Литературоведение



Pdf көрінісі
бет12/21
Дата01.01.2017
өлшемі2,1 Mb.
#904
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

SUMMARY 
 
Koitasova G.A., 
senior teacher, master 
(
city Almaty,
  University of Foreign Languages and Business Career) 
Innovative teaching of foreign languages and training future multilingual individuals in 
the lingvo-cultural aspect globalization epoch 
The  article  is  devoted  to  a  current  issue  of  bilingual  and  multilingual  occurence  in  our 
country. In lingvo-cultural aspect of studying, it says about positive influence on individuals in 
learning  foreign  languages,  the  importance  and  necessity  of  teaching  and  training  multilingual 
individuals in the globalization epoch. 
Keywords:  language,  bilingualism,  multilingualism,  foreign  language,  individuals, 
occurrence,  globalization,  native  speakers,  communication,  aspect,  language  environment, 
language learning, lingvo-cultural competence, competitive, modern technology. 
 
 
 
ӘОЖ 41 Қ 77 
 
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ 
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ 
 
Г.Б. Құрмашева, 2 курс магистранты  
(Алматы қ., Қазақ  мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Бұл  мақалада  ағылшын  тілі  сабағында  оқушылардың  танымдық 
қызығушылығын арттыруда ойын элементтерін қолдану әдістері қарастырылады. 
Түйін  сөздер:  танымдық  қызығушылық,  танымдық  әрекет,  оқу  үрдісі,  оқыту 
әдістемесі, ойын элементі, іздену дағдысы, әдіс-тәсіл т.б. 
Елбасы  Жолдауында кез келген орта санатты  мектептің балаларының ең жоғарғы 
деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек 
делінген.  Жалпы  орта  білім  беретін  мектептерде  қазіргі  таңда  шет  тілін  меңгертуге  аса 
мән  беріліп  отыр.  Қазақстан  Республикасындағы  ең  бірінші  кезекте  тұрған  тіл  саясаты 
туралы  басты  мәселе  мемлекеттік  тілді  еркін  меңгерту,  шет  тілін  меңгертудегі  басты 
мақсат  –  білім  алушылардың  сапасын  халықаралық  стандартқа  сай  көтеру.  Бұл  үшін 
жетілдірілген  әдіс  –  шетел  ғалымдарының  іс-тәжірибелерімен  танысу  қажет  екендігі 
ешбір дау туғызбайтыны белгілі. 
Қазақстанның  білім  беру  жүйесінің  әлемдік  білім  кеңістігіне  біртіндеп  өтуі 
жағдайында  шетел  тілдерін  оқытудың  рөлі  артады.  Әрине  ағылшын  тілін  оқыту 
әдістемесінің  бірі  –  ойын  элементтерімен  іс-әрекеттер  арқылы  оқыту.  Ойын  элементтері 
оқытудың  бір  түрі  болып  табылады.  Бұл  әдістің  тиімділігі  оқушылардың  белсенділігін, 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
104 
пәнге  деген  қызығушылығын,  ынтасын  арттыруында  болып  табылады.  Оқудың  алғашқы 
кезінде  оқушының  тілдік  материалдарды  жеңіл  меңгеріп  кетуіне  көмектеседі.  Ойын 
түрлері  дұрыс  өткізілген  сабақта  оқушылардың  тілді  үйренуіне  ынтасы  артып,  сол  тілді 
білуге қызығады. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын 
элементтері болып саналады. Ойын оқушыға бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіру 
дағдысының  қалыптасуына  мүмкіндік  туғызады  [1.33].    Ағылшын  тілін  оқытуда  ойын 
түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді:                                             
1.
 
Алфавитті дұрыс меңгерту; 
2.
 
Орфографияны дұрыс оқыту; 
3.
 
Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру; 
4.
 
Лексиканы меңгерту; 
5.
 
Оқушылардың  ойын  дамыту,  дұрыс  жазу,  дұрыс  айту,  дұрыс  білу  дағдысын 
қалыптастыру. 
6.
 
 Оқушыларды  шетел  тілінде  қарым-қатынас  жасауда  әрбір  мұғалім  өз 
сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданып, сабақты қызықты өтуге, 
оқушылардың  тілге  деген  қызығушылығын  арттыруға  білім  деңгейін  тексеру  құралы 
ретінде пайдалануға болады. Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына, тіл 
қорына сай болу керек. Мұғалім кез келген ойынды өткізу үшін алдын ала жоспар құрып 
алуы керек. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарды 
біліп, оны орындауы тиіс. 
Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады: 
1.
 
Ойынның өтілетін сабақтардың мазмұны мен тақырыбына сай болуы. 
2.
 
Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу. 
3.
 
Ойынның ойналу түрі – топ болып ойнау. 
4.
 
Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы. 
5.
 
Қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең таңдау. 
6.
 
Ойындардың өту   барысының жоспарын жасау. 
Мұғалім алдымен оқушының оқуға деген қызығушылығын оятуы қажет. Оқушының 
қызығу  жәрдемімен  оқып  үйрену  барысында  қабілеті  ашылып,  дарыны  ұшталады,  өз 
күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара  тұлғалық  сипаттарға  ие 
бола бастайды. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді 
пайдаланылған  ойын  түрлері  мұғалімнің  түсіндіріп  отырған  материалын  оқушылардың 
зор  ынтамен  тыңдап,  берік  меңгеруіне  көмектеседі.  Өйткені  төменгі  сыныптағы 
оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен 
кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар 
барлық сыныптарда қолданылады. Сонымен бірге, сынып ішінде ойнайтын ойындар мен 
іс-әрекеттер  арқылы  да  оқытуға  болады.  Біз  сынып  ішінде  ойындарды  қашан 
қолдануымыз  керек.  Мысалы,  сабақ  үстінде  жаңа  сөздерді  қайталау  үшін,  өтілген  жаңа 
сабақты  еске  түсіру  үшін  қолданған  жөн.  Сынып  ішінде  мынадай  ойындарды  ойнауға 
болады:  
What’s in the bag? 
Heads  and Tails 
Travelog 
Board Race 
Order  Race 
Question race 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
105 
 
Бұл  ойындар  оқушылардың  танымын  кеңейтіп,  білім  мен  білік  шеберліктерінің  жан-
жақты  дамуына,  қалыптасуына,  тілдік  материалдарды  жақсы  біліп,  сөз  іскерліктерін 
меңгеруіне көп көмектеседі [2.48]. 
Ойындар  оқушылардың  танымдық  қызығушылығын,  ақыл-ой  белсенділігін 
қалыптастырудың  маңызды  құралы  бола  отырып,  олардың  бағдарлама  материалының 
негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді әрі пысықтауды көздейді. 
Бұл  ойындар  балалардың  сабақ  үстіндегі  жұмысын  түрлендіре  түседі,  олардың  пәнге 
қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау 
қабілеттерін  дамытады.  Ойындар  арнайы  мақсатты  көздейді  және  нақты  міндеттерді 
шешеді.  Ойынның  мақсаты  бағдарламада  анықталған  білім,  білік,  дағдылар  жайында 
түсінік беру, оларды қалыптастыру және тиянақтау, пысықтау немесе тексеру сипатында 
болып  келеді.  Ойынның  міндеті  баланың  қызығушылығын  оятып,  белсенділігін  арттыру 
мақсатында  іріктеліп  алынған  нақты  мазмұнымен  анықталады.  Ойын  ұғымына  түсінік 
берсек,  бұл  баланың  мінез-құлқына  өзі  басқарумен  қатар  топпен  жұмыс  жүргізе  білу 
әрекеті, ол баланың бір-біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. 
Сондықтан  бағдарлама  бойынша  бекітілген  оқыту  үрдісінде  ойын  түрлерін  сабақ 
үрдісінде үнемі пайдаланып отыру керек. Ағылшын  тілі  пәнінде  көбіне  рольдік  ойындар, 
грамматикалық ойындар, лексикалық ойындар, танымдық ойындар қолданылады. Ойын – 
оқу,  еңбек  іс-әрекеттерімен  бірге  адамның  өмір  сүруінің  маңызды  бір  түрі.  Іс-әрекетті 
кесте  түрінде  қарастырсақ,  оқушының  белсенділігі  мен  білім  сапасын  көрсетеді.  Білім 
алумен  оқушылардың  қызығуы  артады.  Оқушыны  топпен  жұмыс  істеуге  үйретеді.  Бала 
еңбек  етуге  дағдыланады.  Танымдық  әрекеттерді  қалыптастырады.  Ұйымшылдық 
қабілетті  жетілдіреді.  Ойлау  қабілеті  артады.  Ойынның  өзіне  тән  мотивтері  болады. 
Мысалы:  мазмұндық,  рөлдік  ойындар  баланың  зейінін,  есін,  ойлауын,  қиялын 
қалыптастыруда  зор  маңыз  атқарады.  Ойын  әсері  арқылы  бала  өз  қасиетін  қалай 
қанағаттандыра  алатындығын,  қандай  қабілеті  бар  екенін  байқап  көреді.  Ал,  ақыл-ой 
ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, 
байқағыштығын,  зейінділігін  арттырумен  қатар,  ерік  сезім  түрлерін  дамытады.  Ойын 
түрлері  өте  көп.  Соның  ішінде  сабақта  пайдаланылатын  танымдық  ойындар,  сөздік 
ойындар  жан-жақты  дамытып,  білімді  толық  игеруіне  көмектеседі.  Ойын  түрлерінің 
материалдары  сабақтың  тақырыбы  мен  мазмұнына  неғұрлым  сәйкес  келсе,  оның 
танымдық,  тәрбиелік  маңызы  арта  түседі.
 
Оны  тиімді  пайдалану  –  сабақтың  әсерлілігін, 
тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығы артады.  
Ойынды сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап, қолданып 
отырады [3.124]. 
1.
 
«What’s  in  the  bag?»  –  «Сөмкеде  не  бар?»  ойыны  (Лексикалық  ойын).  Мұғалім 
алдымен балаларға бір сөмке алып келеді. Балалардан сұрайды: – Балалар сөмкеде не бар? 
–  Балалар  сөмкенің  ішінде  дәптер,  қалам,  кітап  бар  деп  айта  бастайды.  Мұғалім  бұл 
ойынды  сабақ  соңында  қолданса  болады.  Әсіресе,  жаңа  сөздерді  еске  түсіру  үшін 
қолдануға  болады.  Мұғалім  сөмкенің  ішіндегі  заттармен  таныстырады.  Сөмкеде  не  бар? 
Мұғалім  оқушылардан  «What’s  this?»  сұрағы  арқылы  затты  көрсету  арқылы  сұрайды. 
Мысалы: Pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке 
қайталатады.  Сөздерді  ұмытпау  керек.  Сосын  оқушыларға  сөмке  ішіндегі  заттарды 
таратып  беріп,  оқушылардан  осы  заттарды  мына  сұрақ  арқылы  сұрауға  да  болады. 
Мысалы:  «Who  has  a  pencil? Who  has  a  ruller?».  Жауап  бергенде  оқушылар  кімде  екенін 
табу  керек.  Оқушылар  тапса  «Zhanar  has  a  pencil»  деп  табу  керек.  Бұл  ойын  арқылы 
оқушының  сабаққа  деген  қызығушылығы  артып,  сөздік  қорлары  молайып,  есте  сақтау 
қабілеті артады. 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
106 
2.«Boardrace»  –  «Тақта  сайысы»  ойыны.  Бұл  ойынның  шарты:  Мұғалім 
оқушыларды  екі  топқа  бөліп,  ойынның  ережесімен  таныстырады.  Бұл  ойында  мұғалім 
түстер,  сандар,  сөздер  айтады,  сол  айтылған  сөздерді,  сандарды  оқушылар  қатесіз  жазу 
керек. Келесі  оқушы әрі  қарай жалғасын  жалғастырып отырады. Соңында оқушылардың  
жазғанын тексеріп, қателерін жөндеп, қай топтың жеңгенін анықтайды. Мысалы:  
P-1 ---- White P-2 -----   White  
Thirty   ----- Thirty 
Umbrella  ---- Umbrella 
Winter  ---- Winter 
Desk ------  Desk 
Осылай  рет-ретімен  оқушылар  жалғастырып  болған  соң  қателерін  жөндеп,  қай 
жақтың  жеңгенін  айтады.  Бұл  ойында  оқушылар  шапшаңдықты,  дұрыс  жаза  білуді,  есте 
сақтау  қабілеттерін  арттырады.    Ойын  барысында  жеке  оқушының  қабілеті,  іскерлігі 
көрінеді.  Мұғалім  әр  оқушының  жұмысын  бағалауға  мүмкіндік  алады.  Ойын  оқушыны 
бірігіп жұмыс істеуге үйретеді, іздену дағдыларын қалыптастырады.  
3.  «Travelog»  –  «Caяхаттар  туралы    әңгімелер»  ойыны.    Мақсаты:  өткен  шақты 
қайталау (Simple Past). (Грамматикалық ойын).  Қажетті  материалдар:  Мұғалім 
немесе  оқушылардың  соңғы  саяхаты  туралы  слайдтар.  Оқушыларға  осы  слайдтар 
көрсетіледі,  ал  оқушылар  болса,  саяхат  туралы  ауызша  әңгіме  құрастыруға  тырыса 
отырып, оларды кезек-кезек айтып шығады. 
Мысалы:  
1-ші оқушы: «This  is where we stopped to go swimming»; 
2-ші оқушы: «Unfortunately, the   water was   so cold»; 
3-ші оқушы: «Then we ate at this restaurant, where the food was too cold»;  
4-ші оқушы: «At the zoo, we saw all kinds of animals, including this bear»; 
5-ші оқушы: «This is our motel. The beds were too soft and the walls were too thin. We could 
hear  our  neighbour’s  TV  better  than  ours».  Бұл  ойын  білім  деңгейі  орташа  оқушыларға 
арналған.  Әсіресе,  тілді  үйренушілердің  ауызекі  сөйлеу  дағдыларын  дамыту  үшін 
арналған. 
4.  «Architects»  –  «Архитекторлар»  ойыны.  Қажетті  жабдықтар:  «Қала  мен  ауыл» 
тақырыбына  салынған  суреттер.  Оқушылар  қала  мен  ауылды  суреттеуге  жаттығады. 
Сынып  үш  немесе  төрт  топқа  бөлінеді.  Бірнеше  минуттың  ішінде  оқушылар  өздерінің 
жобаларын  қарастырады.  Кімнің  әңгімесі  толық  та,  қызықты  болса,  сол  топ  жеңіске 
жетеді.  Ал  жобаны  қорғауға  топтың  бір  мүшесі  шығады.    Мысалы:    This  is  a  student 
complex. Here you  see a modern multi-story building at the the university. And this is a new 
building of the hostel. It has got all modern conveniences. Not far from it there is a library with 
a large reading-hall. Near the university there is  a small stadium. There are some squares and 
small gardens. This is the place where the students can have a rest.  Бұл 
ойын 
балаларды 
іскерлікке  үйретеді.  Іскер  ойындар  –  баланың  есейсем  немесе  тез  арада  ересектердің 
ісіне аралассам деген қиялдарын ойын үстінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Бүкіл  сабақ  бойында  оқушының  қызығушылық  ынтасының  төмендеуіне  мынадай  
себептер әсер етеді: 
1.
 
Ойлау жүйесіне, миына көп салмақ түсу;  
2.
 
Сабақты бірыңғай, бірсарынды  жүргізу; 
3.
 
Жазба жұмысын мөлшерден  тыс  жиі жүргізу; 
Нашар  оқитын  оқушыға  көбірек  көңіл  бөліп,  сабақты  созып  жіберу.    Демек, 
оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдердің бірі – ойын 
болып  саналады.  Ойын  барысында  жеке  оқушының  қабілеті,  іскерлігі  көрінеді.  Мұғалім 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
107 
 
әр оқушының жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге 
үйретеді, іздендіру, іздену дағдыларын қалыптастырады. Ойын түрлерін қолдану арқылы 
жаңа  тақырыпты  жеңіл  де  тиянақты,  нақты  түсіндіруге,  меңгеруге  жағдай  жасалып,  ол 
оқушының 
санасында 
берік 
сақталатын 
болады 
[4.43].                                                                                                                                                           
Ойын 
түрлерін 
пайдалану 
мынадай 
нәтижеге 
жеткізеді.                                             
Нәтиже:  
1.
 
Әр оқушының шығармашылығы артады.  
2.
 
Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады. 
3.
 
Оқушының жеке қабілеті нықталады. 
4.
 
Оқушы топ жаруға ұмтылады. 
5.
 
Оқушының ойлау  қабілеті дамиды. 
6.
 
Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады. 
Қорыта келгенде, шет тілін оқыту үрдісінде ойын түрлерін пайдалану  – біріншіден, 
оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден – балалардың сабаққа деген 
қызығушылығын  көтеру  болып  табылады.  Ойынды  дұрыс  ұйымдастыру  оның  нәтижелі 
болуының басты себебі екенін есте ұстау абзал. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Терлікбаева Н. Шетел тілін оқыту туралы // Қазақстан мектебі. №11, 2000, – 33 б. 
2.
 
Ровинская  С.В.  Игры  в  обучении  английскому  языку  //  Иностранные  языки  в 
школе. №2, 2008, – 48 с.  
3.
 
Стайнберг  Д.  110  игр  на  уроках  английского  языка  /  Дж.Стайнберг.  –  М.:  ОО   
Издательство Астрель. 2004,– 124 с.     
4.
 
Ақбаева К. Дидактикалық ойындар // Бастауыш мектеп. №10, 2003,– 43 б. 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Курмашева Г. Б., 
магистрант 2 курса, 
(г.Алматы, Казахский государственный  женский педагогический университет) 
 
Использование игровых элементов в  формировании познавательного 
интереса учащихся 
В  статье  рассматриваются  особенности  использования  игровых  элементов  в 
формировании познавательного интереса учащихся. 
Ключевые слова: познавательный интерес, познавательный деятельность, 
учебный  процесс,  методика  обучения,  игровые  элементы,  исследовательские  навыки  и 
т.д. 
 
SUMMARY 
 
Kurmasheva G. B., 
2
nd
 course of master 
(Almaty city, Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
 
Using the elements of games in the formation of the pupils’ cognitive interest 
This article deals with the importance of using the elements of games in the formation of 
the pupils’ cognitive interest. 
Keywords:  cognitive  interest,  cognitive  activity,  teaching  process,  teaching  methods,  the 
elements of  games,  etc. 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
108 
 
ӘОЖ 811.111:16 
 
ШЕТЕЛ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН 
ПАЙДАЛАНУ 
 
Ә.Н. Құспанова, 
аға оқытушы, 
З.Р. Ұлтарақова, 
аға оқытушы 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Болашаққа  бағытталған  білім  екі  принципке  сәйкес  дамуы  керек: 
қоғамның  ауыспалы  жағдайына  студенттердің  бейімделуін  дамыту  мен  алынған 
ақпаратты зерделеу мен қолдану. Білім берудің негізгі міндеті – адамды ойлауға үйрету. 
Сыни ойлауға тек нәтижені бағалай алу ғана емес, сонымен қатар ойлау процесі де кіреді. 
Жоғарыда  айтылғандарды  есепке  ала  отырып,  оқыту,  соның  ішінде  шет  тілін  оқытуда 
студенттерге сыни ойлау дағдысын, таным және қажетті ақпаратты алу тәсілдерін үйрету 
қажет деп ойлаймыз.  
Түйін  сөздер:  танымдық  әрекет,  білім,  рефлексия,  сыни  ойлау,  графикалық 
ұйымдастыру. 
Сыни ойлауды дамыту тәсілдері студенттердің танымдық әрекетін және дербестігін 
белсендіруге мүмкіндік береді. Оқытушыдан студентке ақпараттың енжар берілуі тиімсіз, 
өйткені  ол  қызығушылық  тудырмайды,  ізденісті  ынталандырмайды  және  жансыз  тәсіл 
болып  табылады.  Білім  бір  жерде  тұрақталып  тұрмайды,  біз  суды  бір  ыдыстан  екінші 
ыдысқа құйғанымыз секілді адамнан адамға берілмейді. Білім – серпінді, оның нақты бір 
адамға  тән  «түсінік  жағдайы»  бар.  Жемісті,  белсенді  жұмыс  жасау  үшін  студенттер 
ақпараттың негізгі (базалық) көлемін игеруі тиіс, өйткені ол болашақта сол пән бойынша 
жеке ойын тиімді қалыптастыруға көмектеседі, сонымен қатар белсенді оқуды – зерттеуді 
ынталандыруға,  негізгі  білім  алғаннан  кейін  пайда  болған  сұрақтарға  жауап  іздеуге 
студенттерді қажетті құралмен қамтамасыз етуге көмектеседі.  
Оқытушының  міндеті  –  таным  мен  ойлау  үрдістерін  көрсету,  бұл  студенттердің 
болашақта  өз  білімдерін  құрастыруға  пайдалы  болатын  бірнеше  әдістер  мен  тәсілдерді 
үйренуі  үшін  қажет.  Ойлау  үрдісінің  осындай  көрінісі  студенттерге  өз  оқулары  үшін 
жауапкершілікті  алып,  қалай  оқу  керектігін  көрсетеді.  Студенттер  өздері  үшін  таным 
мақсатын  анықтауы,  ақпаратты  белсенді  іздеу  және  өз  үйренгендерін  ойлануы  қажет. 
Үлгіде  мынадай  сызба  жүзеге  асырылады:  «ШАҚЫРУ-ҰҒУ-РЕФЛЕКСИЯ»,  бұл  сыни 
ойлауды дамыту тәсілдерінің негізі болып табылады.  
Сыни  ойлауды  дамыту  тәсілдерін  пайдалана  отырып,  шет  тілін  үйрену  тек 
студенттердің  ақпаратты  іздеуде  белсенді  танымдық  әрекетін  қарастырып  қана  қоймай, 
сонымен қатар сараптау, ойлану, бағалау, әртүрлі көзқарастар қою, өз пікірін қуаттау, өз 
айтқанын дәлелдеу, қорытынды жасау, мәселелерді шешуді қарастырады.  
Алға  қойылған  мақсаттарға  тиімді  жету  үшін  тек  шет  тілін  оқытудың  әдістері  мен 
тәсілдерін  қарастырып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  оқу  бағдарламасын  дамытып  және 
өзгертіп  отыратын,  үйретуші  материалдарды  таңдағанда  сыни  қарайтын,  дербес  шешім 
қабылдайтын,  студенттердің  жақсы  нәтижеге  қол  жеткізуі  үшін  сұраныстарын, 
мүмкіндіктерін,  қабілеттерін  ескере  отырып  оқу  үрдісін  икемді  жоспарлай  алатын 
оқытушының дайындығын да есепке алады. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
109 
 
Шет  тілін  оқыту  алдында  белгісіз  болған  жаңаша  нәрселерді  анықтау,  зерттеу, 
үйренуге  жағдай  жасаудан  тұрады.  Мұндай  жағдайда,  оқытушы  тек  ақпарат  көзі  ғана 
емес,  ұйымдастырушы,  мотиватор,  дәнекер  рөлін  атқарады,  өйткені  ақпараттың  көлемі 
бір  мезетте  ұлғайып,  бір  мезетте  ескіріп  отырады.  Осыған  байланысты,  оқытушының 
негізгі  міндеттерінің  бірі  –  сыни  ойлауды  дамыту  әдістерінің  арқасында  барлық  оқу 
тәртібінде, сонымен қатар күнделікті өмірде пайдаланылатын студенттерді дербес жұмыс 
жасау дағдысына үйрету болып табылады. 
Оқу  үрдісінде  белсенді  қатысу  –  шақыру  сатысының  мақсаты,  өйткені  студент  тек 
қатысып  қана  саналы,  мақсатты  ойлай  алады,  өзінің  әрбір  сөзіне  ойша  енеді,  бұл 
ақпаратты  терең  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Бұл  сатыда  қызығушылық  тудыру  және 
студенттердің осы тақырып бойынша  мақсаттарын анықтау маңызды болып табылады, 
өйткені адамның дербес қойған мақсаты біреудің міндеттеп қойған мақсатына қарағанда 
әлдеқайда  күштірек.  Қызығушылық  пен  мақсат  студенттердің  белсенділігін  қолдауда 
үлкен  мәнге  ие,  өйткені  жеке  қызығушылық  жеке  мақсатты  тудырады.  Келісе 
алмаушылық  пен  қарама-қайшылықтың  болуы  жаңа  нәрсені  тануға  ынталандырады. 
Материалдарды  графикалық  түрде  ұйымдастыру  арқылы  (үлгілер,  кестелер, 
диаграммалар,  кластерлер  және  т.б.)  ойлау  үрдісі  нақтылы  түрде  іске  асырылады.  Ой 
өрісі,  идеялардың  өзара  байланысы,  ойланып-толғану  стратегиялары  графикалық  сурет 
түрінде  болса  анық,  көрнекі  әрі  түсінікті  болады.  Бұдан  басқа,  материалдарды 
графикалық ұйымдастыру оқытудың барлық этаптарында қолданылуы мүмкін: зерттеуді 
ұйымдастыру тәсілі ретінде, оны қажетті арнаға бағыттау тәсілі ретінде, алынған білімді 
ойланып-толғануды ұйымдастыру құралы ретінде. 
Әрқандай  ойлануда,  мейлі  қай  деңгейде  болсын,  жаңа  нәрсені  іздеу  және  ашу  бар. 
Негізгі  (базалық)  білімі  бар  студент  мәселені  шешу  кезінде  өзіне  жаңалық  ашады,  осы 
пәннің өзіне белгісіз қырларын ашады, демек, ойлаудың шынайы үрдісі іске асады. 
Сыни тұрғыдан ойлау дегенде ойлау үрдісі мен нәтижесін бағалау, күшті және әлсіз 
жерлерін  анықтай  отырып  айқын  әрі  ұқыпты  ойлау  қабілеттілігін  түсінеміз.  Бірақ  бұл 
басқаларға  сыни  қарау  деген  емес.  Сыни  ойлауға  түсіну,  сараптау,  бағалау,  синтездеу 
секілді шығармашылық үрдістер кіреді. Сондықтан ойлауды сыни және шығармашылық 
деген  түрлерге  бөлу  негізсіз  болып  табылады,  өйткені  ойлау  әрқашан  нәтижелі,  демек 
креативті.  Ойлаудың  шығармашылық  сипаты  барлық  этаптарда  ашылады:  білімнен 
бағалауға  дейін.  Алдында  алған  білім  барлық  студентте  бірдей  емес,  сондықтан  осы 
білімдерді шақыру фазасы әртүрлі формада болуы мүмкін. Идеяларды түсіну және оның 
мазмұнындағыларды өз сөзіне айналдыру әр студенттің оқу стиліне байланысты әртүрлі 
болып  өзгеруі  мүмкін.  Білімін  қолдану  төменгі  деңгейде  болуына  қарамастан,  оның 
шығармашылық  бастамасы  бар.  Жоғары  деңгейдегі  шеберлік  (анализ,  синтез,  бағалау), 
сөзсіз  шығармашылық  тәсіл  болып  табылады,  өйткені  байланыстар  мен  қарым-
қатынастарды  анықтау  сыни,  өнімді  ойлауды  қажет  ететін  серпінді  әрі  дамушы  үрдіс 
болып табылады. 
Шет  тілін  оқыту  үрдісінде  сыни  ойлауды  дамыту  тәсілдерін  қолданудың  бірқатар 
артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Артықшылықтары:  
-
 
студенттердің белсенді қатысуы;  
-
 
олардың дербестігі мен креативтілігінің дамуы; 
-
 
танымдық мотивациясының өсуі; 
-
 
мазмұнын жылдам әрі жеңіл түсіну; 
-
 
оқыту механикалық жолмен емес, түсіну арқылы жүзеге асырылады; 
-
 
қызығушылығының артуы; 
-
 
қызығушылықтың ұзақ уақытты болуы. 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
110 
Қиындықтарына  дағдылары  мен  икемділіктерін  бағалау  мәселесі  және  тәртіпті 
қадағалау  қиындықтары  жатады.  Дегенмен,  айқын  артықшылығы,  студенттердің 
оқытушыға  сүйенбей,  өз  оқуларына  жауапкершілікпен  қарауы  секілді  студенттердің 
дербестігінің дамуы болып табылады. Бірақ оны жалғыз мүмкіндік деп қарастырмау керек. 
Тек  әрқилы  тәсілдер  тиімді  әрі  нәтижелі  болып  табылады.  Сыни  ойлауды  дамыту  үрдісі 
еңбек  етуді  әрі  уақытты  қажет  етеді,  сондықтан  оларды  күнделікті  оқу  процесіне  қосу 
мүмкін  емес.  Екіншіден,  бұл  тәсілдерді  қолдану  үшін  шақыру  сатысында  білім  болуы 
қажет,  негізгі  қиындық  осында,  өйткені  студенттердің  білім  деңгейі  бірдей  емес  және  де 
бастапқы  сатыда  студенттер  өз  ойларын  шет  тілінде  толық  жеткізе  алмайтындықтан,  бұл 
тәсілді  қолдану  қиындық  туғызады.  Дегенмен,  сыни  ойлауды  дамыту  тәсілі  шет  тілін 
оқытуда тиімді болып табылады. 
Сыни ойлау тәсілдері студенттерде өз мәтінін құру әдетін қалыптастырады, түзетулер 
жасау  және  оны  аудиторияға  айтуға  бейімдейді.  Сыни  ойлай  алатын  студентті  мынадай 
қасиеттер  ерекшелейді:  жоспарлауға  дайындық,  икемділік,  табандылық,  өз  қателіктерін 
түзетуге дайын болуы, ымыралы шешім табу. Сыни ойлауды дамыту тәсілдері студенттерге 
шет  тілін  нәтижелі  оқытуға  көмектеседі:  біріншіден,  топтық  жұмыс  оқытудың  тиімді 
жағын,  бәсекелестік  атмосферасын  құруға  атсалысады.  Топ  құрамының  жүйелі  ауысып 
отыруы  жаңалықты,  өзгерісті  сезіндіреді.  Топта  жұмыс  жасап,  студенттер  идеяларымен, 
білімдерімен,  көзқарастарымен  алмасады.  Екіншіден,  шығармашылық  қиял  барлық  оқу 
процесінің  ажырамас  бөлігі  болып  табылады.  Шет  тілі  сабақтарының  құрылымына  сыни 
ойлауды дамыту тәсілдерін енгізу студенттерге оқып жатқан пәніне оң нәтижесін береді. 
Шет  тілін  оқыту  үрдісінде  сыни  ойлау  тәсілдерін  қолдану  нәтижесінде  студенттің 
субъективті  ұстанымы  өзектіленеді.  Берілген  тәсілдер  іздеу-бағалау-таңдау-проекция 
бағалы бағдарлау механизміне сай студенттердің оқу қызметін ұйымдастыруға көмектеседі. 
Сыни ойлау тәсілдерінде барлық компоненттер көрсетілгенімен, таңдау – тұлғаның сыртқы 
және  ішкі  өмірлік  қарекетінің  қатынасы  ретінде,  проекция,  болжам  сияқты  шынайы 
құрылымдық көрініс ретінде айқынырақ әрі жарқын. Шет тілін оқыту үрдісінде сыни ойлау 
тәсілін  қолдану  осы  үрдісті  тек  қарқындатып  қана  қоймай,  студенттерде  құндылықты 
қатынасты және қол жеткізу мотивациясын дамытады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет