Линза. Линзада кескін салу. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің жоо-ға дейінгі білім беру факультетінің жоо-ға дейінгі дайындық кафедрасының



бет3/3
Дата27.04.2023
өлшемі175,29 Kb.
#87396
1   2   3
Шашыратқыш линза

Шашыратқыш линзамен алынған кескіндердің сипаттамалары

d қандай да болса

f<0

Жалған,тура,кішірейтілген

Жұқа линзаның формуласы.Үш шаманың, нәрсе мен линзаның d ара қашықтығын кескіннен линзаға дейінгі f ара қашықтықты және фокустық F ара қашықтықты байланыстыратын формуланы геометриялық жолмен қорытып шығаруға болады.
  не 
Осы қатыстарды жұқа линзаның формуласы деп атайды.

d,f және F шамалар оң да, теріс те болуы мүмкін. Линза шашыратқыш болған жағдайда F<0 онда жоғарғы формуланың оң бөлігінде -1/|F| теріс шама тұрады, 1/|f| мүшенің алдына кескін шын болғанда "плюс" ,ал кескін жалған болғанда "минус"таңбасы қойылады.Ақырында, 1/|d| мүшенің алдына жарықтаушы нүкте шын болғанда "плюс", ал жалған болғанда "минус" таңбасы қойылады.
Линзаның үлкейтуі.Линза шығаратын кескіннің шамасы әдетте нәрсенің өлшемінен басқаша болады.Бұл үлкейту деген шамамен сипатталады.
Сызықтық үлкейту деп кескіннің сызықтық өлшемінің нәрсенің сызықтық өлшеміне қатынасын айтады.Онда Г =  .
Мұнда h –нәрсенің биіктігі, H-кескіннің биіктігі,Г – линзаның ұлғайтуы
Линзадағы кескіндердің кемшіліктері
1) сфералық аберрация-жалпақ параллель сәулелер шоғын қолданғанда линзада бір фокустың орнына бірнеше фокустың пайда болуы.
2) астигматизм-линзаның ұзын және көлденең өлшемдеріне ,яғни линзаның қисықтығына тәуелді болатын ақау.
3) хроматтық аберрация-линзалар жарық сәулелерін фокусқа жинағанда түске боялған дақтардың пайда болуы.
4) дисторсия-кескіннің қисаюы,бұл қисаю көру аймағы шегінде линзаның көлденең ұлғаюының бірдей болмауынан туады.
Салу есептері:
1.Егер дене 2Ғ фокуста орналасса , онда кескін шын, тең, төңкерілген болады.

2.Егер дене Ғ пен 2Ғ фокус аралығында орналасса, онда кескін шын, кері, үлкейтілген болады.

3.Егер дене Ғ фокуста орналасса, онда кескін болмайды.

4.Егер дене фокус пен оптикалық центр арасында орналасса, онда кескін жалған, тура , үлкейтілген болады.

5.Шашыратқыыш линзада кескін салу: жауабы:кішірейтілген,тура,жалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет