды  қуалап  ағатын  қызыл  сұйық  зат)  түбірін  өзара  салыстырсақ,  ескерткіштер  тілінде  н 
үндісінің  түсіріліп  айтылғанын  байқау  қиын  емес.  Сөз  соңындағы  н  дауыссызын  үнемдеу – оғыз 
тілдеріне тəн заңдылық. Демек, н элизияға ұшыраған: қа ~ қанҚадаш ~ қандас мағыналық жағынан 
алғанда  «қаны  бір»  деген  тура  мағына  береді.  Осыдан  «бірге  туған  туыс,  бауыр,  шығу  тегі  бір, 
бауырлас» деген ауыспалы мағыналар өрбіген.  
УҚУҒ ақыл, пайым, ұғым, түсінік мағынасында жұмсалған туынды түбір. Төрүтти өзүрди сечү 
йаңлуқуғ Аңар берди ердам билиг өг уқуғ ҚБ 23 (Əлсіз адамды жаратты, айрықша тəрбиеледі. Оған өнер, 
білім, ой, ұғым берді) Қазіргі қазақ тілінде түсіну, санаға тоқу, жадында сақтау мағынасын беру үшін 
ұқ  етістігі  қолданылады.  Ескерткіш  тілінде  ұқ  етістігіне  көне  -уғ  жұрнағы  жалғанып, «ақыл,  пайым, 
ұғым, түсінік» деген мағына берген. Көне -уғ жұрнағының қазақ тіліндегі сарқыншағы – у қазір қимыл 
есімін  жасайды.  Ол  арқылы  туындаған  ұғу  атауы  «түсінісу,  пайымдау,  ойға  тоқу»  мағынасында 
жұмсалады. 
ТУТУҒ. Кепіл, кепілдік, тұтқын. Өлүгли киши барча өдкə тутуғ ҚБ 54 (Өлім үшін жаратылған 
адамдардың барлығы – тағдыр тұтқыны). Қылычлығ күр ер көр күмүшка тутуғ ҚБ 175 (Байқайсың ба, 
қылышпен қаруланған жаужүрек ер, күміске тұтқын). ТұтБір нəрсені қолмен ұстау; бір нəрсені ұстап 
алу, қолға түсіру, жібермей қалу, ауыс. Мағынада жадында тұту сақтау мағынасында жұмсалады. Көне -
уғ жұрнағы етістіктен етістік жасайды. Тутуғ лексикаланып, түбірге айналған. Түбірі тірі, жұрнағы өлі 
осы сөзге есімнің -ын жұрнағы үстемеленіп қосылғанда осы заманғы əдеби тілдегі сөзді жасайды.  
ТҰТҚЫН.  Бас  еркінен  айрылып,  қолға  түскен  адам,  бір  нəрсенің  шырмауында  қалған  пенде. 
Көне түркілік тутуғ пен осы заманғы тұтқын семантикасы жағынан жуық. Өлі жұрнаққа тірі жұрнақ 
қосылып  күрделенгенде  ғана  -(у) қ + ын  – бұрынғы  мағына  жаңғырған. Бұл  етістік те лексикаланып, 
түбірге айналған. 
ЕВЧИ. Əйел, жұбай, зайып, үй иесі. Болма евчи құлы ҚБ 324 (Əйелдің құлы болма). Ев. Үй, киіз 
үй, тұрғын үй. Евиңка йавутма ушақшы кишиг ҚБ 54 (Үйіңе өсекші кісіні жуытпа). Ев тұлғасы қазақ 
тілінде жоқ, бірақ оғыз тобындағы тілдерде сақталып қалған. Бұл сөздің жоғарыдағы мағынасы əуелде 
«үйге, отауға иелік етуші əйел» деген ұғым-түсініктен туындауы мүмкін. Сол сияқты ескерткіш тілінде 
қарт  адам,  ер  адам  мағынасында  жұмсалатын  авуч  сөзі  де  осы  архи  түбірдің  бір  корелляты  ретінде 
дамып, кейінгі кезеңдерде, айталық орта ғасырларда түбір ретінде қалыптасуы мүмкін.  
УЧУЗЛУҚ. 1. Жек  көрінушілік,  кемсітушілік.  Ағырлық  учузлуқ  байаттын  турур  ҚБ 107 
(Құрметтеу  де,  жек  көрушілік  те  құдайдан). 2.  Арзандық  ДТС 605  Учуз  1.  Титтей,  түкке  де 
тұрмайтын. Тақы ағырлығ болғай мен тақы учуз болғай мен (ДТС 604). (Бір жағынан құрметтімін, бір 
жағынан  түкке  де  тұрмаймын). 2.  Арзан  учуз  нəң  ДТС 604 (Арзан  зат).  Бұл  сөздің  тура  мағынасы – 
«арзан», ауыспалы мағынасы – «титтей, түкке де  тұрмайтын». Бірінен нақты мағыналы түбір жасалса, 
бірінен дерексіз (абстракті) мағыналы түбір жасалған. 
КӨКҮЗ. Кеуде. Ер ат сүм телим теп көкүз кермагил ҚБ 375 (Жауынгерлерім, атты əскерім көп деп 
көкірегіңді  керме). «Қутадғу  билигте»  ғана  емес,  орхон-енисей  ескерткіштері  тілінде, «Оғуз-наме» 
лексикасында – көкүз.  Махмуд Қашғари сөздігі мен «Һибат-ул хақайық» дастанында – көкс. Біздіңше, 
көкүз  формасына  тəуелдік  жалғауы  жалғанғанда  ү  дауыстысы  түсіріліп  айтылады  да,  ұяң  з  бұрыңғы 
қатаң қалпына (с-ке) ауысады. Қазақ тілінде көкірек омырау, тұс, төс. Сөз соңындағы -ек етістіктен 
түбір жасайтын жұрнақ. Сонда түбірі ортағасырлық – көкүз, қазіргі – көкіррз ~ рс дыбыс тіркестерінен 
пайда  болатын  р ~ з,  р ~ с  дыбыс  сəйкестіктері  арқылы  көкүз  бен  көкүр  түбірлері  *көкүрз  түрінде 
қалпына  келеді.  Орта  ғасыр  ескерткіштері  тіліндегі  көкүз  – заттанған  етістік.  Ал  қалпына  келтірілген 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №3(37), 2011 ж. 
 
