Бұлшық еттердің, май тінінің капиллярларының эндотелийінің сыртқы бетінде липопротеинлипаза (ЛПЛ) деген фермент орналасады. Ол адипоциттерде, миоциттерде түзіледі. ЛПЛ ХМ-дар мен ЛП-дер құрамындағы ТАГ-ты глицерин мен БМҚ-ға дейін ыдыратады. Кейін бұл түзілген өнімдер адипоциттер мен миоциттерге түседі.
ХМ-дар қалдық ХМ-ға айналады. Қалдық ХМ-дар бауыр жасушаларына түседі. ЛПЛ-ның активаторлары – гепарин мен апобелок С-ІІ. Апобелок С-ІІ ХМ-дар мен ТӨТЛП құрамында болады.
Глицериннің тотығуы
АТФ АДФ НАД НАДН2
Глицерин Глицерофосфат ФГА
НАД НАДН2 НАД НАДН2
ПЖҚ АСҚ
2АТФ НSКоА СО2
ҮКЦ (2СО2 + 3НАДН2 +ФПН2+АТФ)
БТ БТ
(9АТФ) ТФ ТФ (2АТФ)
Энергия шығымы
1)АСҚ 12 АТФ
2) ПЖҚ АСҚ-ға тотыққанда:
НАДН2 3АТФ
3) Цитоплазмада: 2АТФ + 2НАДН2
глицерофосфатты малатты
шөрнек механизмдер
4 АТФ 6АТФ
Барлығы: 21 немесе 23 АТФ
-1АТФ
Қорға жиналады: 20 немесе 22 АТФ
БМҚ β-тотығуы
Бұл жолмен жұп немесе тақ көміртек саны бар, қаныққан немесе моноқанықпаған май қышқылдар тотығады. β-тотығу митохондриялардың матриксінде жүреді.
Алғаш БМҚ цитоплазмада активті түрге-ацил-КоА-ға айналады:
R-СООН +НSКоА+АТФ R-СО~ SКоА+АМФ +Н4Р2О7
Май қышқылының қалдығы матрикске митохондрияның ішкі мембранасы арқылы карнитин көмегімен тасымалданады.