Лингвистикалық олимпиаданың аймақтық кезеңіне ұсынылған тапсырмалары



бет1/4
Дата24.11.2022
өлшемі480,97 Kb.
#52271
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Байланысты:
Лингвистика олимпиадасына берілген материалдар


Лингвистикалық олимпиаданың аймақтық кезеңіне
ұсынылған тапсырмалары


1. Қарамен берілген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.
2. Сөз құрамына қарай талдаңыз
3. Сөз тіркесіне қарай талдаңыз. (сөздердің байланысу тәсілдері, сөздердің байланысу түрлері)
4.Соңғы сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.
Таң алдында бiр ғана сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түндi ұйқысыз өткiздi. Бiрақ әлi талған жоқ. Әлi де кiтап бетiне үңiлуде. Әр алуан тiлдерде туған бұл кiтаптар бүгiн осы жерге оқыс келiп, қызық бас қосқан. Абай жақсы ұғынатын – шағатай, түркi кiтаптарымен қатар, тiлiн Абай қиналып түсiнетiн араб, парсы және олардан көрi де әлi ауырырақ тиетiн - орыс тiлiндегi кiтаптар.
Мұхтар Әуезов. «Абай жолы», «Тайғақта»


2. Қара, жара, жоба, қора, қожа сөздеріндегі әріптер белгілі бір сандармен белгіленген. Жоба сөзінің сандық белгісін тап.
А) 5373 В) 4373 С) 5173 D) 5143 Е) 4163


3.Мәтінді оқып,1-3 сұрақтарға жауап беріңіз.
Үш тілді бірдей білу өте қызық.Мысалы,орыс тілінде эссе жазып отырсаң,сен мұны ағылшын тілінде де жаза алатыныңды білесің.Сондай-ақ,сен өзге елдің адамын көрсең,онымен де тілдесе аласың.Бірде мен аялдамада тұрғанда шетелдік азамат сол жердегі адамдардан: «Жолақы қанша тұрады?»-деп сұрап тұр екен.Бірақ оған ешкім жауап бере алған жоқ.Сол кезде мен тіл білудің қаншалықты маңызды екенін түсіндім.
Тіл үйрену арқылы сол тілде жазылған кітаптарды оқи аласың,жаңа ақпарат білесің,сол ақпаратқа деген көзқарасыңда ерекше болады,ойлау жүйең де дамиды.Сөз соңында оқырмандарға «Өз тіліміздің қадірін ұмытып кетпеңіздер!»дегім келеді.
Жаңа тіл білу қазіргі заманның талабы екені анық.Дегенмен,біз-Мағжан сенген жастармыз.Өзге тілді біліп,өз тілімізді құрметтеуіміз керек.
1.Мәтінге сай мақалды табыңыз.
А.Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол.
В.Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі ілім біл.
С.Бір тіл білсең-бір адамсың.
Д.Тіл тас жарады
Е.Оқу -білім бұлағы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет