Ұлытау облысы білім басқармасының



бет5/8
Дата11.04.2023
өлшемі93,42 Kb.
#81579
1   2   3   4   5   6   7   8
Бағалау өлшемдері:
стилистикалық шешім;
практикалық қолданылымы;
жасампаздығы;
әлеуметтік маңыздылығы;
видеоматериал сапасы.
5. «GREEN OASES» номинациясы – ландшафтық жобалар байқауы (1 қатысушы). Байқау жұмысы мектеп ауласының, балабақшаның немесе басқа білім беру ұйымының ландшафттық дизайны. Дизайн өлшемдері 50х50 см-ден артық емес, материалды таңдау еркін. Жұмысты қорғау 5 минуттан аспау қажет.
Жұмысқа заттаңба (этикетка) (10х15 см) қоса тіркеледі, онда жұмыстың аталуы, қатысушының Т.А.Ә., жасы, білім беру ұйымы, қала, аудан, облысы көрсетіледі.
Бағалау өлшемдері:
ландшафттық композицияның байқау шарттарына сәйкестігі;
өзіндік ерекшелігі;
жобаның эстетикалық көрінісі;
өсімдік материалының тіршілігін қамтамасыз ету (егер бар болса);
ландшафтық жобаны орындау сапасы.
Номинация бойынша www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме symbat.01.01.77@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
6. «Туған өлкенің бояулары» номинациясы – электрондық экологиялық ашық хат (1 қатысушы).
Бұл номинацияда кез келген графикалық редактордың көмегімен (фотосуреттер, картиналар, портреттер, суреттер, коллаждар және т.б.) орындалған мәтінмен (экологиялық күнтізбе, көркемдік дәйексөздер, поэзиялық, ғылыми-көпшілік шығармалардан, ғалымдардың тұжырымдары, жазушылардың, авторын көрсете отырып, ақындардың экология туралы, адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы, табиғатты қорғау және оның сұлулығы туралы мәлімдемелері, ұрандар, үндеулер және т. б.) қоса ұсынылған суреттер қабылданады.
Файл параметрлері: JPG форматы. Көлемі – 5 мб. Қосымша материал ретінде жұмыс жасау процесін көрсететін фотосуреттер ұсынылады. Мәтіндік түсініктемелердің болуы міндетті: жұмыстың аталуы, автордың аты-жөні, орындау техникасы, қажет болған жағдайда – мазмұнын түсіндіру.
Номинация бойынша жұмыстар symbat.01.01.77@mail.ru электронды поштасына қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет