Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Кіріспе Көрініс (Кемпір мен шал келеді.)
Шал: Бекарыс
Кемпір:Нұрай
Бала: Доди
Келін: Инабат
Кемпір: Ух! Шал екеуіміз талай үйге кіріп шықтық, ағайын – жамағат, көрші – қолаңға жақсы ниетіміз бен тілегімізді білдірдік. Бір көрісіп қуанысып қалдық. Уақыт біршама болып қалыпты, келін шырағым, адыраспан әкелші, үйді аластап жіберейін.
(үйді аластайды)
Алас - алас, әр пәледен алас!
Қараңғы – жарыққа, ызғар – жылыға,
Қара – аққа ауыссын! Жамандық кет!
Бәле – жала кет! Алас! Алас!
Сор – баққа, кесір – киеге.
Жоқ – барға ауыссын! Жамандық кет!
Бәле – жала кет! Алас! Алас!
Балалар төрге қос шырақ жағыңдар. Үйдегі ыдыс атаулының бәрін аққа, ырысқа, кәусәр бұлақтың суына толтырып қойыңдар.
(үйде абыр – сабыр әрекет жасалады, төрге қос шырақ жағылады)
Кемпір: Жыл бойы ақ мол болсын! (Ыдысқа ақ құяды).
Келін: Дән тасқын - тасқын түсімге бай болсын! (ыдыстарға бидай, тары салады).
Доди: Ата, әже, осы бүгін қандай күн өзі. Үйді жылан жалағандай тазалап, түрлі - түрлі тамақ әзірлеп, үстімізге бір киер киімімізді киіп алдық. Бұрын «жат, жат» деуші едіңдер, бүгін міне түн ортасы болды әлі ұйықтаған жоқпыз.
Әжесі: Балам, бүгін ерекше күн. Наурыздың 21 - ші жұлдызы. Осы түні даланы Қыдыр аралайды. Бүгінгі түн «Қыдыр түні».
Доди: Ата, Қыдыр деген кім?
Атасы: Қыдыр – адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, аяулы бабамыз жақсылықтың жаршысы. Қыдыр баба даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ертіп жібереді екен.
Күн сәулесі жер шарының Шығыс бөлігінен таңғы сағат 6 – да себездеп атқан кезде біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат 3-ке тұспа - тұс келеді. Сондықтан қазақ халқы Жаңа жылды 22
наурыз күні таңғы сағат 3 - те қарсы алады, дәл осы сәтте даланы Қыдыр баба аралап, Самарқанның көк тасын ерітсе керек. Сондықтан осы күнді асыға күткен үлкендер: