Литература Республикалық педагогикалық-әдістемелік журнал Республиканский педагогико-методический журнал



Pdf көрінісі
бет22/69
Дата30.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#63706
түріЛитература
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69
Байланысты:
Казақ тіді 5-6- 2022 Дұрыс 1000

№5-6/2022
Қазақ тілі және әдебиеті. Русский язык и литература
17
көбіне-көп негізгі жұмыс орнындағы қызметпен байланы-
сты болады. Мысалы, ер адам үшін негізгі жұмыс орнымен 
анықталады: банк директоры, заңгер, жұмысшы, ал әйел 
адам үшін – тұрғылықты жерімен айқындалады. Бұдан да 
басқа нұсқалары болуы мүмкін. Бұл басты мәртебенің салы-
стырмалы екенін көрсетеді, оның жынысқа, нәсілге немесе 
мамандыққа байланысты емес екендігін анық көрсетеді.
Тағы да бір үлкен ерекшелік – тұлғаның сөйлеу әдебімен 
байланысты. Яғни, тұлғаның тілі, сөзі, сөйлеу әдебі оның
әлеуметтік мәртебесін анықтауда үлкен қызмет атқарады.
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құрал-дарының 
ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы 
– тіл. Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті 
туралы айта отырып, сөз мәдениетіне соқпай кету мүмкін 
емес.
Сөз мәдениеті, біріншіден, ауызекі тіл мәдениеті және 
жазба тіл мәдениеті болып екіге бөлінеді.
Ауызекі сөйлеу тілінің де жазба тілінің де бастау негізі – 
белгілі бір ұлттың дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтың 
тілі. Ауызекі сөйлесу кезінде жеке адамдар өзінің мінез-
құлқын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу –
өнер, мәдениеттіліктің белгісі. 
Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын жазба тіл. 
Соның ішінде жазба әдеби тіл. Жазба әдеби тіл – жазу 
арқылы белгілі жүйеге түскен жазу дәстүрі мен әр түрлі жаз-
ба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты нормалары
стильдік жанрлық тармақтары бар тілдің түрі.
Екіншіден, сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану (сөз 
дұрыстығы) және сөзді бедерлі жұмсау (сөз шеберлігі) деген 
екі сатыдан тұрады.
Сөз дұрыстығы қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, 
үлгі тұтқан нормасын ұстану дегенді білдірсе, сөз шеберлігі 
тек нормаға тән дұрыстықты ғана білдірмейді, сонымен қатар 
алуан түрлі тілдік амал-тәсілдерінің ішінен мағына, стильдік 
жағынан аса дәл, ұтымды түрін талғау дегенге негізделеді. 
Бұл жерде сөзге дұрыс не бұрыс деген баға берілмейді. Сөз 
дәлірек, айқынырақ деп бағаланады.
Тіл анық болмас, ой анық емес деген сөз. 
Тіл – ойдың айнасы. Тілдегі сауатсыздық – адамның жал-
пы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани 
байлығының әлсіздігі.
Сөз мәдениеті – әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән 
нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын 
ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде 
мәдениеттілік, әдептілік таныту. Сөз мәдениеті қазіргі 
әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан нормала-
рын жеке адамның, оқушының сақтауын талап етеді. 
Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, 
варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді 
қайталау беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене 
қимылдарын араластыра беру сөз мәдениетіне жатпайды. 
Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды 
қолдану сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті 
сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті 
теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті 
түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, 
синонимдік т.б. арнаулы сөздіктер маңызды орын алады.
Сөздің ұғымы дөрекілеу, қолайсыздау, көңілге тиетіндей бо-
лып келген жағдайда тілде бір сөз бір сөзбен алмастыры-
ла береді. Мұндай кезде мағынасы тұрпайы сөздің орнына 
сол ұғымды жұмсартып, жеңілдетіп сыпайы, жұмсақ сөздер 
қолданылады. Мұндай сөздер тіл білімінде эвфемизм деп 
аталады. Эвфемизмдер көп жағдайда сыпайыгершілік пен 
әдептілікке негізделеді. Демек, қазіргі кездегі қолданылып 
жүрген эвфемизмдер халқымыздың бүгінгі таңдағы 
қалыптасқан этикалық, мәдени нормаларының көріністері 
деп есептеледі.
Эвфемизм – тура айтылатын сөзді сыпайлап айту. Бұл 
терминнің қазіргі мән-мағынасы қолайсыз сөзді сыпайы 
сөзбен ауыстырып айтуға саяды. Мәселен, өтірік айтпа 
деудің орнына қоспай айтыңыз, жүкті, екіқабат әйел деудің 
орнына аяғы ауыр, мылжың деудің орнына сөзуарлау деу де 
сыпайылап айтудың бір түрі. Адам қайтыс болғанда өлді де-
мей, бақиға аттанды, жүріп кетті, дүние салды деген сөздер 
қолданылады.
Қазақ тіліндегі сөз мәдениетінің дамуына ауыз әдебиетінің 
өкілдері және Абай, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, т.б. 
шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде сөз 
мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, 
Р. Сыздықова т.б. ғалымдар зерттеді.
Сөз дұрыстығы, байлығы, тазалығы, көрнекілігі – сөйлеу 
мәдениеті. Ал сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы – 
шешендік өнер.
Еліміз егемендік алып, көк байрағымыз көкте желбіреп, 
елтаңбамыз елдігімізді айқындап, әнұранымыз асқақ 
шырқалып, ел алдына мақсат қойып, бағытын айқындар 
жолды таңдап, жарқын болашаққа бет бұрған шақта ең ба-
сты назарда ұстағанымыз – ұлттық құндылықтарымызды 
жаңғырту, тілімізді биік тұғырдан көру, сөз мәдениетін, 
шешендік өнерімізді дамыту, бәсекеге қабілетті, сөйлеу 
мәдениеті жоғары ел болу екені баршамызға мәлім. Міне, 
егемендік алған жылдар ішінде еліміз межедегіден де артық 
іс тындырды. Бұл қазақ ұлтына ғана тән қасиет. Жетістігіміз 
ұшан-теңіз.
Құран Кәрімде сөз сөйлеу жайында нәзік сырларды алға 
тартып, бізге төмендегі сөйлеу әдептерін ұсынған. 
Олар:
Жақсы сөз айту.
Шыншыл болу.
Әділ болу.
Көркем сөйлеу. 
Жылы сөйлеу. 
Сыпайы сөйлеу. 
Жағымды сөз айту. 
Жалған сөзден аулақ болу. 
Бос сөзден аулақ болу. 
Жөні түзу сөз айту.
Ежелгі заманда Сократтың өзі «Мен сені танысын 
десең, әңгіме айт» деген екен. Себебі, әңгімесінен адамның 
болмысы байқалады. Сөйлем құрауынан, сөзді ұтымды 
қолдануынан, дауыс ырғағынан, сауатты сөйлеуінен және 
т.б. ұсақ-түйектерге қарап тұрып адам танылады екен.
Ел арасында «Киіміне қарап қарсы алады, ақылына 
қарап шығарып салады» деген сөз бар. Адамның ақылын 
сөзіне қарап танығандықтан айтылған сөз болса керек, 
екі ауыз сөзінен-ақ адамның рухани деңгейі қандай екенін 
білуге болады. Себебі, рухани деңгейі сөйлеу мәнерінен 
байқалады. 
Мұғалімдердің міндеті – оқушылардың дұрыс мәдениетті 
сөйлеуін қадағалау, ол үшін өз пәндеріне қатысты қосымша 
кітапты, әдеби кітаптарды оқыту, қосымша ақпарат беріп сөз 
байлығының артуын қадағалау.
Жоғалтқанымызды қайта тауып, тілімізді дамытып, 
ескімізді жаңарттық. Ұлтымыздың өзгеден ерекше қабілетті, 
дарынды, ынтымағы, бірлігі жарасып, батыр, мықты ел 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет