Линза. Линзада кескін салу. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің жоо-ға дейінгі білім беру факультетінің жоо-ға дейінгі дайындық кафедрасының



бет2/3
Дата27.04.2023
өлшемі175,29 Kb.
#87396
1   2   3
Байланысты:
imagePaper36864

Линзаның оптикалық күші. Фокус аралығына кері шама линзаның оптикалық күші деп аталады. Ол D әрпімен белгіленеді: D = .
Фокус аралығы 1м линзаның оптикалық күші 1диоптрия (1дптр) болады. Жинағыш линзаның оптикалық күші- оң; шашыратқыш линзаның оптикалық күші- теріс болады.
Линзада кескін салу.Нәрсенің кез-келген бір нүктесінен шыққан барлық сәулелер, линзадан өткен соң бір нүктеде қиылысатыны бізге белгілі. Дәл осы қасиет бойынша жұқа линза, нәрсенің кез-келген нүктесінің немесе тұтас барлық нүктесінің кескінін береді.Фокустары, оптикалық центрі берілген жинағыш линза арқылы кескін салу үшін, біз сәулелердің " қолайлы" үш түрін пайдаланамыз.Оптикалық бас оське параллель сәулелер, линзада сынған соң, линзаның фокусы арқылы өтетінің айтқанбыз. Линзаның фокусы арқылы келген сәулелер сынғаннан кейін, оптикалық бас оське параллель кететіні байқалады.Ақырында, линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін сәулелер, өзінің бағытын өзгертпейді.
Сөйтіп нүктенің кескінін салу үшін үш сәуленің:
1) Оптикалық центр арқылы өтетін және өзінің бағытын өзгертпейтін сәуле;
2) Оптикалық бас оське параллель сәуле; линзада сынғаннан кейін бұл сәуле(немесе оның созындысы) линзаның екінші фокусы арқылы өтеді;
3) Линзаның фокусы арқылы өтетін сәуле сынғаннан кейін оның бас оптикалық осіне параллель жүреді.
Егер кескін сәулелердің созындыларының қиылысуында жататын болса, онда ол жалған деп аталады.Егер кескін (көзден біртекті ортада түзусызықты таралатын немесе бөліну шекарасында шағылған, не сынған ) сәулелер қиылысатын жерлерде орналасса, онда ол дененің шын кескіні деп аталады.
Жинақтағыш линза

Жинақтаушы линзамен алынған кескіндердің сипаттамалары

d>2F

2F>f>F

Шын, төңкерілген,кішірейтілген

d=2F

F=2F

Шын,төңкерілген, бірдей

2F>d>F

f>2F

Шын, төңкерілген, үлкейтілген

d=F

f=∞

Кескін болмайды

d

f<0

Жалған, тура, үлкейтілген



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет