Литературоведение



Pdf көрінісі
бет4/21
Дата01.01.2017
өлшемі2,1 Mb.
#904
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

 
REFERENCE 
1.
 
Platonov A. Happy Moscow. – M., 2007. – 253 p. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Сапа Г., 
2 курс магистранты,
 Орынханова Г.А., 
ф.ғ.к., ғылыми жетекші 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
36 
 
А.ПЛАТОНОВТЫҢ  «СЧАСТЛИВАЯ МОСКВА» РОМАНЫНДАҒЫ ЖАСЫРЫН 
ЖӘНЕ АШЫҚ ОППОЗИЦИЯ 
Мақалада  А.Платоновтың  «Счастливая  Москва»  романының  ерекшеліктері 
қарастырылады. 
Түйін сөздер: мифтік поэтика, аңыз, үй, пәтер, тіл, әлем. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Сапар Г.,  
магистрант 2 курса,
 Орынханова Г.А.,  
к.ф.н., научный руководитель 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
 
ЗАКРЫТАЯ  И ОТКРЫТАЯ ОППОЗИЦИЯ В  РОМАНЕ А.ПЛАТОНОВА 
«СЧАСТЛИВАЯ МОСКВА» 
В статье рассматриваются особенности романа А.Платонова «Счастливая Москва». 
Ключевые слова: мифопоэтика, миф, дом, квартира, язык, мир. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
37 
 
ТІЛ БІЛІМІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
ПРОБЛЕМЫ ЯЗЫКОЗНАНИИ 
PROBLEMS OF LINGUISTICS  
ӘОЖ 681.142.37 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
М.З. Беркутбаева, 
оқытушы 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Берілген  мақалада  студенттердің  танымдық  белсенділігін  дамытуда 
ақпараттық  технологияларды  қолдану  қарастырылады.  Студенттердің  маман  ретінде 
қалыптасуына ең алдымен оның оқып білуі, сапалы білім алуы басты негізгі күш болады. 
Сабақ  беру  нысандарын  таңдау  кезінде  студенттердің  танымдық  мүмкіндіктерін  ескеру 
қажет.  Дәстүрлі  әдістерден  гөрі  ізденімпаздық  жұмысты  неғұрлым  кеңірек  пайдалануда 
танымдық  қызығушылықты,  студенттердің  танымдық  белсенділігін  қалыптастыруға 
септігін тигізеді. 
Түйін  сөздер:  ақпараттық  технологиялар,  педагогикалық  қарым-қатынас, 
инновациялық әдіс, оқытудың әдіс-тәсілдері, студенттердің  танымдық белсенділігі, білім 
сапасы.  
Ұстаздар  қауымының  алдында  тұрған  басты  мақсат  –  рухани  жан  дүниесі  бай, 
бәсекеге  қабілетті,  өз  пікірін  ұсына  және  қорғай  алатын,  өмірге  икемді  жан-жақты 
жарасымды  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Бүгінгі  таңда  білім  берудің  негізгі 
күретамыры  –  білім  беру  ісіндегі  озық  үлгілермен,  тұғырлы  ұстанымдармен  тығыз 
байланыстыра отырып дамыту, жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу, шығармашылық 
қабілетін  жетілдіру,  өзіне  деген  сенімін  нығайту,  өз  жолын  өзі  таңдауына  түрткі  болу. 
Еліміздің  болашақ  азаматтарын  аса  маңызды  әлеуметтік  экономикалық  және  мәдени 
қажеттіліктеріне  бейімдеу,  кәсіптік  мамандыққа  баулу  –  ұстаздардың  қолында. 
Педагогтық  мамандық  білімділікті  қажет  етеді.  Мұғалім  белгілі  бір  мамандықты  жетік 
меңгерген мамандық иесі. Болашақ ұстаздың біліктілігі оқу орнында алған білімі арқылы 
қалыптасады.  Студенттер  үшін  ұстаздың  рухани  жан  дүниесі,  өздеріне  деген  қөзқарасы 
маңызды.  
Педагог-психолог  Ж.  Аймауытұлы  «Білімге  деген  ынталанушылық  –  адам 
бойындағы ой еңбегі күшінің қайнар көзі, сондай көздерді көбірек ашу, бөгетсіз саулатып 
ағызу, өркендету жері – мұғалімнің бойына біткен қасиет болу керек» деп атап өткендей, 
ұстаздың  басты  мұраты  –  баланың  рухани  өсуіне  басшылық  жасау  болып  табылады. 
Болашағы  зор  ұлағатты  елдің  саналы  азаматы  болар  білімді  де  өнегелі  жас  ұрпақтың  – 
XXI ғасыр ғаламның сан түрлі құпияларын ашатын, бабаларымыз баса алмаған биіктерді 
басатын,  ел  үшін,  халықтың  жарқын  болашағы  үшін  үлкен  қадамдар  жасайтын, 
болашағынан  зор  үміт,  жақсылық  күттіретін  ғасыр.  Дүниежүзілік  өркениеттілікке  жету 
жастардың қолында. «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың 
тағдыры  –  ұстаздың  қолында»  деп  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай  білімді  іскер 
еліміздің  болашағына,  оның  гүлденуіне  үлес  қосатын  жас  жеткіншектерді  даярлауда 
ұстаздың  атқаратын  қызметі  орасан  зор.  Білім  беру,  тәрбиелеу  мен  оқытудың  үздіксіз 
процесс  екені  заңды  нәрсе.  Қазіргідей  білім  реформасы  жүріп  жатқан  өркениеттілік 
көшіне  ұмтылып  жатқан  уақытта  тіпті  маңызды.  Олай  дейтініміз,  өз  білімін  көтеріп,  өз 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
38 
бетінше  жетілдіріп  отырмаса,  тынбай  ізденбесе,  мұғалімнің  балаға  берер  білім  дәрежесі 
жеткіліксіз  болары  анық.  Осы  орайда  атақты  педагог  В.А.  Сухомлинский  «Оқытушы 
жұмысының  жемісті  болуы  –  балаға  жүрек  жылуын  ұсына  отырып,  оқыту  мәселесін 
бірінші  орынға  қойғаны»  деген  болатын.  Бүгінгі  таңда  студенттердің  кәсіби  біліктілігін 
арттыру, тұжырымды ойлау мәдениетін дамытып, ішкі әлемі жан-жақты дамыған саналы 
жеке  тұлғаны  қалыптастырып,  оны  дамыта  оқыту,  жоғары  оқу  орындарында  оқыту 
үдерісінің негізгі мақсаты болып табылады. 
Тілдік  емес  жоғары  оқу  орындарында  ағылшын  тілін  оқыту  үдерісінде  ақпараттық 
білім  беру  технологияларын  қолдану  студенттердің  ағылшын  тілін  меңгеруге  деген 
ынталарын арттыруға ықпал етіп, жан-жақты білім алуына жол ашып, мемлекетіміздің үш 
тұғырлы тіл саясатына сай жақсы, жан-жақты дамыған студент иесі ретінде танылуларына 
негіз  бола  алады.  Мультимедиялық  құралдар  мен  электронды  оқулықтарды  қолдануға 
деген  қызығушылығы,  кәсіби  шыңдалудағы  ақпараттық  технологияның  ролі,  оқу 
материалдарын  өз  қажеттілігіне  қолдану  студенттердің  ақпараттық  мәдениетін 
қалыптастырады. Мультимедиалық, электрондық оқулықтар студенттердің ағылшын тілін 
үйрену оқу іс-әрекетінің негізгі көзі болып табылады. 
Жоғары  оқу  орындарында  ақпараттық  технологияларды  қолданудың  негізгі 
бағыттары  электронды  оқулықтар  мен  интернет  технологиясын  пайдалану  болып 
табылады,  сонымен  қатар  дүниежүзілік  интернет  желісі  студенттердің  білім  өрісін 
кеңейтуге  ықпал  етеді.  Егер  ағылшын  тілінен  оқу  материалдары  иллюстрация, 
анимациялық,  дыбысы  бар  объект  түрінде  құрылса,  студенттердің  даму  ерекшеліктеріне 
сәйкес  ағылшын  тіліндегі  материалдардың  мазмұнын  тез  қызыға  қабылдауға,  түсінуге, 
білімін  өз  бетімен  жетілдіруге  негізгі  түрткі  бола  алады.  Білім  беруді  ақпараттандыру 
процесі  мұғалімнің  дайындық  деңгейі  мен  мамандық  сапасына  үлкен  талап  қояды.  Ол 
мұғалімнің  өзін-өзі  дамуына,  өзіндік  білім  алуына  және  шығармашылық  түрде  өздігінен 
қызметтерін  іске  асыруға  мүмкіндік  береді.  Осы  міндеттерді  шешу  әр  мұғалімнің 
күнделікті  ізденісі  арқылы  жүзеге  асады.  Ал  мұғалім  ізденісі  дегеніміз  –  қажетті 
өзгерістерді,  жаңа  мағлұматтарды,  жаңа  әдіс-тәсілдерді  дер  кезінде  қабылдап,  дұрыс 
пайдалана  білу.  Ақпараттық  технологияларды  қолдану  –  студенттердің  ағылшын  тілін 
үйренудегі  іздену,  қажетті  ақпараттарды  жинастыру  және  талдай  білу,  ақпарат  көздерін 
үйлесімді пайдалану  дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндіктерін береді, сонымен қатар 
студенттердің танымдық дағдыларын дамытуға оң ықпалын тигізері анық. 
Жеке  тұлғаның  қалыптасуын  қамтамасыз  ететін  оқытудың  модульдік,  деңгейлеп 
саралап  оқыту,  сын  тұрғысынан  оқу  мен  жазу,  электрондық  оқыту,  жобалап  оқыту  т.б. 
студенттерді  дамыта  отырып  оқытуға  негізделген  технологиялардың  негізгі  қағидалары: 
студентке ізгілік тұрғыдан қарау; студенттің танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; 
оның  өз  бетімен  әрекеттену  әдістерін  меңгерту;  студенттің  танымдық  және 
шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. 
Осы міндеттерді шешу әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы жүзеге асады. Ал 
мұғалім  ізденісі  дегеніміз  –  қажетті  өзгерістерді  дер  кезінде  қабылдап,  дұрыс  пайдалана 
білу.  Жоғары  оқу  орнындағы  оқыту  үрдісі  студенттің  ынталы,  белсенді  танымдық 
әрекетіне негізделетіні белгілі.  Ал белсенді танымдық әрекет  кредиттік оқыту жүйесінде 
қазіргі заман талабына сай сапалы маман дайындаудың  негізі болып отыр. Сонымен қатар 
бұл  жүйеде  жан-жақты  жетілген,  көп  тілді  меңгерген  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  және 
дамытуға,  оның  қоғамның  экономикалық,  саяси  және  мәдени  өміріне  қатыса  білуін 
тәрбиелеуге ерекше назар аударылады.  
Жоғары  білім  алу 

  адам  әрекетінің  ең  маңызды  бөлігі.  Өйткені  жоғары  білім 

 
әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірудің, еліміздің экономикалық, әлеуметтік жағынан 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
39 
 
дамуының шешуші  факторы, адамның танымдық қажеттілігін,  шығармашылық қабілетін 
дамытатын,  оны  белгілі  бір  салада  кәсіби  әрекет  етуге,  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуға 
дайындайтын ғажайып құбылыс.  
Еліміздің  Болон  үрдісіне  қосылуы  отандық  білімнің  жаңа  талаптары  мен 
республиканың  саяси-экономикалық таңдауына толық  жауап береді. Қазақстан әлемдегі 
бәсекеге  барынша  қабілетті  30  елдің  қатарына  енуі  үшін  білім  саласында  да  үлкен 
реформалар жүргізілуі тиіс. 
Жоғары  оқу  орнының  негізгі  мақсаты 

  студентке  теориялық  білім  беріп  қана 
қоймай,  сол  білімді  өз  бетінше  ізденіп  табу  қабілетін,  оқу  әрекетін  ғылыммен,  кәсіби 
әрекетімен байланыстыра білу дағдысын қалыптастыру. Студенттің өз бетінше білім алу 
дағдысы 

  ең  түпкі  нәтижеге  жету.  Сол  арқылы  маман  өмір  бойы  шығармашылықпен 
жұмыс  істейді,  ізденеді,  білімін  толықтырады.  Оқыту  жүйесінің  қандай  түрі  болмасын 
белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан-жақты және өз алдында дұрыс қолданса, 
өтілетін  әрбір  тақырыптың  мазмұны  да  ойдағыдай  ашылып,  студенттердің  жан-жақты 
меңгеруімен  ұстаздың  қызметінің  іс-тәжірибесімен,  сабақ  өтілу  процесімен  тығыз 
байланысып  жатады.  Осылардың  негізінде  әр  мұғалімнің  бойында,  ой-санасында 
әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Оқытушылардың алдына қойылып отырған басты 
міндеттердің  бірі  –  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру.  Жаңашыл 
мұғалімдер  дәрісі,  семинарлар,  практикалық  сабақтар,  конференциялар,  іскер  ойындар, 
сын  тұрғысынан  ойлау  жобалары,  тағы  басқалары  дәстүрге  енгізіліп  отырғаны  абзал. 
Сондықтан  да  қазіргі  қоғамымызда  әр  мұғалім  өз  іс-әрекетінде  қажетті  өзгерістерді, 
әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, 
дұрыс  пайдалана  білуі  керек.  Студенттердің    маман  ретінде  қалыптасуына  ең  алдымен 
оның  оқып  білуі,  саналы  білім  алуы  басты  негізгі  күш  болады.  Сабақ  беру  нысандарын 
таңдау кезінде студенттердің танымдық мүмкіндіктерін ескеру қажет. Дәстүрлі әдістерден 
гөрі ізденімпаздық жұмысты неғұрлым кеңірек пайдалануда танымдық қызығушылықты, 
студенттердің  танымдық  белсенділігін  қалыптастыруға  септігін  тигізеді.  Сондай-ақ 
студенттердің танымдық белсенділігін дамытуда оқу орындарында проблемалық оқытуды 
ұйымдастырудың,  проблемалық  жағдайларды  жасау  мен  шешудің,  пән  бойынша 
танымдық  міндеттерді  кеңінен  пайдаланудың,  оқу  үрдісінде  студенттердің  ғылыми 
ізденістерін  ұйымдастырудың,  өзіндік  жұмысқа  баулудың,  оқып-үйрену  барысында 
тақырыптық ойындарын және т.б. кеңінен қолданудың маңызы ерекше. Студент  ғылыми 
жұмыспен шұғылданып, зерттей білуге үйренеді. Сонымен қатар, студентте шыдамдылық, 
жүйелі  жұмыс  дағдысы  пайда  болып,  өмірге  деген  көзқарасы  өзгереді.  Студент  алған 
теориялық  білімді  практика    жүзінде  өмірде  қолдана  біледі.  Ақпараттық  технологиялар 
арқылы студенттің сөйлеу қабілеті мен сауаттылығы артады. 
Осыдан  келіп,  студенттердің  танымдық  белсенділігін  дамытуды  арнайы 
ұйымдастыру  –  оқу  үрдісін  жетілдірудің  негізгі  шарты  болып  табылады.  Оны  жүзеге 
асыру студенттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін 
тигізетін  оқу  үрдісін  ұйымдастырудың  тәсілдерін,  әдістері  мен  нысандарын  іздестіруге 
өзекті  сипат  береді.  Жалпы  студенттердің  танымдық  белсенділігін  дамыту  өзекті 
мәселелердің бірі болуы тиіс, себебі қоғам мүшелерінің білімдарлығы, түрлі жағдайларға 
бағдарлануы,  алдына  қойған  міндеттерді  шешудің  қолайлы  тәсілдерін  таңдай  білуі 
көбінесе олардың дайындығына байланысты болады. Жаңа ақпараттық  технологияларды 
қолдану  арқылы  студенттердің  қызығушылығын,  интеллектуалдық  танымын,  білім 
сапасын арттыруға болады. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану соңғы уақытта 
білім  беру  жүйесінде  маңызды  бағыттардың  бірі  болып  табылады.  Мультимедиялық 
технологиялар  көбіне  компьютерлік  сыныптарда  қолданылады.  Қазіргі  уақытта  сабақ 
материалына  байланысты  көптеген  компакт-дискілер  бар.  Шетел  тілі  сабағын 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
40 
компьютердің  көмегіне  сүйеніп  өткізуге  көп  мүмкіндіктер  жасалған.  Жаңа  материалды 
түсіндіруде  интерактивті  компьютерлік  графиканы  пайдалануды  көздейтін  ақпараттық-
бағдарламалық  құралдарды  пайдалануға  болады.  Компьютерлік  графикалық  материал 
презентациялық  монитор  көмегімен  көрсетіледі.  Ағылшын  тілі  пәні  бойынша 
компьютерлік  тестілеуді  қолдану  студенттердің  интеллектуалдық  танымын  арттырады. 
Студенттер  бір  тестілеуден  жақсы  нәтижеге  жеткенше  бірнеше  қайтара  өтеді.  Бұл 
тестілердің барлығы шетел тілі бойынша минимум талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір 
маңызды жағдай – уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген қиын 
сұрақтары  формулалар  мен  эксперименттер  көрсету  арқылы  түсіндіріліп,  бекітіледі. 
Электрондық  байланыс  жүйелері  арқылы  ақпарат  алмасудың  тиімділігі  өркениетті 
елдердің  іс-тәжірибелерінде  айқын  сезіледі.  Республикамызда  білім  беру  жүйесі  мен 
білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналды. 
Қазақстандағы  барлық  орта  мектептердің  компьютермен  жоспарлы  түрде  жабдықталуы 
оның  айқын  дәлелі.  Заман  ағымына  сай  күнделікті  сабаққа  видео,  аудио  қондырғылары 
мен  теледидарды,  компьютерді,  интерактивті  тақтаны  қолдану  айтарлықтай  нәтижелер 
береді.  Мұндай  қондырғылар  студенттердің  қызығушылығын  арттырып,  зейін  қойып 
тыңдауға және алған мәліметті нақтылауға мүмкіндік береді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына Жолдауы, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты». – Астана, 2013. 
2.
 
Мұраталиева  Н.  Жаңа  формациядағы  ұстаз,  оның  кәсіби  мәдениеті  //Мектеп 
директоры, №3– 2006. 
3.
 
Бейсенова Г. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі // Қазақстан мектебі, 
№ 6 –2006. 
4.
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2004. 
5.
 
Хмель  Н.Д.  Теоретические  основы  профессиональной  подготовки  учителя.  – 
Алматы: Ғылым, 1998.  
6.
 
Қазақстан Республикасының  2005-2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту 
тұжырымдамасы. 
 
РЕЗЮМЕ 
Беркутбаева М.З., преподаватель 
(г.Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
 
ПУТИ РАЗВИТИЯ ПОЗНАВАТЕЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ СТУДЕНТОВ С 
ПОМОЩЬЮ ИННОВАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИИ 
В данной статье рассматриваются развитие познавательной деятельности студентов, 
применение инновационной технологии на занятиях иностранных языков. 
Ключевые  слова:  информационные  технологии,  педагогическая  коммуникация, 
инновационный метод, методы обучения, активность студентов, качества образования. 
 
SUMMARY 
Berkutbaeva M.Z., 
teacher 
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
41 
 
WAYS OF DEVELOPING STUDENTS’ COGNITIVE ACTIVITIES USING THE  
INNOVATIVE TECHNOLOGIES 
The  article  deals  with  developing  students’  cognitive  activities  by  using  the  new 
technologies  in studying foreign languages.
  
Keywords:  information  technology,  pedagogical  communication,  innovative  method, 
teaching methods, students’ activity, the quality of education. 
 
 
 
ӘОЖ 81ꞌ25 
АУДАРМАДАҒЫ ЭКВИВАЛЕНТТІЛІК 
З.Б. Кульманова, 
магистр, оқытушы 
(Алматы қ., Т.Рысқұлов атындағы 
Қазақ экономикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Халықаралық  қатынастар  маманы  үшін  аударматанудың  әліппесімен 
танысудың  маңызы  зор.  Халықаралық  саяси  құжаттарды,  баспасөз  материалдарын  екі 
тілде еркін түсіну, аудара білу өте қажетті жұмыс. «Аударматану негіздері» практикалық 
курсында  аударма  жұмысының  түрлерімен  таныстырып,  сипаттап  кетуден  студенттің 
аударма  жасау  машығы  қалыптаса  қоймайды.  Біздің  ойымызша,  практикалық  жұмыстар 
нәтижелі болу үшін кейбір теориялық мәселелерге назар аудару қажет. 
Түйін  сөздер:  аударма,  балама,  баламалылық,  сәйкестік,  аудару  дәлдігі,  абсолютті 
балама, шамалас балама, ішінара балама, толық балама.   
Қазақ аударматану ғылымында жиі қолданылып жүрген балама, баламалы аударма, 
баламалылық (эквивалент, эквивалентный перевод, эквивалентность) деген терминдердің 
қазірге  дейін  ұғымдық  анықтамасы  нақтылана  қойған  жоқ.  Кей  тұстарда  сөз  болғалы 
отырған  аталымдар  теңбе-теңдік  (тождественность),  дәлме-дәл  аударма  (адекватный 
перевод)  деген  терминдермен  теңбе-тең  дәрежеде  ұғынылады.  Сондай-ақ  балама 
(эквивалент) дегенді түпнұсқа тілдегі сөздің басқа тіл сөздігінде көрсетілген варианттары 
немесе  аудару  үдерісі  кезінде  түпнұсқадағы  сөзге,  тіркеске,  фразаға,  синтаксистік 
тұтастыққа  тәржімашы  аударылатын  тілден  таңдап,  іріктеп  алған  мағынасы  жуық 
нұсқалар  деп  түсіндіретін  реттер  де  жоқ  емес.  Бұл  мәселе  жөнінде  орыс  ғалымдарының 
тұжырымдары  да  бірыңғай  емес.  Баламалық  турасында  алғаш  пікір  айтқан  ғалым 
Я.Реңкер  балама  және  баламалы  сәйкестік  дегеннің  аражігін  ажыратуды  ұсынады. 
Зерттеушінің  айтуы  бойынша  «балама»  (эквивалент)  дегеніміз  –  контексте  тәуелсіз, 
тұрақты,  теңбе-тең  сәйкестік  (1,10),  басқаша  айтқанда,  екітілді  сөздікте  берілетін 
нұсқалар.  Я.Рецкер  сонымен  қатар  балама    аударма  үдерісінің  катализаторы,  бұның, 
әсіресе,  ауызша  аудару  кезінде  рөлі  жоғары,  өйткені  сөздіктерде  көрсетілген  балама 
аудармашының  санасына  алдымен  түседі  де,  контекстің  мағынасын  тез  түсінуге  ықпал 
етеді  деп  есептейді.  Бірақ,  ғалым  екітілді  сөздіктер  де  дәл  баламаны  бере  алмайтынын 
мойындай  отырып,  эквивалент  дегенге  географиялық  атауларды,  жалқы  есімдерді, 
терминдерді  жатқызу  керек  деп  санайды;  ал  басқа  сөздер,  сөз  тіркестері  баламалы 
сәйкестік деп танылуы тиіс; сондықтан толық балама, ішінара балама, абсолютті балама, 
шамалас балама типтес түрлерді ажырату қажет деген тұжырымға келеді.  
Аудару дәлдігі мәселесін филологтар бұрыннан бері қарастырып келе жатыр. Қазіргі 
кезде бұл мәселе әртүрлі аудармалық бағытта зерттелуде (Қазақстан мектебі: Г.И. Исина, 
А.Алдашева және т.б., Ресей мектебі: А.Т. Алексеева, В. Н.Комиссаров, Н.Р. Ткачев және 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
42 
т.б.,  Германия  мектебі:  Г.Егер,  К.Райс,  Е.Штойберг  және  т.б.).  Жоғарыда  аталған 
лингвистердің зерттеулерінде назар эквиваленттілік терминіне аударылады [1. 134 б].  
Барабарлық  (эквиваленттілік)  –  аудару  теориясында  өте  күрделі  және  көпқырлы 
ұғым  ретінде  қарастырылады.  В.Н.  Комиссаровтың  пікірінше  «эквиваленттілік  ұғымы 
аударманың  негізгі  ерекшелігін  ашып,  қазіргі  аударматануда  негізгі  ұғымдардың  бірі 
болып табылады» [5, 176 б].  
«Эквиваленттілік»  термині  қазіргі  аударма  теориясында  аз  уақыттан  бері 
қолданылып  келе жатыр (1938 жылдан бастап Лейпциг аударма мектебінде).  П.М.Топер 
пікірлердің көпқырлылығын белгілеп, аудару теориясына «эквивалент» терминінің қашан 
және  қайдан  кіргенін  анықтайды.  «Алғаш  рет  «эквивалент»  терминін  «Аударманың 
лингвистикалық  аспектілері»  туралы  мақаласында  Р.  Якобсон  ұсынған  еді»  («О 
лингвистических аспектах перевода») [5, 176 б.].    
Егер де қазіргі аударматану теориясы ХХ ғасырдың ортасында пайда болатын болса, 
онда оның негізгі категориясын білдіретін термин онымен бірге жарыққа шықты. Бірақ та, 
кейбір  тілдерде,  мысалы,  француз  тілінде,  қазір  біз  қолданып  жатқан  лингвистикалық 
мағынада «эквивалент» сөзі (бір сөзді немесе сөз тіркесті ауыстыра алатын сөз немесе сөз 
тіркесі)    ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  (1864  жылы)  тіркелген  еді.  Оны  Бодлердің 
еңбегінде  кездестіруге  болады  (1821  –  1867  жылдары):  «Сөз  шексіздік,  Құдай,  рух  және 
басқа сөздер сияқты басқа тілдерде эквиваленті бар». 
Аударма  теориясы  үшін  осы  термин  қандай  мағынада  қолданылады  және  басқа 
терминдермен қалай араласады? Мысалы, Вине және Дарбельне «Француз және ағылшын 
тілдерінің салыстырмалы стилистикасы» («Сопоставительная стилистика французского и 
английского  языков»)  атты  еңбектерінде  (1958  жылы)  эквивалент  және  эквиваленттілік 
терминдерін  біз  үшін  дағдылы  мағынада  емес,  аударманың  тәсілдерінің  бірі  ретінде 
қолданған. 
Жалпы  ғылыми  білімдер  жағынан  «эквиваленттілік»  ұғымын  қарастырайық.  Орыс 
тілінде эквиваленттілік сөзі эквивалентті сын есімінің ерекшеліктеріне тең. Яғни, бірдей, 
мағынасы бірдей, тең күшті, бір сөздің  қандай да болса байланыста тұрғанды алмастыру 
сөздеріне  эквивалент  болып  тұр.  Сонда,  эквивалент  сөзі  –  бұл  бірдей,  мағынасы  бірдей, 
басқаға тең болатын, оны толық алмастыра алатын ұғым [6, 747 б.]. 
Эквивалентті  сөзінің  анықтамасында  болған  қарама-қайшылыққа  назар  аудару 
қажет. Салыстырылып жатқан объектілер құндылық, мағынасы, күші жағынан біркелкілігі 
туралы  оның  бірінші  бөлігінде  айтылады.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  олар  бірдей,  яғни, 
абсолютті  түрде  ұқсас.  Бір  сөздің  қандай  да  болса  өзара  байланыста  тұрған  сөздермен 
толық  алмастыра  алатындығы  туралы  екінші  бөлігінде  айтылады.  Орыс  тілінің  сөздігі, 
жоғары  айтылған  сөздерінің  мағынасына  анықтама  беріп,  «эквивалент»  сөзіне  аудару 
теориясы  үшін  өте  қызықты  және  маңызды  Пироговтың  «Кәрі  дәрігердің  күнделігінен» 
(«Дневник  старого  врача»)  мысал  келтіреді:  «Менің  профессорлық  институтқа  кандидат 
ретінде  тағайындауым  дәрі  сынауының  эквиваленті  боп  есептелінді»  [1,147  б.]. 
Пироговпен  келтірілген  екі  жағдай  бірдей  және  біркелкі  емес.  Бірақ  бір  жағынан  олар 
бірдей және белгілі бір орында болуға рұқсат етіледі. 
Сөз  анықтамасындағы  қарама-қайшылық  және  келтірілген  мысал  эквиваленттілік 
ұғымының  салыстырмалығын  көрсетеді.  Ал  ол  болса,  аудару  теориясы  үшін  үлкен  рөл 
атқарады.  Әрине,  эквиваленттілік  салыстырылып  жатқан  объектердің  алмастырылуы. 
Бірақ орын алмастыру абсолютті емес, белгілі бір байланыста ғана іске асады. 
Аударма  түпнұсқаға  абсолютті  түрде  дәл  бола  алмайды.  Бірақ  бұл  тіларалық 
коммуникация  үшін  бөгде  болмайды  [7,144  б.].  Бұл  ақындық  формаларды  жеткізу 
қиыншылықтарымен, мәдени және тарихи ассоциацияларды, ерекше реалия сөздерді және 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
43 
 
көркем  мазмұндамалардың  өзгешеліктерін  жеткізуде  шарасыз  жоғалтулармен  ғана 
байланысты  емес,  сонымен  қатар  аударма  мағынасындағы  бөлек  элементтердің 
қарапайым пікірлерімен үйлеспей қалуымен де байланысты. Мысалы, біз «Der Student liest 
ein  Buch»  деген  неміс  сөйлемін  «Студент  кітап  оқып  жатыр»  деп  аударамыз.  Көптеген 
жағдайларда осындай аударма дұрыс болады және басқа өзгерістерді қажет етпейді. Бірақ, 
мұнда  толық  тепе-теңдік  жоқ.  Неміс  түпнұсқасында  белгілі  бір  кісі,  студент  туралы 
нұсқау бар, ал кітап бұл жерде қандай екені белгісіз болып тұр. Аудармада нұсқау да, іс-
әрекет  сөйлеп  жатқан  кезде  өтіп  жатқаны,  іс-әрекет  жүйелі  түрде  болмағаны  туралы 
мәлімет  жоқ.  Алайда  осы  барлық  жоғалтулар,  үстемелер  аудармаға  өз  қызметін  жасауға 
бөгет етпейді.  
В.С.Виноградов пікірінше, кең ұғымында эквиваленттілік ұғымға тең, тең мағыналы, 
барабарлық  –  дәлдеу,  ал  тепе-теңдік  бір  сөздің  екіншіге  толық  ұқсастығы,  үйлестігі 
ретінде түсініледі [2,  18 б.].  
Ал  Л.  К.  Латышев  «Айырмашылық  болған  кезде  эквиваленттілік  –  бұл  тілдің  ең 
басты  мәселесі  және  лингвистиканың  түпкі  мәселесі  болып  табылады.  Аудармашы 
рецептор сияқты қызмет атқарады» деп
 
жазады [8, 145 б.]. 
Бұдан  басқа,  «эквиваленттілік»  терминімен  бірге  аударматануда  «сәйкестілік» 
термині  кең  қолданылады.  Берілген  терминдер  әртүрлі  авторлардың  жұмыстарында  бір-
бірін  қайталап  немесе  әртүрлі  категорияларды  белгілеу  үшін  қолданылады.  Соған 
байланысты  біз  «эквивалент»  және  «сәйкестілік»  ұғымдарының  үйлестілік  мәселесін 
қарастырамыз.  Я.М.Рецкер  пікірінше,  «эквивалент»  –  бұл  тұрақты  және  тең  мағыналы 
сәйкестілік,  дағдыдағыдай,  контекстке  тәуелді  болмайды.  «Сәйкестілік»  терминін 
қолданған  кезде,  берілген  зерттеуші  лексикалық  бірліктер  арасындағы  семантикалық 
сәйкестілік  туралы  айтады  [9,  10  б.].  Л.С.  Бархударовтың  айтуынша,  әртүрлі  тілдердің 
лексикалық  бірліктерінің,  олардың  бүкіл  мағыналық  көлемінде  сәйкес  үйлестілік  өте 
сирек кездеседі [2,  119 б.].            
В.Н.Комиссаров  бойынша,  «аударманың  эквиваленттілігі  түпнұсқа  мәтін 
мазмұнының  және  аудармасының  барлық  деңгейлерінің  максималды  ұқсастылығында 
жатыр»  [1,  75  б.].  Сөйтіп,  В.Н.  Комиссаров  бойынша  эквиваленттілік  Я.И.  Рецкерге 
қарағанда кеңірек ұғым және ол аудару үдерісі кезінде берілген тілдің және аударылатын 
тілдің бірліктерінің үйлестіліктің бөлек түрін емес, негізгі мақсатын анықтайды.  
Аудару  барабарлығы  ұғымы  нені  білдіреді?  Және  эквиваленттілік  категориясының 
барабарлық категориядан айырмашылығы неде?  
Барлық  мүмкіндігінше,  барабарлық  ұғымы  аудару  теориясына  таным  теориясынан 
көшкен.  Таным  теориясында  «барабарлық»  термині  елесте,  ұғымдарда,  объективті 
байланыста және ақиқаттылық жағынан дұрыс қайта құруды білдіреді. Аудару теориясы 
үшін  сондай  ақиқаттылық  ретінде  түпнұсқа  мәтін  болып  шығады.  Ал  мәтін  мұнда 
құрылған байланыстар жүйесі және оны құрайтын элементтер қатынасы ретінде беріледі. 
Сонда аударудың мақсаты – басқа тілдің амалдары арқылы осы байланыстар жүйесін және 
қатынасына сәйкес, дұрыс қайта құру. Түпнұсқаның дұрыс қайта құрылуы нені меңзейді? 
Анықтаманың  шамалас,  сәйкес,  дұрыс,  дәл  синонимдері  арқылы  мағынасын  ашу  аз. 
Түпнұсқаға қарағанда аударма қандай болу керек анықтамасына тағы қандай ұғымдарды 
қосуға  болады.  Осында  шамалас  анықтамасы  ғана  бізге  «аудармасының  мәтіні 
түпнұсқасынан  аспау  да,  кем  де  болмау  керектігі»  туралы  айтады.  Бірақ  та  осыған  жету 
қиындау  болады.  Сәйкес  (неге?),  дұрыс  (нені  бағалауы  бойынша?),  дәл  анықтамалары 
аудармаға қарағанда жиі қолданылып жатқанына қарамастан, олар өте абстрактылы. 
Аударма  толықтылығы  (барабарлық)  ұғымын  дәлдеуге  тырыса  отырып, 
А.В.Федоров  толығырақ  түсініктеме  береді:  «Аударманың  толықтылығы  –  бұл 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
44 
түпнұсқада  берілген  мазмұн  мағынасының  толық  жеткізілуі  және  аударманың 
түпнұсқаға функционалды-стилистикалық жағынан толық сәйкес келуі». 
Аударма  толықтығы  түпнұсқаға  сәйкес  мазмұны  және  форма  ара  қатынас 
ерекшеліктерін  жеткізуде  немесе  осы  ерекшеліктеріне  функционалды  сәйкестіліктерді 
жасауда.  Форманың  өзгешеліктерін  қайта  құруда  жатыр  (егер  де  бұны  тіл  жағдайлары 
мүмкін  ететін  болса).  Ал  ол  болса,  осы  жағдайда  жиі  және  өзінің  формалды 
ерекшеліктерінің  түпнұсқадағы  элементтермен  сәйкес  келмейтін,  толық  жүйеде  ұқсас 
мағыналық  және  көркем  функцияларын  орындайтын  тіл  амалдарының  қолдауын 
болжайды [4, 125 – 126 б.]. 
А.В.  Федоров  толықтық  және  барабарлық  ұғымдары  арасында  тепе-теңдік  белгісін 
қояды. Ол үшін барабарлық – бұл тек қана шетел термині. Мәтіннің көркем редакциялау 
ережелеріне  сәйкес  оны  ана  тіліндегі  сөзбен  алмастыру  жақсырақ  болар  еді.  Бірақ, 
алмастыру  болса  да,  мәселе  айқын  шешілмейді.  Керісінше,  А.В.  Федоров  ұсынған 
аудармада барабарлық толықтықтың болуы жаңа мәселелерді туғызады.
 
Сонымен,  түпнұсқа  және  аударма  мәтіннің  бірліктерін  қарастырғанда  және 
салыстырғанда,  біз  лексика  бірліктерінің  эквиваленттілігін  семантикалық  деңгейде 
анықтаймыз.
 
Неміс  аударматану  мектебінің  өкілі  В.  Коллердің  пікірінше,  мәтіндер  арасындағы 
эквивалентті  қарым-қатынас  түрі  және  үлгісі  анықталғаннан кейін, эквиваленттік  ұғымы 
ақиқатты мағынасына жетеді.  
Аударманы  қабылдаушының  реакциясы  берілген  мәтіннің  мазмұнын  жеткізу 
мәселесімен  байланысты.  Ол  қандай  элементтерден  тұратынын  анықтау  қажет. 
Л.К.Латышев А. Д. Швейцердің көзқарасын бөліп, келесі төрт элементті белгілейді: 
1)заттық  жағдайларды  белгілеуімен  байланысты  денотативті  мағына  (яғни,  заттық-
логикалық); 
2)пікір  элементтерінің  арасындағы  синтаксистік  (яғни,  оның  синтаксистік 
құрылымымен) байланысты белгілейтін синтаксистік мағына; 
3)функционалды-стилистикалық 
және 
экспрессивті 
бояумен 
белгіленген 
коннотативті мағына; 
4)тілдік  пікірдің  және  коммуникацияға  түскен  адамдардың  қарым-қатынасымен 
анықталатын прагматикалық мағына. 
Лексико-семантикалық  эквиваленттілік  мағынасын  анықтаған  кезде  зерттеуде 
қолданылған  «денотат»,  «коннотация»,  «сигнификат»  және  «прагматика»  ұғымдарының 
мағынасын анықтау қажет.     
Денотат  (латын  тілінің  denotatum  «белгіленген»  сөзінен  шыққан)  –  осы  бірлікпен 
атала  алатын  белгіленген  зат,  ақиқаттылықтың  көптеген  объекттері  (заттар,  қасиеттер, 
байланыстар, күй, үдерістер, іс-әрекеттер және т. б.) [8, 96 б.].   
Коннотация  (латынның  connotation,  connoto  «қосымша  мағынам  бар»  сөзінен 
шыққан)  –  тіл  бірлігінің  узуалды  немесе  окказионалды  сипаты  эмоционалды,  бағалы 
немесе стилистикалық сипаттамасы [8, 125 б.].    
Кең  мағынада  –  бұл  тіл  бірлігінің  заттық-мағыналық  (денотативті)  және 
грамматикалық  мағынасын  толықтыратын,  оған  экспрессивті  қызмет  беретін  кез  келген 
компонент. Тар мағынада – бұл тіл бірлігінің мағынасының компоненті, ол үшін екінші – 
атаулы функциясын орындайтын, қатынаста қолдану кезінде берілген реалияға атаулының 
ішкі  формасын  жете  түсіну  негізінде    ассоциативті-бейнелік  жолмен,  оның  объективті 
мағынасын толықтыру. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
45 
 
Сигнификат  (латынша  significatum  «белгіленген»  сөзінен  шыққан)  –  тіл  белгісінің 
мағыналық мазмұны; тіл жүйесіндегі сөздің номинанты – сөз деп атала алатын тіл бірлігі 
[8,  185 б.].   
Әрбір  келтірілген,  қарастырылған  «денотат»,  «коннотат»  анықтамаларында  «тіл 
белгісі»  ұғымы  кездеседі.  Лингвистикада  тіл  белгісі  –  бұл  затты,  қасиетті,  ақиқатқа 
қатынасты  білдіретін  материалды-идеалды  құрылым  (екі  жақты  тіл  бірлігі).  Өз 
жиынтығында тіл белгісі ерекше бір белгілер жүйесін – тілді құрайды. 
Л.К.  Латышевтің  пікірінше,  мәтінді,  сөйлемді,  сөз  тіркесін,  сөзді  белгілер  ретінде 
қарастыруға  болады.  Яғни,  бір  түрлі  құбылыс  ретінде.  Ал  бұл  болса,  аудару  теориясы 
үшін ерекше құрылымды. Бұл аудару үдерісі кезінде берілген тілдің тіл бірліктерін аудару 
тілдің тіл бірліктеріне «ауыстыру», бір-бірімен байланысқан бірнеше деңгейлерде, сөздер, 
сөз тіркестері, сөйлемдер және толық мәтіндер деңгейлерінде параллелді болып өтеді. 
Қазіргі лингвистика белгінің мағынасын (мән, мазмұны) белгі ширегінде жатпайтын 
қатынас  ретінде  анықтайды.  Сондай  қатынастар  бірнешеу  болады:  біріншіден,  белгі 
денотатпен арақатысын белгілейді, соны белгілеп жатқан белгі  затпен, ақиқатты болмыс 
құбылыспен  арақатысын  белгілейді;  екіншіден,  белгі  оны  белгілейтін  денотантпен 
сигнификаттың  арақатысын  белгілейді;  осы  адамның  санасына  тән,  коллективті, 
«ортадағы»  адамдарға  бейнелеу  индивидуалды  болуы  мүмкін.  Онсыз  адамдар  бір-бірін 
түсіне алмас еді. 
Неміс  ғалымы  Г.  Клаус  тіл  белгісі  ақиқатты  болмыстың  келесі  категориялармен 
арақатысын белгілейді: 
-
 
ол белгілейтін заттармен немесе құбылыстармен (денотаттар); 
-
 
адамдардың, осы тіл қоғамының мүшелерінің (сигнификаттардың) санасындағы 
осы заттардың немесе құбылыстардың (денотаттардың) бейнесімен;  
-
 
тіл белгілерін «жеткізетін» және «қабылдайтын» адамдармен, сонда осы кезде олар 
тіл  белгілерін  өз  тезаурусына  (индивидуалды  түсінік  қорына),  ішкі  қалпына  және 
қатынастың белгілі жағдайына байланысты түсінеді; 
-
 
тіл кодымен, олар белгілі бір кодының элементімен (белгілі белгілер жүйесі) болған 
кезде  арақатысын  белгілей  алады,  өйткені  белгілер  ол  кезде  адамдар  арасындағы 
қатынастың жан-жақты амалы ретінде ғана болуы мүмкін [10, 236 б.]. 
Жоғарыда  аталып  шыққан  факторларға,  белгілер  құрылымының  компоненттермен 
арақатысын белгілейтін, солар арқылы мәтіннің құрылуына үлес қосатын, заттық жағдай 
(сөйлеп және жазылып жатқан жағдай) және қарым-қатынас жағдайлары (сөйлеп жатқан 
жағдай туралы) қосылады.  
Көптеген  жағдайларда  мәтін  мазмұнының  құрылуына  қатысатын  семантикалық 
құрылымның компоненттері оның белгілерімен тікелей арақатысын белгілейді [11, 32 б.]. 
Сондықтан  біз  лексико-семантикалық  эквиваленттіліктің  келесі  деңгейлерін  белгілей 
аламыз: денотативті, коннотативті және коммуникативті-функционалды. 
Денотативті  деңгейді  біз:  тіл  белгілерінің  денотаттармен  арақатысы  белгіленген 
фактының  заттық  сәйкестігін,  объективті,  мәлімет  жіберушінің  көзқарасына  байланысты 
емес, практикалық жағынан ең маңызды қасиеттері  бар мазмұнның, тілдік және мәдени-
тарихи  дәстүрлері  бар  қарым-қатынас  жағдайын  және  берілген  тілдің  өзгешелігін 
түсінуіміз керек.   
Ал  коннотативті  деңгейде  тек  қана  денотаттардың  объективті  қасиеттері  емес, 
сонымен  қатар  мәдени-тарихи,  тіл  ғұрыптарымен  анықталған,  осы  этникалық  топқа 
жататын 
адамдармен 
денотаттарды 
бейнелеуі 
белгіленген. 
Тіл 
белгілерінің 
коннотациясынан  –  біз  денотативті  мағынасына  серік  болатын,  берілген  этникалық 
топтың  өкілдері  мен  осы  белгімен  байланысының  мәнін  түсінеміз.  Сондықтан  бұл  тіл 
факторы болып табылады. 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
46 
Коммуникативті-функционалды деңгей (яғни, интерпретатор деңгейіндегі мазмұны) 
– мәлімет жіберушінің дербес тәсілмен бейнеленген түпнұсқа белгісінің аудармаға сәйкес 
келуі,  жіберушінің  және  мәтін  қабылдайтын  адамның  мәтіндерінің  тіл  белгілері  мен 
мәлімет қорының сәйкес болуы. 
Ішкі  тілдік  мазмұн  –  бұл  тіл  белгілерінің  арасындағы  және  толық  тіл  кодымен 
сәйкестілігі. Бұл аспект прагматикалық мазмұнға байланысты. Өйткені прагматика  – бұл 
семиотиканың  және  тіл  білімінің  зерттеу  аймағы.  Онда  адресат  ойының  субъектіге, 
коммуникацияға  қатысқан  адамдардың  арасындағы  қарым-қатынасына,  қарым-қатынас 
жағдайына байланысты тіл белгілерінің сөйлеудегі қызметі зерттелінеді [12,  4 б.].     
Аудару кезінде түпнұсқаның  жалпы мағынасы сақталуы керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет