Лингвистика педагогическая инноватика в языковой подготовке будущих учителей-предметников



жүктеу 2.91 Mb.
Pdf просмотр
бет3/14
Дата10.02.2017
өлшемі2.91 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 
Резюме 
В  статье  всесторонне  изучается  концептуальная  основа  лингвистических  терминов  языкознания  с 
теоретической  позиции.  В  исследовании  также  рассматриваются  сфера  применения  лингвотерминологии  и 
семантически-когнитивное содержание лингвистических терминов.  
 
Summary 
The article comprehensively examined the conceptual basis of linguistic terms of linguistics from a theoretical 
position. The study also examines the scope lingvoterminologii and semantic-cognitive content of linguistic terms. 
 
 
 
 
МЕКТЕП СТИЛИСТИКАСЫНЫҢ ОҚЫТЫЛУ ЖАЙЫНАН 
 
Ж.М. Бектұрғанова - 
пед.ғыл.к. Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ 
 
Қазақ  тілі  стилистикасын  оқыту  тарихы  алғашқыда  баланың  тілін  дамыту  мəселелерімен  тығыз 
байланыста дамыды. Тіл дамытуда ана тілінің көркемдік болмысы мен байлығын танытуды мақсат еткен 
А.Байтұрсынұлының зерттеу еңбектері қазақ тілі стилистикасын оқытудың алғашқы лингводидактика-
лық  мəселелерін  алға  тартқан  еңбек  болды  деп  айта  аламыз.  Ғалымның  əдістемелік  талдаулары  мен 
теориялық  зерттеулері  стилистиканы  мектепте  оқытудың  теориялық  мəні  мен  практикалық  мақсат-
міндеттерін  айқындауға  негіз  болады.  А.Байтұрсынұлы  «келісті  сөздің»  кестесін,  мəтіннің  көп  қырлы 
сырлары мен əлеуетін терең байқап, оны дидактикалық мақсатта тиімді пайдалана алған ғалым. Оның 
жарқын үлгісін А. Байтұрсынұлының  Т.Шонанұлымен бірігіп жазған  «Оқу құралынан» көруге болады 
[2]. Мұнда зоология, биология, география, тарих, физика секілді ғылымдар туралы жан-жақты мəлімет 
беретін танымдық мəтіндер  оқушылардың ойлау, қабылдау,  ұғым-түсініктеріне сай жүйелі жинақталып 
берілген. «Мəселе  білімді  беруде  емес,  оны  қабылдауға  ыңғайлы  етіп  жүйелеуде.  Бұл  əрекеттер 
оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге бағышталған. Өйткені, басты мақсат – оқушыны білімді оймен 
қабылдауға, оны  қорыта  білуге  үйрету» [2,19 б.].  Оқу  құралы мақсаты  жағынан  айқын, дидактикалық 
жағынан  мазмұны  бай,  əдістемелік  мүмкіншілігі  мол  еңбек  болып  табылады.  Ол  ондағы  мəтіндердің 
жинақталу тəжірибесінен анық көрінеді. Қазақ тілі стилистикасын оқытуда бұл еңбектегі мəтіндердің 1) 
тақырыптық  жағынан  ұтымды  топтастырылып,  жинақталуы; 2) мəтін  мазмұнының  бай,  түсінуге 
ыңғайлылығы,  жоғары  эстетикалық  талғаммен; 3) мəтін  жанрларының  түрлі  дидактикалық  мақсатпен 
(мысалы,  мəнді  жұмбақ  түрінде,  əңгіме,  өлең,  мысал,  ертегі,  хикая,  т.б.  жанрларда,  бір  ойды  əр  түрлі 
түйіндеу  арқылы  берілуі); 4) мəтіндердің  арнайы  реттік  жүйемен  (логикалық  жəне  мазмұндық 
байланысы  бар); 5) берілген  мəтіндердің  энциклопедиялық  мазмұнда  берілуі  оқушының  көркемдік 
талғамы мен дүниетанымын қалыптастырып жетілдіруде, оқушыларды оқыта отырып рухани тазалыққа, 
сауаттылыққа тəрбиелеуде басшылыққа алынады.   
А.Байтұрсынұлы  əсіресе  қазақ  тілі  стилистикасының  теориясы  мен  лингводидактикасын  үлкен 
үлес қосты. Н.Сауранбаев пен Ə.Əбілқаев бұл мəселенің практикалық шешімін табуға тырысты. Олар 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №3(37), 2011 ж. 
 
17 
мəтін  жəне  стилистика  ұғымдарын  мектеп  бағдарламасына  арнайы  енгізуге  ұсыныс  жасады. 
Н.Сауранбаев 1941 жылы жазған «Ана тілін оқыту туралы» атты мақаласында стилистиканы мектепте 
оқытудың  практикалық  маңыздылығын  айта  келіп,  оның  əдістемелік  міндеттерді  нақты  көрсетеді. 
Ғалымның  стилистиканы  бастауыштан  бастап  оқыту  жəне    оны  оқытудың  арнайы  бағдарламасы  мен 
оқулығын  жазу  туралы  идеясы  сол  кез  үшін  қаншалықты  маңызды  болса,  қазіргі  таңда  да  ол  өзінің 
өзектілігін жойған жоқ.  
1965  жылы  бұл  мəселені    Ə.Əбілқаев  та  көтерген  болатын.  Ол «... əдеби  тілмен  дұрыс  сөйлеп, 
жазып  үйренуде  сөз  байлығын  өз  қалауынша  еркін  таңдап  ала  білуде»  стилистиканың  əбден  қажет 
екендігіне ерекше назар аударады. Сондай-ақ, оқушылардың «өмірлік қажеттіліктерін жақсы сезінуіне» 
жағдай туғызудағы стилистиканың əлеуетін жақсы көрсеткен. Сол себепті əдіскер «стиль жөнінен толық 
мағлұмат беріп, жазу, сөйлеу стилін қалыптастыруды» 7-сыныптың негізгі программалық материалына 
қосуды ұсынады [4].   
Орта мектепте стилистиканы оқыту əдістемесі жəне қазақ тілін оқыту арқылы оқушылардың тілін 
дамытудың  əдіснамалық,  əдістемелік  негіздері  А.Жапбаровтың  зерттеулерінде  жан-жақты  сөз  болды. 
Ғалымның «Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері» атты 1991 жылы шыққан зерттеу 
жұмысы  стилистиканы  оқытудың  əдістемесін  ғылыми  тұрғыдан  арнайы  қарастырады.  Автор  бұл 
еңбегінде бағдарлама, оқулықтарға байланысты жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілі мен əдебиеті 
бойынша оқушыларға стилистика, тіл стильдері туралы практикалық білім, дағды беретін жаттығулар 
мен  материалдар  жүйесі  жасалынбағанын  алға  тартады.  Сөйтіп,  стилистика  мен  тіл  стильдері  туралы 
білімдерді  орта  мектепте  мынадай 3 бағытта  беруді  ұсынады: 1. 5-6  сыныптарда  функционалдық 
стилистика  туралы  алғашқы  түсінік  беру. 2. 7-8 сыныптарда  стиль  түрлерінің,  əсіресе,  кітаби  жазба 
стиль  түрлерінің  ерекшелігін,  тілдік  құралдарды  пайдаланудағы  бір-бірінен  айырмашылықтарын 
таныту. 3. 9-сыныпта стилистика, функционалды стильдер мен практикалық стилистика туралы  
білім  мен  дағды  беру  арқылы  стильдерді  іс  жүзінде  қолдана  білуге  дағдыландыру.  Көріп 
отырғанымыздай,  ғалым  мектепте  стилистикалық  білімді  ұсынудың  екі  бағытын  ұстанады:  1)  тілдік 
құралдардың  жəне  көркемдегіш-бейнелегіш  құралдардың  стилистикасы; 2) қазақ  əдеби  тілінің 
функционалды стильдері.  [5,84 б.]. 
Стилистиканы  дамыта  оқытуда  теориялық  ұғым  маңызды  рөл  атқарады.  Дамыта  оқытуда 
оқушыларға  қажетті  стилистикалық  ұғымдарды  стилистика  ғылымының  қол  жеткен  табыстарына 
сүйене отырып ұсыну, əдістемелік мақсатта тиімді пайдалану оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін 
дамытудың басты шарты болмақ. Əдістеме теориясыз жайдақ сипат алады, оның қолданбалы қасиеті де 
осында.  Бүгінде  қазақ  стилистикасының  теориясы  көптеген  іргелі  зерттеулермен  толықты.  Дегенмен 
1974 жылы М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаевтардың авторлығымен шыққан «Қазақ 
тілінің стилистикасы» күні бүгінге дейін бірден-бір басты оқулық болып қалып отыр. Одан бергі кезеңде 
А.  Байтұрсынұлының  шығармалар  жинағы  жарыққа  шығып,  ғылыми  көпшіліктің  игілігіне  ұсынылды 
(1989 жылы).   М. Серғалиевтің синтаксистік синонимдер, Ф.Мұсабекованың практикалық стилистика, 
Р.Сыздықтың    Абай  тілінің  өрнегі,  Х.Кəрімовтің,  Е.Жанпейісовтің,  Б.Хасанұлы  мен  Т.Қоңыровтың, 
Б.Шалабай  т.б.  көптеген  ғалымдардың    іргелі  зерттеу  еңбектері  дүниеге  келді.  Оның  үстіне  қазақ 
стилистикасы  бүгінде  антропоцентрлік  бағыттағы  жаңа  зерттеулерге  бет  бұра  бастады.  Қазақ 
стилистикасының  ішкі  салалары  да  сараланып,  жігі  айқындала  бастады.  Осы  орайда  қазақ  тілі 
стилистикасының жаңа оқулығына деген сұраныс та айқын байқалады.     
 А.Жапбаровтың  «Қазақ  тілін  оқыту  арқылы  тіл  дамытудың  əдіснамалық,  əдістемелік негіздері» 
атты  келесі  еңбегінде  стилистика    тіл  дамытудың  аясында  қарастырылады.  Бұл  зерттеуде  стилистика 
оқушылардың сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамытудың бір жолы ретінде қарастырылады жəне 
оны ұйымдастырудың  мынадай  ұстанымдары  мен  жүйесі  көрсетіледі: 1)  сөйлеу  мен  ойлауды бірлікте 
қарау ұстанымы; 2) қатысымдық ұстанымы;  3) жағдайға, ахуалға ыңғайлылық ұстанымы; 4) сөйлеу 
əрекетін кешенді жүргізу ұстанымы; 5) əдеби тіл нормасын есепке алу ұстанымы.  Осы ұстанымдарға 
сəйкес  тіл  дамытудың  да  əдістерін  жүйелейді [6,107 б.].  Бұл  əдістердің  барлығы    сөздің  қолданылу 
ерекшеліктері  мен  мағыналарын  түсіндіруде,  тілдің  грамматикалық  құбылысын  меңгертуде,  ауызекі 
сөйлеу  тілінің  сөздік  қорын  үйретуде  бір  мақсатқа  бірігеді  деп  көрсетеді.  Ғалым  С.Рахметова  тіл 
дамытуға  «балалардың  сөздігін  байытуға,  мағынаны  түсініп,  сол  сөздерді  дəл  қолдана  білуге,  өз 
ойларын,  пікірлерін  екінші  біреуге  жеке  сөйлемдер  арқылы,  логикалық,  композициялық  тұтастығын 
сақтай  отырып,  жүйелі  түрде  əңгімелеу  арқылы  ауызша,  жазуша  дұрыс  білдіруге,  яғни, «нəрсенің 
жайын-күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айтып беруге үйрету жұмысын айтамыз» [7,163 б.] деген 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», №3(37),2011 г. 
 
18
 
анықтама  бере  келіп,  бастауыш  мектепте  үйретілетін  тіл  дамыту  жұмыстарының  мақсаттарын  атап 
көрсетеді. Ғалым бастауыш мектепте тілді үйретуде оның стилистикалық, қолданымдық ерекшеліктерін 
басты назарда ұстайды. Тіл дамытудың: 1) оқушылардың сөздік қорын дамыту; 2) сөз тіркесі, сөйлеммен 
жұмыс  жүргізу; 3) байланыстырып  сөйлеуге  үйрету  жолдарын  ұсынады.  Бұл  бағыттарда  тіл  дамыту 
жұмыстарын  жүзеге  асыруда  мəтіннің  ерекше  жанрларын  (газет  мақала,  пікір  жазу,  хат  жазу,  іс 
қағаздары, арыз, хабарландыру, құттықтау, телеграмма т.б.) пайдаланудың əдістемесін жасайды.  
Стилистиканы оқытудың мəселелері шешендікке үйретудің əдістемесі аясында да зерттеу нысаны 
болды.  Бұл  ретте  А.С.  Қыдыршаев  «Шешендіктануды  оқытудың  ғылыми-əдістемелік  негіздері»  атты 
докторлық  диссертациясында  шешендіктанудағы  стильді  қалтарысы  мол,  арнайы  білімді  қажет  ететін 
күрделі  мəселе  екенін  айта  келіп,  оны  білудің  болашақ  шешен  үшін  маңызды  жақтарын  атап  өтеді  
[8,120 б.]. 
Стилистиканы  оқыту  мəселелері  тіл  дамытумен  байланысты  қырғыз  ғалымдары                        
А.О.  Османкуловтың,  Қ.Д.  Добаевтың  еңбектерінде  қарастырылды.  Онда «...сөйлеу  барысында  тіл 
деңгейлеріндегі барлық бірліктердің өзектілігі кешенді түрде көрінетін болғандықтан, оларды оқыту да 
тұтас, кешенді жүргізілуі тиіс» тіл дамытудың  мəселелері айтылады.  
Тіл үйренушілерді сөйлеуге дағдыландыруда тілдің қарым-қатынас құралы болудағы қатысымдық 
қызметін  орыс  ортада  болсын  немесе  қазақ  аудиторияларында  болсын  ескеру  жəне  соған  сəйкес 
қатысымдық əдісті қолдану маңызды болмақ [9,127 б.]. Стилистиканы оқытуда қатысым əдісін қолдану 
оқушылардың оқу əрекетін белсендіру мақсатына қызмет етеді.   
Тіл  дамыту  əдістемесінде  стилистикалық  білімнің  мүмкіндіктерін  пайдалану,  сол  арқылы 
оқушылардың  стилистикалық  біліктіліктеріне,  оқушылардың  ойлауын  дамытуға  қол  жеткізудің 
теориялық  жəне  əдістемелік  жолдары  Н.Ж.  Құрманованың  зерттеулерінде  жан-жақты  талданды.  Сын 
есімді оқыту арқылы оқушылардың тілін дамытуда стилистикалық білімнің маңызы туралы «стилистика 
мен тіл мəдениеті жетістіктерін мектеп методикасына лайықтап беріп отыру – ғалымдармен бірге жəне, 
əсіресе, методистердің міндеті» екенін ерекше атап өтеді [10,25 б.]. Ғалым тіл дамыту мақсатында тіл 
құралдарының  стилистикалық  синонимиясын  меңгертудің  əдістемесін  жасайды.  Осы  бағыттағы 
стилистикалық  жаттығулардың  үлгілерін,  синонимдерді  меңгертуге  арналған  жаттығу  түрлерін 
ұсынады. 
Стилистикалық ұғымдардың мектеп оқулықтарында тіл дамыту, тіл ұстарту аясынан тыс арнайы 
тақырып  ретінде  беріле  бастағанына  көп  болған  жоқ.  Қазіргі  кезде  стилистиканы  арнайы  тарау,  жеке 
теориялық  ұғым  ретінде  оқыту  Р.С.  Əмір,  Ж.Т.  Дəулетбекова,  Ғ.Қ.  Қалиев,  Г.С.  Қосымова  5-11 
сыныптар  үшін  жасаған  “Қазақ  тілі”  оқу  пəнінен  жалпы  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
стандартында  жəне  бағдарламаларында  көрсетілген.  Бұл  құжаттарда  стилистикадан  берілетін  білімнің 
міндетті деңгейі көрсетіліп, оқушы меңгеруге тиіс стилистикалық біліктіліктер нақты белгіленген. Бұған 
дейінгі мектеп бағдарламалары мен оқулықтарында, оқушыларға стилистикалық білім беру емес, нақты 
қалыптасқан  мəтін  жанрларын  үйрету  алдыңғы  орында  болып  келді.  Қалыптасқан  мəтін  түрлерін 
оқытудың  практикалық  тиімділігі  шамалы,  себебі  баланың  стилистикалық  білімі  тек  сол  мəтіндермен 
шектеледі. Басты мақсат стандартты мəтіндерді жазып, не толтырып, оқуға үйретуде емес, барлық тілдік 
жағдаятта жұмсауға болатын стилистика-лық білімдерді бере отырып, тілдік-стилистикалық икемділікті, 
талғамды,  сарабдал  саналы  тілдік  тұлғаны  қалыптастыруда.  Қалыптасқан,  стандартты  мəтіндерді  беру 
баланың  мүмкіншілігін  де,  стилистика  ғылымының  да  мүмкіншілігін  шектеу  болып  табылады.  Сол 
себепті те оқу процесі өзінің дамытушылық сапасынан айырылады немесе мүлдем жоғалтып алады.   
Н.Ж.  Құрманованың  мектеп  бағдарламаларына  жүргізген  талдауларына  сүйенетін  болсақ,           
[11,18  б.]  тіл  дамытуға    өткен  ғасырдың  тек 20-жылдары  мен 50-жылдары ғана  көбірек сағат  бөлініп, 
қарқынды қолға алынған. Стилистиканың мəселелері бірді-екілі көтеріліп отырған. Стилистиканы оқыту 
жаттығулары  мен  теориялық  мəліметтердің  жетіспеуі,  тіл  құралдарының  лексика-грамматикалық 
мағынасымен  бірге  стилистикалық  мағынасының  қатар  алынбауы,  стилистикалық  жаттығулар  мен 
тапсырмалардың аз болуы, қалыптасқан үлгі мəтіндер мен жаттығулардың басым болуы, стилистикалық 
талдау,  мəтіннің  тіліне  стилистикалық  баға  беру,  оған  тəжірибе  жасау,  жеке  авторлардың  тілдік 
лабороториясына баға беру жұмыстарының аздығы қазақ тілі оқулығының жетіспей жатқан тұстарының 
көптігін білдіреді.   
Қазақ тілімен салыстырғанда,  ресейлік  мектептерде  стилистиканы  оқыту  іс-тəжірибесі  өте 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №3(37), 2011 ж. 
 
19 
ертеден басталады. Т.И. Чижова орыс тілі стилистикасын оқыту əдістемесінің тарихы ХҮІІІ ғасырдан 
басталатындығын  атап  көрсетеді.  Оның  ғылыми  мəселелері  Л.П.  Федоренко,  Н.А.  Пленкин,                      
С.Н.  Иконников,  М.Т.  Воронин,  Н.Е.  Сулименконың,  Т.И.  Чижованың  т.б.  орыс  əдіскерлерінің 
еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Стилистиканың орыс мектептерінде жүйелі түрде енгізу 1959 
жылдың  өзінде-ақ  қолға  алынды.  Сол  кездің  өзінде  жоғары  оқу  орындарына  стилистика  жеке  пəн 
ретінде  енгізілген. 1965-1966 жылдары  стилистиканы  арнайы  семинар,  курс  ретінде  оқытумен  бірге, 
«Практикалық стилистика» пəні оқытыла бастады. Орыс тілін оқытуға арналған мектеп оқулықтарында 
стилистикалық  ұғымдар 5-сыныптан  бастап  мəтін  ұғымымен  қатар  берілді.  Қазіргі  уақытта  ресейлік 
мектептерде стилистиканы 10-11 сыныптарда жеке пəн, арнайы курс ретінде  оқыту қолға алынған. Бұл 
бағытта  арнайы  мектеп  стилистикасына  арналған  Г.Я.  Солганиктің  «Стилистика  текста» (2003 ж.), 
«Стилистика русского языка» (2004 ж.) атты оқулықтары қолданылады.  
Мəтін  жəне  стиль  ұғымдарының  қазақстандық  мектеп  оқулықтарында  беріле  бастауы  соңғы 
жылдардың  басты  жетістігі  болып  табылады.  Стилистика  ғылымын  жеке  сала  ретінде  оқыту                      
9-сыныптың міндетіне жүктелген. 9-сыныпқа дейін стилистиканы игеруге қажетті лексика-грамматика-
лық  базалық  білімдер  берілсе, 10,11-сыныптарда  стилистика  “Сөз  мəдениеті  жəне  қарым-қатынас 
түрлері”, “Сөз  мəдениеті  жəне  шешендік”  аясындағы  практикалық  біліктіліктермен  ұштастырылады.           
9-сынып функционалдық стиль түрлерін меңгертуге бағытталған, сол себепті мəтін жаттығулар көптеп 
ұсынылады. Бұл ретте оқушыға стилистикалық біліммен қатар мəтін туралы білімдерінің де қажеттілігі 
аса байқалады. Сол себепті 5,6,7,8-сынып оқулықтарында лексика-грамматикалық біліммен қатар мəтін 
туралы ұғым-түсініктерді сабақтастықта, үзбей беріп отыру аса қажет.  
5-8-сыныптарда  мəтін  негізінен  басқа  тілдік  тұлға-бірліктерді  таныту  мақсатында  алынған. 
 
Осыған  байланысты  оқулықтардағы  мəтіндердің  берілуін  қамтамасыз  етуде  мынадай  екі  нəрсені 
ескеру қажеттілігі байқалады: 
1.  Мəтін  өзінен  кіші  тіл  бірліктері  үшін  тілдік  контекст,  тілдік  орта  болып  табылады. 2.Мəтін 
өзіндік семантикалық-синтаксистік тұлға-бірліктерден құралатын сөйлеудің негізгі бірлігі.  
Қорыта  келе,  қазақ  тілі  стилистикасын  оқытудың  бүгінгі  мəселелері  стилистика  ғылымының 
теориялық базасын басшылыққа алуды жəне əдістемелік дұрыс жүйелеуді, жоспарлауды қажет етеді.  
 
1. Байтұрсынов А. Шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1989. – 319 б. 
2. Байтұрсынұлы А. 5 томдық шығармалар жинағы. Оқу құралы. 2-т. - Алматы: Алаш, 2004. – 480 б. 
3. Сауранбаев Н. Ана тілін оқыту туралы. Халық мұғалімі. – 1941 ж. – №11. – 6-8 б. 
4. Əбілқаев Ə. Қазақ тілі программасы мен оқулықтары жайында ойлар. – Қазақстан мектебі. – 1965. 
– №6. – 75-80 бб. 
5. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері. – Алматы, 1991. – 160 б. 
6. Жапбаров А. Қазақ тілін оқыту арқылы тіл дамытудың əдіснамалық, əдістемелік негізі. 13.00.02. – 
Алматы: ҚазМҚПИ, 2004. – 376 б.  
7.  Рахметова  С.  Бастауыш  класта  оқушылардың  тілін  дамытудың  ғылыми-əдістемелік  негіздері. 
13.00.02. – Алматы: АлМУ, 1994. – 434 б. 
8. Қыдыршаев А.С. Шешендіктануды оқытудың ғылыми-əдістемелік негіздері: Пед.ғыл.докторы ғыл. 
дəрежесін алу үшін дайындалған дисс. 13.00.02. – Алматы: АлМУ, 2001. – 317 б. 
9. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас теориясы жəне əдістемесі. – Алматы: Білім, 2000. -208 б. 
10. Құрманова Н.Ж. Сын есімді оқыту барысында тіл дамыту əдістемесі. – Ақтөбе,1999. – 125 б.  
11. Құрманова Н.Ж. Қазақ мектептерінде сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясының 
ғылыми-əдістемелік негіздері: п.ғ.д-ры. дəрежесін алу үшін дайындалған дисс. авторефераты. 13.00.02.  –
Алматы: ҚазМҚПИ, 2004. – 57 б. 
 
Резюме 
В статье рассматривается проблема постановки вопроса преподавания стилистики казахского языка в 
школе.  
Summary 
This article is devoted linguistic and didactic problems of teaching Kazakh Language stylistic.  

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», №3(37),2011 г. 
 
20
 
1990 ЖЫЛДАН БЕРГІ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ МƏТІНІНДЕГІ  
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ СИПАТЫ  
 
Е.С. Қасенов - филол.ғыл.к., 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқытушысы 
 
Айтыс өнерінің жан-дүниемізге  рухани нəр беріп, əсерлі де əсем сезім ұялататын сиқырлы сыры 
ондағы алуан сөздердің шынайы шеберлікпен орынды қолданылуында да жатса керек. Айтыскер ақын 
үшін  ең  міндетті  де  ерекше  талап – сөзді  дұрыс  қолдану.  Осы  ретте  ақындар  айтыстың  мақсатына, 
мүддесіне байланысты қолданатын сөздерін, сөз тіркестерін өзінің шығармашылық ой елегінен өткізіп, 
өз  талғамына  лайық  сұрыптап,  таңдап  алатыны  белгілі.  Ақындар  тыңнан    сөз  жасау  барысында  ұлт 
тіліндегі  өзінен  бұрын  қолданылып  келген  бейнелі  сөздерді  пайдаланады,  ондағы  ұлттық,  халықтық 
ерекшелікті сақтап отырады.           
Ойды  көркем  жеткізуде  қолданылатын  құрамы  мен  құрылымы  тұрақты  тілдік  единица – 
фразеологизмдер  ақындар  айтысы  тілінде  ертеден  көрініс  тапқан.  Қазақ  тіліндегі  жеке  сөздер  сияқты 
ұзақ дəуір туғызған фразеологиялық тіркестер қыры мен сыры мол айтыс өнерінде бұрыннан кездеседі. 
Белгілі  ғалым,  профессор  Р.Сыздықтың  сөзімен  айтқанда, «сөз  құдіретінің  арқасында  іске  асатын 
құбылыс» [1, 29].  
«Ғасырдан ғасырға ұласып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көне заманнан келе жатса да байырғы 
бедерін  жоғалтпай,  сонылығын  сақтаған  алуан  айшықты,  терең  мазмұнды  тұрақты  сөз  тіркестері  ана 
тіліміздің  асыл  қазынасы  іспетті.  Бейнелі  сөз  орамдары  дөп  тигізіп  айтар  дəлдігімен,  ерекше 
көркемдігімен кімді де болса əрдайым баурап алады» - [2, 39] дейді ғалым Нұргелді Уəлиұлы. «Көркем 
тіл  кестесіне  түскен  фразеологизмдер  сөзді  бейнелі,  өтімді  жəне  нанымды  етудің  стильдік  құралына 
айналады» [2, 56]. Демек, фразеологизмдер - ақындар өлеңдерінде сан құбылып, түрленіп қолданылатын 
əсем де əсерлі, көркем де бейнелі сөз өрнегі.          
Фразеологизмдерге тəн ерекшеліктердің бірі: олардың құрамдық, тұлғалық жəне ішкі орын тəртібі 
тұрақты  болуы  есептеледі.  Фразеологизмдер  сөйлем  ішінде  қолданылғанда  біртұтас  даяр  күйінде 
жұмсалады.  Фразеологизмдердің  табиғатына  тəн  осы  бір  қасиеті  өлең  тілінде  өзгеріске  түседі  деуге 
болады.  Өлең  құрылысындағы  поэтикалық  үйлесімділік,  дыбыстық  үндестік  пен  ұйқастың  фразео-
логизмдердің  «қамырша  иленіп»,  сан  алуан  өзгерістерге  ұшырауына  əсерін  тигізеді.  Фразео-
логизмдердің  поэзия  тілінде  мұндай  өзгерістерге  түсуі  ақын  шеберлігіне  жəне  сөз  саптау  мəнеріне 
тікелей  байланысты.  Айтыс  тілінде  экспрессиялықты  білдірудің  ең  бір  ұтымды  тəсілі – фразео-
логизмдердің қолданысы болып табылады.  
Фразеологизмдерді  зерттеуші  Р.Сыздық  «поэтикалық  фразеологизмдер»  деп  атап,  мынадай 
анықтама ұсынады: «олар əдетте бір нəрсені затты, сынды, қимылды, қимылдың амалын жай атамайды, 
суреттеп,  бейнелеп,  астарлап, «мадақтап»  не  «балағаттап»  атайды,  яғни  айтушының  (жазушының, 
ақынның  сол  нəрсеге – объектіге  «пейілін» - көзқарасын  білдіре  атайды.  Демек,  поэзия  тіліндегі 
фразеологизмдердің басты белгісі – олардың образды (бейнелі) болатындығы» - дейді [3, 94].  
Ақындар  айтыс  үстінде  ойды  айшықты  да  көркем  жеткізу  үшін  фразеологизмдерді  түрліше 
құбылтып  қолданылғаны  белгілі.  Осы  орайда  ақындар  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  жалпыхалықтық 
фразеологизмдерді  тура  күйінде  де  қолданылды,  өзіндік  ізденісі  нəтижесінде  жетілдірді.  Жалпы-
халықтық  фразеологизмдерді  көркемдік  мақсатына  орай  өзгертіп,  өңдеп,  жетілдіріп  қолданғанын 
ақындар  айтысының  тілдік  деректері  айқындайды.  Ақындардың  халықтық  тілдің  фразеология  қорын 
көркемдік мақсатқа орай жүйелі пайдаланғандығын мына мысалдардан көруге болады. 
Ə
 
.Қалыбековамен айтысқан Е.Асқаровтың: 
 
 
 
Шырылдап отқа түскен халық үшін, 
 
 
 
 
Ақыннан арылмайды-ау бəрібір сын. 
 
 
 
Бірлік деп  қайран елге сайрап жүрем, 
 
 
 
Құлжа ғып əр ағамды сайлап жүрем. 
 
 
 
Бəрін де  жақсы көрем өздерінің, 
 
 
 
 
Бастары піспей қойды, қайдан білем?!
 – [5, 24]   
деген  жолдарында  «отқа  түсу», «бастары  қосылмау»  сынды  жалпыхалықтық  фразеологизмдер  өз 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №3(37), 2011 ж. 
 
21 
қ
 
алпын сақтап қолданылса, оның қарсыласы Əселхан Қалыбекова
 
 
 
Тұрардай азаматтан айрылғанда, 
 
 
 
Қи басты, қиқым терді, төмендеді. 
 
 
 
Қырық жыл қара киіп жоқтау айтсам, 
 
  
 
 
Шіркіндер, қайта айналып келер ме еді?! – [5, 26]  
деген  шумағында  өлең  ырғағын  сақтау  мақсатында  тіліміздегі  «қара  жамылу»  фразеологизмін  «қара 
кию»  тіркесімен  алмастырып  қолданады.  Сонымен  қатар  «қи  басу», «қиқым  теру»  тəрізді  авторлық 
разеологизмдерді орынды қолданған. Қ.Əбілевпен  айтысқан Ш.Ділдебаев: 
ф
 
 
 
 
Қақ жарар қара қылды, Қарағанды, 
 
 
 
Мен  бүгін  барлығыңа сүйенемін. 
 
 
 
Əділ жұрт, əділ қазы  білсін бүгін, 
 
 
 
 
Өлеңге кімнің жақын, кім өгейін. [5, 29] 
 
 
 
Ырысы тасып елімнің, 
 
 
 
Миллиард болды орғаны. 
 
 
 
Қой үстіне бозторғай, 
 
 
 
 
Жұмыртқалап қонғаны – [5,37]   
деп  «ырысы  тасу», «қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалау»  сынды  жалпыхалықтық  фразеологизм-
ердің лексикалық құрамын өзгертпей сол қалпында қолданған. Ал, Қ.Əбілев:  
д


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет