Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз



бет3/4
Дата18.06.2022
өлшемі22,3 Kb.
#37004
1   2   3   4
Байланысты:
7сынып 22наурыз сценарий

Мөлдір:
Көңілдің құлпыларын ашайық та,
Қиялмен қияларға асайық та.
Қасиетті наурыз тойы елдігіңнің,
Ерке бір қуанышы десе айып па?
Инабат:
Қоғамдық өмір өрістеп,
Сан ғасыр зулап өтсе де,
Наурыз тойын теріс деп,
Айтпаған ешкім әйтсе де.
Өйткені оның бойында
Еңбек, бірлік, достық бар.
Халықтық дәстүр ойынға
Болмақшы емес орын тар.


Нұрсәт:
Жаңа жыл, жаңа тарих баспалдағы,
Алатын асуларын асқардағы.
Қазақтың кең көсілген даласында
Жазылсын болашақтың дастандары


Жүргізуші: 22 – наурыз – аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.Наурыз күні кеш батуға айналған кезде ақындар айтысы басталған. Олар жақсылық пен жамандықты, суық пен жылыны, қыс пен жаздың күресін жырлаған.
Наурыз жырын жырлаймыз,
Онымен де тұрмаймыз.
Шындалып жеткен бұл күнде
Ел дәстүрін сыйлаймыз.
Айша:_Айтыс_айтыс_болады,_Өлең_айтса_жөнімен._Наурыз_тойын_қыздырып_Кім_айтысар_менімен._Досымжан'>Айтыс:
Айша:
Айтыс айтыс болады,
Өлең айтса жөнімен.
Наурыз тойын қыздырып
Кім айтысар менімен.
Досымжан:
Біздің Айша шиқылдап,
Ұқсайды екен шөжеге.
Шөлдеп қапы шөжелер,
Шөлдегенге көже бер.
Айша:
Шуылдаған қозыдай,
Ойнайтұғын, Досымжан
Көже берсе тауыспай,
Қоймайтұғын, Досымжан.
Досымжан:
Қадай алмай түймеңді,
Жылауыңды қойдың ба?
Сабағыңды апаңнан
Сұрауыңды қойдың ба?
Айша:
Сүрінгенді мазақтап,
Жөнің жоққой күлетін.
Сен дейсің бе саусағының
Санын білмей жүретін.
Бірге:
Жылдың басы – Наурыз,
Жырдың басы – Наурыз
Наурызға жыр арнап,
Айтысамыз әлі біз
Жүргізуші:
Ал халайық тұрмайық,
Әндетейік шырқайық.
Тазша:
Балалар, біз жай қыдырып жүрген жоқпыз, ұлттық дәстүр, ән – жырды ел есіне түсіріп, жастарға таныстырып жүрміз. Сіздерге де, «Бүркіт» деп аталатын бір қызық ойын ала келдік. Ал, кәне, болашақ қырандар, бері келіп бақ сынаңдар. Ойын шарты: ойнаушы жүресінен отырып, екі аяғының аралығынан екі қолын жерге тіреп, еңкейіп жердегі орамалды түйіншегінен аузымен іліп алуы керек. Бұл ойын екі білектің күшін сынауға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет