№5-6/2022 Қазақ тілі және әдебиеті. Русский язык и литература
20
ОРАЛХАН БӨКЕЙ. «АТАУ КЕРЕ» ПОВЕСІ Гаухар Женисовна ЖАЛМУКАШЕВА Қалам Есқалиев атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
педагог-зерттеуші,
Индер ауданы, Атырау облысы
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндері бірлестігінің онкүндігі аясында жаратылыстану- математикалық бағыттағы 11-сыныптың «Қазақ әдебиеті» пәнінен өткізілген ашық сабақтың қысқа мерзімді сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: «Оралхан Бөкей. «Атау
кере» повесі. Өмір – адам – Табиғат»
Бөлім: Кеңістік пен уақыт
Күні: 13.10.2022
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: Т\Ж11.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер
жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір
шындығын көрсету;
А\И 11. 2.4.1 - әдеби туындыда көтерілген мәсе-
лелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық
жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін
тақырыптарға шығарма) жазу.
Сабақтың мақсаты: Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесіндегі
кейіпкерлер бейнесін жан-жақты талдайды, жинақтау
мен даралау арқылы өмір шындығын көрсетеді,
әдеби туындыда көтерілген мәселе арқылы өзіндік
көзқарасын білдіреді, шығармашылық жұмыс жазады.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушы орындай алады: Оралхан Бөкейдің
«Атау кере» повесіндегі кейіпкерлер бейнесін тал-
дайды, көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасын
білдіреді.
Оқушылардың
көпшілігі
орындай
алады:
Кейіпкерлер бейнесін жан-жақты талдайды, әдеби
туындыда көтерілген мәселеге өзіндік көзқарас
тұрғысынан шығармашылық жұмыс жазады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Оралхан
Бөкейдің «Атау кере» повесіндегі кейіпкерлер
бейнесін жинақтау мен даралау арқылы өмір
шындығын көрсетеді, әдеби туындыда көтерілген
мәселе арқылы өзіндік көзқарасын білдіреді,
шығармашылық жұмыс жазады.