радикалдары түзіле береді. Бұл тізбекті түрде жүретін процес. Пероксидтер тұрақсыз қосылыстар, олар ыдырағанда альдегидтер пайда болады. Көп мөлшерде малон диальдегиді (МДА) түзіледі. Қандағы МДА концентрациясы бойынша тіндердегі ЛПТ интенсивтілігі туралы айтуға болады. КҚМҚ көп мөлшерде биологиялық мембраналардың фосфолипидтерінің құрамында болады.
Малон диальдегиді-ЛПТ-нің соңғы өнімі.
Пероксидтік тотығу липидтердің гидрофобтылығын азайтады. Мембрана арқылы жасушаның сыртынан ішіне кальций, натрий, су кіреді. ЛПТ мембраналардың, ізінше жасушалардың бұзылуына әкеледі.
Қалыпты жағдайда бұл процесті антиоксиданттық жүйе бақылайды. Ол жеткіліксіз болса процес шамадан тыс жоғарылайды.
Антиоксиданттык қорғаныс жүйесі
Ол екіге: ферментті және ферментті емес болып бөлінеді.