39 
*көкүрз екі сөздің бірігуінен жасалған: көк+үрз. Үр – ерінді қомақтап «уф» деп ауыздан күшті дем 
шығару, үрлеу. Көк аспан ұғымын береді. Анығырақ айтқанда, бұл сөз «көктегі ауамен дем алатын дене 
мүшесі» екендігін мегзейді. Яғни аталған сөздің пайда болу уəжі – тыныс алу
ҚЫЛЫҚ. Тарихи ескерткіште қылық сөзі кең мағынада да, тар мағынада да қатар қолданылған. 
1.  Мінез-құлық,  əдет-ғұрып  деген  мағынада.  Бу  көрклүг  киши  қылқы  көрклүг  болур  ҚБ 116 (Көрікті 
кісінің мінез-құлқы да көрікті болады); Инанчсыз турур қут көр еврар қылық ҚБ 439 (Бақыт сенімсіз, 
əдет-ғұрпын  өзгертіп  тұрады).  Жанды  заттарға  қатысты  жұмсалатын  сөздер  жансыз  заттарға  қарата 
айтылғанда  ауыспалы  мағына  тудыратыны  белгілі.  Қылық  ескерткіште  жансыз  заттардың  атауымен 
тіркесіп,  негізгі  қасиеті,  мəні,  табиғиғаты  сияқты  қосымша  мағыналарға  ие  болған.  Инанчсыз  ажун 
қылқы ерсал йайығ ҚБ 185 (Дүние табиғаты сенімсіз, тұрақтылық жоқ, өзгеріп тұрады); Киши  көркинга 
ич қылқы еш ол йүзи көрки бирла қылынчы түш ол ҚБ 117 (Адамның сыртқы көркіне ішкі табиғаты 
үйлесіп тұрады, сыртқы көркіңе мінезің сай болсын). Бұл қолданыстар қазіргі қазақ тілінде жоқ. Оның 
есесіне  кейінгі  кезде  ескерткіштерде  кездеспейтін  жағымсыз  мағына  жамалған.  Біреу  тарапынан 
істелген ұнамсыз іс-əрекет деген ұғымда жұмсалады. Бұл сөз тарихи даму барысында бірде мағынасын 
кеңейтіп, бірде мағынасын тарылтып, кейде көне мағынасын жоғалтса, кейде жаңа мағына жамап, сан 
алуан  құбылып  отырған.  Қандай  өзгеріске  түссе  де,  ортақ  семасын  сақтап  қалған.  Мұндай  əр 
тараптылық  əр  сөздің  өз  табиғатынан  келіп  шығады.  Қылық  түбірінен  əрі  кеңею,  əрі  тарылу 
құбылыстары анық байқалады. 
Біздіңше, санамаланған мағыналардың арасында мынадай байланыс бар. Ашық аспан тəріздес түс 
–  көгілдір  түс  (голубой),  енді  көктеп  шыққан  шөптердің,  өсімдіктердің  түсі – жасыл  түс  (синий). 
Өсімдіктердің, шөптердің өздері көктеп шыққан негіздерімен тамырларымен байланысы бар екендігін 
ескерсек,  жасыл  түстің  көк  (тамыр,  көктейтін  дəн)  сөзінен  шыққандығын  тұспалдауға  болады.  Олай 
болса, аспан көк пен жасыл көктің этимологиялық жағынан айырмасы бар. 
Ескерткіш тілінде тура мағынасында қолданылған бір буынды түбір дами келе, бірнеше ауыспалы 
мағынаға ие болып, жан-жақты дамыған.  
Тарихи  даму  барысында  белгілі  бір  тілдің  лексикасындағы  сандаған  сөздер  фонетикалық, 
лексикалық, семантикалық, грамматикалық жағынан əлденеше өгеріске түсіп, вариантталады. Түпкі тегі 
бір  бола  тұрса  да,  ондай  жарыспалы  сөздерде  көне  заман  мен  жаңа  заманның  сипатын  байқататын 
көптеген айырмашылықтар пайда болады. Дегенмен сонымен қатар ескі мен кейінгі кездің арасындағы 
байланысты  аңдататын  кейбір  дыбыстық  элементтер  мен  ортақ  семалар  да  сақталып  қалады.  Осы 
заңдылықтан біздің зерттеуімізге нысан болып отырған «Қутадғу билиг» ескерткіші тіліндегі түбірлер де 
сырт қалмаған.  
 
1.
 
Щербак  А.М.  Грамматический  очерк  языка  тюркских  текстов X-XIII вв.  из  Восточного 
Туркестана. – М.-Л.: Наука, 1961. – 204 с. 
2.
 
Фазылов, Э.И. Староузбекский язык. Хорезмийские памятники ХІV века: В 2-х т. – Ташкент: Фан, 
1971. – Т.2. – 778 с.  
3.
 
Наджип, Э.Н. Тюркоязычный памятник XIV века «Гулистан» Сейфа Сараи и его язык: в 2-х ч. – 
Алма-Ата: Наука, 1975. – Ч. 1. – 210 с. 
4.
 
Кононов, А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников VII-IX вв. – Л.:Наука, 1980. – 
256 с. 
5.
 
Кононов, А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников VII-IX вв. – Л.:Наука, 1980. – 
256 с. 
 
Резюме 
В  этой  статье  расматриваются  семантические  и  морфологические  структуры  тюркских  корней  в         
«Кутти –Билик». 
 
Summary 
 This article is considered the semantic and morphological structure of participle of “Kutty- Bilik”. 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», №3(37),2011 г. 
 
40
 
«АДАМ», «ҚОҒАМ» ЖƏНЕ «ТАБИҒАТ» САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ТҮР-ТҮСТЕР 
 
У.Б.Серикбаева
 - 
Каспий қоғамдық университеті  Тілдер пəндері кафедрасының 
профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты 
 
"Адам" саласына қатысты түр-түстер 
"Адам"      саласына    жататын  тақырыптық  топтар,  академик  Ə.Т.  Қайдардың [2,160] жүйелеуі 
бойынша:  ең  алдымен  кең  көлемде  "Адамзат", "Қазақ  этносы", «Мен  ағзалары», "Ауру-сырқау",  
"Туыстық  жақындық  қатыстар", "Өмір-тіршілік"  деген  ірі-ірі  тақырыптық  топтардан  жəне  соларға 
қатысты  тақырыпшалардан  тұрады.  Мəселен,  "Адам"  ұғымына,  əдетте,  оның  сыртқы  түр-түсі,  сын-
сипаты, дене мүшелері мен ағзалары, зиялы қасиеттері мен мінез-құлқы, адам есімдері, адамға тəн ауру-
сырқаулар,  адам  ішетін  тамақ-тағамдар,  киетін  киім-кешек,  тұратын  орын-жай,  үй  жиһаздары  мен 
тұрмыстық заттар т.б. жатқызылады. Бұлардың біразы нақтылы заттық ұғымдар да, біразы абстрактылы 
ұғымдар. Қандай болғанда да, түр-түс атаулары бұл ұғымдарды білдіруші сөздермен тіркесе келіп, өзінің 
анықтауыштық  функциясын  атқарады  да,  өзінен  кейін  тұратын  анықталушы  атаулардың  мағынасын 
жан-жақты суреттеп, сипаттап, əсірелеп, астарлап, бейнелеп көрсетеді. 
1.  Адамның  жалпы  өзіне  тəн  қасиетіне  байланысты  қолданылатын  "ақ", "қара"  түс 
атаулары:  ақсақал  (ақ+сақал),  ақжолтай  (бақытты,  ылғи  жолы  болатын  адам),  ақсары  (қыз),  қара 
адам, қара халық, қара кемпір, қара торы (жігіт), қара шал, қара тоқал, ақ бəйбіше. 
2. Адамға, оның мүшелері мен ағзаларына қатысы бар "ақ", "қара" түс атаулары: ақ білек, 
ақ жүрек, ақ маңдай, ақ құба, ақ саусақ, ақ сүйек, ақ сары бет, ақ құлақ (ұлты орыс адам), қара көздер 
(түркі тектестер), ақ қас (көп жасаған адам), қара мұрт, қара азу, қара сирақ, қара басы, қара бауыр, 
қара жауырын, қара бет, жүзі қара, қара жүрек, қара қабақ, қара мойын т.б. 
3.  Адамның  зиялы  табиғи  мінез-құлық,  қалып-күй  т.б.  қасиеттеріне  қатысты 
қолданылатын түр-түс атаулары: ақ ниет, ақ пейіл, ақ көңіл, ақ өлім, ақ жарқын, ақ тілек, қара ақыл, 
қара ниет, қара дүрсін, қара көңіл, қара құл, қара өлім, қара пиғыл, қара тілек, қара уайым т.б. 
4.  Адамға  тəн  ауру-сырқауларға  қатысты  қолданылатын  "ақ", "қара"  түс  атаулары:  ақ 
таңдақ (ауру), қара тышқақ, ақ тышқақ, ақауыз (ауру), қара түйнек, қара шешек, қара қотыр т.б. 
5. Адам жейтін тамақ-тағам, сусын-ішімдіктерге қатысты қолданылатын атаулары: ақ нан, 
қара нан, ақ сүт, ақ сорпа, қара азық, қара саба, қара сорпа, қара шай, қара бұрыш, ақ шалам, ақ құман, 
ақ дастархан, қара қазан, қара көже, қара талқан т.б. 
6. Адам киетін киім-кешек, сəндік бұйымдар мен маталарға қатысты қолданылатын "ақ", 
"қара"  атаулары:  ақ  байпақ,  ақ  жаулық,  ақ  дабы,  ақсаң  (мата),  ақ  бəтес,  ақ  қалпақ,  ақ  желең,  ақ 
көйлек, ақ шидем, ақ шыт, ақ торқа, ақ торғын, ақ шолпы, ақ халат, қара барқыт, қара мақпал, қара 
етік, қара желек, қара қамзол, қара күпі т.б. 
7.  Адам  тұратын  үй-жай,  үй  жиһаздары  мен  үй  жабдықтарына  қатысты  қолданылатын 
атаулары: ақ там, ақ боз үй, қара үй, ақ шатыр, ақ орда, ақ сарай, ақ отау, қара шаңырақ, ақ жастық, 
ақ сандық, қара көсеу, ақ бесік, ақ киіз, ақ күмбез, ақ текемет, ақ көрпе, ақ төсек, ақ дастархан, ақ 
табақ, ақ тегеш т.б. 
8.  Кісі  аттарында  қолданылатын  "ақ", "қара"  түс  атаулары:  Ақжол,  Ақжолтай,  Қарабек, 
Шойқара, Байғара, Қарабай, Қаракөз, Ақтолқын, Ақарыс, Қаратай т.б.   
 
"Қоғам" саласына қатысты түр-түстер 
Қазақ  тілі  сөздік  қорының  этнолингвистикалық  тұрғыдан  іштей  жіктеліп,  ең  көп  тақырыптық 
топтардан тұратын саласы — "Қоғам" саласы. 
Өйткені  бұл  сала  қазақ  қауымының  барша  қоғамдық-əлеуметтік  өмірін,  қазақ  халқының  алғаш 
қауым болып қалыптаса бастаған сонау көне дəуірінен бастап, дербес мемлекет болып отырған бүгінгі 
күніне  дейінгі  ұзақ  тарихи-əлеуметтік,  саяси-экономикалық,  рухани-мəдени  кезеңдерінде  "ақ"  жəне 
"қара"  түстеріне  байланысты  қалыптасқан  сан  алуан  заттар  мен  құбылыстарды  қамтиды.  Бұл  салаға 
қазақ халқының азаматтық тарихы мен шежіресі, қоғамдық өмір, мемлекет құрылымы, кəсіпшілік пен 
шаруашылық,  өндіріс  пен  құрылыс,  ұлттық  дүниетаным,  халықтық  өлшем,  рухани  мəдениет,  ұлттық 
өнер мен халықтық ойындар, салт-дəстүр, дін, аңыз-миф сияқты тақырыптық топтарға қатысты атаулар 
мен тіркестер жатады. 
Бұл  салаға  қатысты  тараулар  мен  тақырыптық  топтарға  жататын  тілдегі  "ақ"  жəне  "қара" 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №3(37), 2011 ж. 
 
41 
атауларының қатысымен жасалған тіркестердің барлығын санамалап келтірсек, көп орын алған болар еді 
жəне  мұндай  əрекеттің  қажеті  де  жоқ.  Бұл  атау-тіркестердің  толық  тізімі  диссертациялық  жұмыстың 
соңында "Қосымшада" келтірілген. 
 "Қоғам"  саласына  жататын  негізгі  тарауларға  академик  Ə.Т.  Қайдар  ұсынған    этнолингви-
стикалық жүйе бойынша [28,8-29] қазақ қауымына, мемлекеттік құрылымға, ел қорғауға, материалдық 
жəне рухани мəдениетке т.б. тармақтарға қатысты 30-ға жуық тақырыптық топтар жатқызылады.  
"Ақ"  жəне  "қара"  атау-тіркестерін  де  біз  осы  принцип  бойынша  қарастырып,  кейбіреулеріне 
мысал келтірумен ғана шектелеміз. Өйткені, біз зерттеп отырған "түр-түс əлемінің" бір ғана саласы "ақ" 
жəне  "қара"  атау-тіркестерінің  толық  тізімі  диссертациялық  жұмысымыздың  соңындағы  бірнеше 
"Қосымшада" беріліп отыр. Олар төмендегілер: 
1.  Қазақ  қауымының  негізін  құраушы  ру-тайпалар  құрамында  кездесетін  жəне  кейбір  көрші 
халықтар аттарында қолданылатын "ақ" жəне "қара" атаулары: ақ қаңлы, қара қаңлы, ақ қыпшақ, қара 
қыпшақ, қара қазақ, ақ орыс, қара орыс, ақ ноғай, қара ноғай, қара сарт т.б. 
2. Мемлекет құрылымы мен оны басқару жүйесіне (заң, құқық, жаза, рəміз, ақша т.б.) қатысты 
"ақ", "қара" атаулары: ақ заң, қара заң, қара зындан, қара бақыр, ақша, ақ тас, қара тас (сайлауда), 
қара қағаз (жаман хабар), қара гүреш (майда тиын), ақ жалау, қара ту т.б. 
3.  Материалдық  (заттық)  жəне  рухани  мəдениет,  салт-дəстүр,  əдет-ғұрып,  наным-сенімге 
(əдебиет, музыка, өнер, тұрмыс-салт заттары, құрал-жабдық, діни ұғымдар т.бқатысты: ақ бесік, ақ 
неке, ақ отау, ақ бұйрық, ақ кебін, ақ дастархан, ақ өлім, қара тану, қара тұту, қара шаңырақ, қара 
домбыра, қара қобыз. 
4. Ел қорғау, қару-жарақ  т.б. əскери ұғымдарға қатысты "ақ"  пен "қара" атаулары: ақ сауыт, ақ 
семсер, ақ найза, ақ садақ, қара мылтық, қара сойыл, ақ қаңтар, ақ тоқым, ақ жебе. 
 
"Табиғат" саласына қатысты түр-түстер 
"Ақ" жəне "қара" атауларына қатысты тіркестердің басқалардан əлдеқайда көп те жиі кездесетін 
саласы — "Табиғат". Оның себебі де түсінікті болса керек. Өйткені ақ пен қара түстері кездеспейтін 
табиғат  денелерінде  (қара  аспан,  қара  жер,  қара  тау,  қара  су,  ақ  бұлт,  ақ  дала,  ақ  су  т.б)  мен 
құбылыстарында (ақ қар, ақ жаңбыр, қара жаңбыр, ақ дауыл, қара дауыл, қара жол, ақ бұршақ т.б.) 
бірде-бір көрініс, ұғым-түсінік жоқ десе де болады. 
Ескерте кететін бір жай: бұл екі ("ақ" жəне "қара") жəне басқа да түр-түс атауларын үш жүйе 
бойынша  қарастырудағы  мақсатымыз  олардың  əр  салаға  тəн  екендігін  ғана  емес,  сонымен  қатар  сол 
салаға қатысты қалай пайда болғандығын, табиғаттың белгілі саласына, мысалы, аспан əлеміне, жер-су 
болмысына, өсімдік дүниесі мен жан-жануарлар табиғатына сəйкес қалыптасып, сөздік қорда орнығып, 
қолданыс  айналымына  өтуін,  небір  астарлы  ұғым-түсініктер  мен  адамдар  арасындағы  күрделі  қарым-
қатынастарды сипаттауын т.б. осы сияқты құбылыстарды танып-білудің бейнелі сипаты, қайнар бұлағы 
екендігін анықтау болып саналады. 
Осы  орайда  алдын  ала  айта  кететін  тағы  бір  жай – ол  қазақ  қауымының  өмір-тіршілігіне 
байланысты  төрт  түлік  мал  жағдайын  басқа  халықтарға  қарағанда  əлдеқайда  кең  де  терең  танып 
білгенін, олардың тегін тектеп, түрін түстеп, рухани, мəдени салт-дəстүрін осы ыңғайда қалыптастырып 
үлгергенін айтуға болады. Сонымен қатар, қазақ қауымы "табиғат перзенті" ("дети природы") атанып, 
ғасырлар  бойы  өзі  жасап  келе  жатқан  табиғи  ортаны  да  жетік білетіндігі  белгілі.  Жасанды  табиғатты, 
ұлан-байтақ жер сырын этнолингвистикалық тұрғыдан терең зерттеудің бір көзі, əрине, түр-түс əлеміне 
де байланысты. Осыған орай тағы бір-екі зерттеуді атап өтейік. 
Географиялық  объектілер  (жер-су)  атауларының  құрамында  қолданылатын  түр-түс  атауларына 
қатысты  ғылыми  зерттеулерде  олардың  əр  түрлі  қыры  мен  сыры  айқындала  түсетінін  көруге  болады.  
Мəселен,  академик    Ə.  Қайдар      мен      профессор      Е.А.  Керімбаев  өздерінің [23,5] географиялық 
апеллятивтер  мен  жер-су  жəне  кісі  аттарындағы  түр-түс  атауларының  қолданысын  былай  деп 
сипаттайды: 
"Если провести анализ смыслового объема казахской топономической и онимической лексики в 
целом,  то  обнаружится  большое  количество  географических  апеллятивов,  топонимов,  собственных 
имен,  обозначающих  тот  или  иной  цвет.  Это  объясняется,  на  наш  взгляд, — большим  значением 
зрительного  (визуального)  восприятия  кочевникам)  реалий  окружающей  их  среды  и  физико-
географических объектов. Примечательно, что почти все "цветовые прилагательные" (за исключением 
"қара") в казахской географической лексике служат для различения видов пастбищ. Это такие лексемы: 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», №3(37),2011 г. 
 
42
 
боз, көгал, көкорай, қоңыр, алатамыр, керала. Эти апеллятивы часто онимизируются и входят в состав 
типовых  топономических  основ.  Так  например,  қоңыр  "коричневый",  который  объяснен                        
Г.К.  Конкашпаевым  қар. [24,14] как  "Закрепленные  песчаные  холмы,  поросшие  растительностью, 
которые являются хорошим местом для зимних пастбищ", входит в "состав топонима Жетіқоңыр". В 
монографии  "Хозяйство  казахов  на  рубеже  XІX-XX  веков" [25,76] со  ссылкой  на  "Материалы  по 
киргизскому землепользованию долин рек Чу и Таласа… Аулиеатинский уезд" [26,100] указывается, что 
Жетіқоңыр  семь  прохладных  урочищ  (Добусын,  Кент,  Котан,  Талды,  Барча,  Джидели,  Жабағалы), 
которые отличались мягким климатом, прекрасным травостоем, имели множество глубоких колодцев. 
Интересно  отметить,  что  слова,  обозначающие  цвета  в  казахской  народной  географической 
терминологии, служат в подавляющем большинстве своем для обозначения видов пастбищ, тогда как в 
славянской  географической  терминологии  названия  по  признаку  цвета  служит  для  различения 
(дифференциации)  видов  болот  ссылка:  Мокиенко  В.М. [27,71-77]. Образование  географических 
терминов  к  топонимов  по  признаку  цвета  с  общим  значением  "пастбище"  является  продуктивным  и 
следует полагать, древним  [23,5-15]. 
Бұл айтылғандардан түр-түс атаулары мен тіркестерінің тек табиғатқа қатыстылығын ғана емес, 
сонымен қатар барша қазақ қауымының дүниетанымын, əрбір жер-су, географиялық (отарға, жайлауға, 
бастауға, күздеуге, қыстауға т.б. осы сияқты) нысандарға берілген атаулардың астарында жатқан құпия-
сырларды, салт-кəделік, рəміздік нышандарды аңғаруға болады. 
Біз  төменде  жалпы  "Табиғат"  саласына  қатысты  "ақ"  жəне  "қара"  атау-тіркестерінің  біразын 
іштей  жүйелеп,  бірнеше  тармақшаларға  жіктеп  көрсеткіміз  келеді. "Біразын"  дейтін  себебіміз  ол 
тіркестердің толық түрі жұмыс соңындағы қосымшаларда беріледі. 
1.  Аспан  əлеміне  қатысты  "ақ", "қара"  атау-тіркестері:  ақбоз  ат,  ақ  аспан,  айдың  ақ 
жүзіндей, қара аспан, ағарып атқан таң т.б. 
2.  Табиғат  құбылыстарына  қатысты  "ақ"  жəне  "қара"  атау-тіркестері:  ақ  жауын,  қара 
жауын,  ақ  боран,  қара  боран,  ақ  қар,  ақ  мұнар,  ақ  қырау,  ақ  таң,  қара  дауыл,  ақ  сəуле,  ақ  нұр,  ақ 
бұршақ, ақ қаншық боран, ақ жалын, ақ қаптал боран, ақ түтек боран, қара суық т.б. 
3. Жер бедері (тау, дала, су, ай, қыр т.б.), жер жыныстарына қатысты "ақ" жəне "қара" атау-
тіркестері:  ақ  топырақ,  қара  топырақ,  ақ  теңіз,  қара  теңіз,  ақ  су,  қара  су,  ақ  бұлақ,  қара  бұлақ,  ақ 
қайнар, Ақ тау, Қара тау, Ақ кемер, Қара кемер, ақ құм, қара құм, ақ жазық, ақ күміс, ақ мəрмəр, қара 
мəрмəр, ақ төбе, қара төбе, ақ балшық, қара балшық, ақ қыш, ақ металл, қара металл, ақ болат, ақ 
адыр, қара адыр, ақ тікен тұз, қара тікен тұз, қара май, қара алтын т.б. 
4.  Өсімдік  дүниесіне  (ағаш,  шөп,  бұта,  жеміс,  көкөніс,  гүл-шешек  т.б.)  қатысты  "ақ"  пен 
"қара" атау-тіркестері: ақ шешек, ақ мақта, (ақ алтын), ақ бидай, қара бидай, ақ сұлы, қара сұлы, ақ 
селеу, ақ сора, қара сора, ақ тікен, қара тікен, ақ қайық, ақ жусан, қара жусан, ақ мия, қара мия, ақ 
жүзім, қара жүзім, ақ өлең, қара өлең, ақ андыз, қара андыз, ақ тал, қара тал, ақ құрай, қара құрай, 
қара бүлдірген, қарақат, қара жидек, қара қияқ, қара ағаш т.б. 
5.  Жан-жануарлар  əлеміне  (аң,  төрт  түлік  мал,  құс,  балық,  жəндік,  шыбын-шіркей,  мақұлық 
т.б.)  қатысты  "ақ"  жəне  "қара"  атау-тіркестері:  ақ  бөкен,  ақ  марал,  қара  құйрық,  ақ  тоты,  ақ 
шағала, қара қарға, қара торғай, ақ айғыр, қара сиыр, ақ шелек (мал ауруы), қара сан (сиыр ауруы), қара 
құс,  қарлығаш  (қара  ала  құс),  қара  қоңыз,  қара  шыбын,  ақ  балық,  ақ  аю,  қара  аю,  ақ  иық  бүркіт,  ақ 
жылан, қара шұбар жылан, ақ қой, қара ешкі, ақ қоян, қара мысық, ақ ит, қара ит, ақ шайтан, қара 
албасты т.б. 
Бұл  келтірілген  атау-тіркестер  ұлан-ғайыр  түр-түс  əлемінің  біраз  тақырыптық  топтары  ғана. 
Осының өзі-ақ бұл тіркестердің тіліміздегі белсенді құбылыс екендігін айқын көрсетеді. 
Бұл  мəселенің  тек  бір  жағы  ғана,  екінші  жағы – түр-түс  атауларының  көбіне-көп  анықтауыш 
позициясында тұрып, өзі тіркесіп тұрған ұғымның (сөздің) түр-түстік сипатын ғана емес, сонымен қатар 
көп  жағдайда  оның  өзімен  сыбайлас  басқа  ұғымдардан  (сөз  атаулардан)  өзіндік  айырмашылығын 
айқындау міндетін де атқаруында. 
Құрылымдық жəне мағыналық жағынан алып қарағанда, анықтауышты тіркес құрамындағы түр-
түс  атаулары  бірде  өзінен  кейін  тұрған  (анықталушы)  сөзбен  еркін  түрде  тіркелуші  анықтауыш 
компонент  ретінде  ғана  тұрса  (мыс:  қара  сиыр,  ақ  сиыр  т.б.),  енді  бірде  тіркестік  атау  (ақбөкен, 
қарақұйрық)  ретінде  қолданылады  екен.  Ал  үшінші  жағдайда  олар  тұрақты  тіркестердің 
(фразеологизмдер мен мақал-мəтелдердің) құрамындағы ауыспалы мағынадағы, не астарлы, символдық 
мəндегі заттанған (субстантивтенген) компоненті ретінде қолданылатындығын көреміз. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №3(37), 2011 ж. 
 
43 
Көріп  отырғанымыздай,  бұл  тəрізді  тұрақты  тіркестердің  (фразеологизмдер  мен  мақал-
мəтелдердің)  құрамындағы  "ақ","қара"  атаулары  басқа  сөздермен  ауыстыруға  көнбейді.  Міне, 
тіліміздегі  осы  атаулар  əр  саладағы  сан  алуан  тақырыптық  топтарға  еніп,  лексика-семантикалық 
сөзжасам мен фразеологиялық тіркес түзу процесіне еркін араласады. 
 
1. Қайдаров Ə., Ахтамбердиева З., Өмірбеков Б. Сырға толы түр мен түс. - Алматы, 1986. - 96 б. 
2. Қайдаров Ə., Ахтамбердиева З., Өмірбеков Б. Түр-түстердің тілдегі көрінісі. - Алматы,1992. -160 б.  
3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - Алматы, 1974-1986.  - Т. 1-10.  
4. Қалиев Б. Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары. – Алматы: Ғылыми баспасы, 1989. - 37 б. 
5. Кононов А.Н. Семантика цветообозначений в тюркских языках // Тюркологический сборник. - М., 
1975. - 149 с.   
6. Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары. Сөздік. - Алматы, 1985. 
7. Рамазанов Е. Ботаника терминдері жөнінде // Қаз ССР ҒА Хабаршысы. №9. - 1961. - 15 б. 
8.  Сағынова  Б.Ұ.  Қазақ  тіліндегі  адам  интеллектісіне  қатысты  лексика  (этнолинвистикалық 
зерттеу) филол.ғыл.к. авторефераты. - Алматы, 1999. - 26 б. 
 
Резюме 
Применение цветообозначений «ақ», «қара» в следующих отраслях: природе, обществе и личности. 
 
Summary 
Application of colours “white” and “black” in nature and in society 
 
 
 
 
КОНЦЕПТ ′ЕДА/ПИЩА′ КАК ОДИН ИЗ ОСНОВНЫХ ФРАГМЕНТОВ   
ЯЗЫКОВОЙ  КАРТИНЫ МИРА 
 (На примере русских пословиц и поговорок) 
 
Л.Смирнова – 
соискатель КазНПУ им. Абая 
 
Концепт  ′еда′  представляет  собой  сложное  ментальное  образование,  в  котором  могут  быть 
выделены  определенные  конституирующие  признаки.  Языковая  концептуализация  понятийной  сферы 
′еда′ в русском   языке характеризуется многообразием и множественностью лексико-фразеологических 
средств репрезентации, семантические компоненты которых актуализируют признаки отношения к еде. 
Так,  в  широком  понимании,  языковая  концептуализация  ′еда′  подразумевает  наличие  культурной  и 
лингвокультурологической  компетенции  как  когнитивной  конструкции,  обобщающей  знания.  Она 
способствует  глубокому  пониманию  природы  культурного  смысла,  закрепляемого  за  определенным 
языковым  знаком,  а  также  всех  культурных  установок  и  традиций  народа,  которые  широко 
представлены в текстах русских пословиц и поговорок.  
Социокультурный  концепт  ′еда′  имеет  языковое  выражение  и  включает  в  себя,  помимо 
предметной  отнесенности,  всю  коммуникативно-значимую  информацию  (парадигматические, 
синтагматические и деривационные связи), формируясь на основе языкового значения ключевых знаков 
-  лексем «есть» и «пить».  
Именно  пословицы    и  поговорки,  являясь  ценнейшим  источником  сведений  о  культуре  и 
менталитете русского народа,  отражают воззрения народа, общественный строй страны и  идеологию 
своей эпохи. 
Настоящая  статья  посвящена  лингвокультурологическому  анализу  концепта  ′еда′  в  русской 
пословично-поговорочной  картине мира.  
В частности, обращение к лексико-семантическому  полю ′еда′ связано, прежде всего, с тем, что 
оно  относится  к  числу  базовых,  универсальных  концептосфер,  в  которых  наиболее  полно  отражается 
национальная специфика, определенно характерная для  русского лингвокультурного  сообщества. 
Так,  понятие  ′еда′  в  системе  современного  языка  может  эксплицироваться  следующим  образом:             

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», №3(37),2011 г. 
 
44
 
1) ′еда′ - «принятие пищи ртом, для насыщенья и усвоенья, яденье» (словарь В.И. Даля); 2) «то же, что 
пища  (разговорное).  Например,  обильная  и  вкусная  еда»  (словарь  Ожегова); 3) ′еда′  как  процесс, 
включающий «принятие, поглощение пищи» (СРЯ, 1:467) и 4) ′еда′ как «собирательное понятие, которое 
соотносится  с  разнородной  совокупностью  предметов  различного  типа» (Вежбицкая,1996:123), 
обозначающих «то, что едят и пьют, что служит питанием» (СРЯ,111:129). 
Концепт  ′еда′,  являясь  фрагментом  русской  языковой  картины  мира,  эксплицирует 
соответствующие  понятия,  представления,  образы,  установки,  приоритеты,  стереотипы  и  оценки, 
отражающие  специфику  национального  менталитета  и  мировосприятия,  системы  социокультурных 
отношений, традиций, обычаев и верований, характерных для русской   культуры. 
В доказательство вышеизложенного нами было проанализировано свыше 300 русских пословиц и 
поговорок, обобщенных концептом ′еда/пища′.  Все  тексты  пословиц  и  поговорок  при  помощи  метода 
лингво-статистического  анализа  в  таблице 1 были  классифицированы  нами  по  части  речной 
принадлежности с целью выявления приоритетного составляющего данного концепта. 
 
Таблица 1. Выявление концептуальной доминанты русской пословичной картины мира из концепта ′ 
еда/пища′ методом лингво  статистического анализа 
 –
 
Концептуальная 
доминанта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет