Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз



бет2/4
Дата18.06.2022
өлшемі22,3 Kb.
#37004
1   2   3   4
Ән Асылжан, шашу Нұрай
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
«Наурыз» сөзі – біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден, ай аты, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге байланысты айтылады.
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!
Жаршы:
Нұрбек: Жігіттер мен сұлулар!
Той болады, Көктем келді,
Жаңа жылды ерте келді!
Ойын күлкі думанымен
Көптен күткен Наурыз келді?
Жүргізуші: көктем келді, Көктем келсе айнала төңірекке жан кіреді, Алыс жақтан құстар ұшып келеді, қысқы ұйқысынан аңдар оянады. Табиғат жаңарып гүлденеді, бұған адамдар қуанады. Әр халықта Көктем мерекесі әртүрлі тойланады: Балалар бұл мереке қалай аталады? Наурыз мейрамы – жыл басы. Бұл ежелден келе жатқан мереке. Біздің ата – бабамыз үшін жыл басы көктемнен бесталады.
Жаршы:
Естімедім демеңдер
Нұрбек: Құлағыңды сал, халайық!
Шахмардан Есенов мектебінде Наурыз тойын бастаймыз.
Ойын – сауық қабақ бар,
Тіл үйірген тамақ бар,
Күш сынсар жігіттер
Ән салатын қыздар бар.


Нұрсәт:
Көргенде қуанасың таза әуені,
Құлаққа естілгендей жаз әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,
Наурызың құтты болсын, қазақ елі.
Мағжан:
Той дегенде қазақтың жаны кірер,
Бағаңды жас білмесе, кәрі білер.
Наурызың құтты болсын, нар ағалар,
Наурызың құтты болсын, бар інілер.


Мадина: Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер,
Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.
Азамат:
Желпіген аққу құстың қанатындай,
Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай.
Қасиетті наурыз тойы пәктігіңнің,
Тойы деп айтуға да болатындай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет