Реттеуші бөлігінде, ЭНХАНСЕРДЕ 555. ДНҚ молекуласында ультракүлгін сәулелері, химиялық заттар, кейбір дәрілер, рентген сәулелері әсерінен өзгерістер болды. Жасуша тіршілігіндегі критикалық кезеңге жетті. Осындай жағдайда қандай репарация типі іске асуы мүмкін? СОС (((Фотореактивация или 556. Мисмэтч репарация кезінде қате қойылған, зақымдалмаған, қалыпты жұптаса (A•T, C•G) алмайтын қателіктерді жөндейді. Бұл қателіктер репликация кезінде ДНҚ Полимераза қызметіне байланысты, қандай ДНҚ-Полимеразалар осындай қателіктерді түзетеді? ДЕЛЬТА, ЭПСИЛОН - ДНҚ-полимераза 557. Матрицалық тізбектің нуклеотидтерімен комплементарлы байланыса алатын азоттық негіздері бар. Мысалы, цитозиннің өзгерген формасы аденинмен байланыс түзе алады. Полимераза бұл негізді жаңа тізбекке қосып синтездеуі мүмкін. Бұл өзгерістерді қандай репарация типі жөндеуге қабілетті МИСМЭТЧ репарация 558. Жасушада ДНҚ-дағы дезаминдену, алкилдену және де басқа да құрылымдық өзгерістерді танитын көптеген ферменттер класстары қызмет атқарады. Қандай ферменттер туралы айтылып тұр? гликозилазалар 559. Адамдарда репарация жүйесінің бұзылыстарынан дамитын көптеген аурулар анықталған. Бұл аурулардың кейбір түрлері ерте қартаюға алып келеді. Төменде келтірілген синдромдардың қайсысы осы топқа жатады? КОКЭЙН СИНДРОМЫ 560. Аутосомды рецессивті мутация бойынша гомозиготалы пигменттік ксеродермамен ауыратын балалар туылғанда қалыпты болып өмірге келеді. Бірақ, ерте балалық шақтарында күн сәулесі әсерінен олардың терілерінің зақымдалуы байқалады. Қандай үдерістің бұзылыстары пигменттік ксеродерма ауыруына алып келеді? РЕПАРАЦИЯ 561. ДНҚ-да зақымдалулар көп болғанда жасуша эксцизиялық репарация арқылы оларды толығымен жөндеп үлгермейді. Нәтижесінде осындай ДНҚ молекуласында репликациядан кейін бастапқы тізбектегі зақымдалған жерге комплементарлы сқалады. Репарацияның қандай типі арқылы аталған өзгерістер жөнделеді? Рекомбинативтік репарация. ПОСТРЕПЛИКАТИВТІК 562. Әйел соляриде болғаннан кейін терісінде жаңа түзілістердің көбейгендігін байқады. УК сәулесі әсерінен нуклеотидтер жүйесіндегі өзгерістер жаңа түзілістердің себебі болып табылады. Қандай үдерістің дұрыс жүрмеуі жаңа түзілістердің пайда болуына алып келді? репарация 563. УК сәулесі ДНҚ тұтастығын бұзып, мутацияға алып келетін пиримидиндік димерлердің түзілуіне алып келеді. Неліктен сәулеленген жасушалар қараңғыға қарағанда жарықта көбірек тіршілік қабілеттілігін сақтайды? ФОТОРЕАКТИВАЦИЯ 564. ДНҚ молекуласында тиминдік димерлердің түзілуіне алып келеді Рентген сәулесі әсерінен 565. Қандай репарация типіне жаңа синтезделген ДНҚ молекуласының тізбегіндегі өзгерістердің жөнделуі, ал бастапқы тізбектегі зақымдалулардың сақталып қалуы тән? ПОСТРЕПЛИКАТИВТІК 566. ДНҚ молекуласының зақымдалған жерінің табылып, кесіліп алынуы, қайта синтезделуі және тігілуі жүруі қандай репарация типіне тән? ЭКСЦИЗИЯЛЫҚ 567. Жасушаішілік органеллалардағы кальцийді реттейтін препараттарды қолдану, жасушаішілік Ca2+ деңгейінің жоғарылауы эндонуклеаздардың тікелей белсенді болуына және митохондрияның өткізгіштігінің жоғарлауына байланысты апоптоздың индукциялануына алып келуі мүмкін. Апоптоздағы Ca2+, Mg2+‑ тәуелді эндонуклеазалардың қызметін анықтаңыз. Днқ-фрагментациясы 568. Патологиялық жасушаның өлімінен (некроздан) апоптоздың ерекшелігі қандай? Жасушаның генетикалық бағдарланған тіршілігін жоюы 569. Қандай жасуша өлімі үшін осы келтірілген сипаттамалар тән: хроматиннің тығыздалуы және жасушаның жиырылуы (цитоплазманың тығыздалуына байланысты) жүреді, хроматин ядрода гомогенді масса түрінде орналасады, цитоплазма көлемі кішірейеді, жасуша өзінің пішінін өзгертеді? АПОПТОЗ 570. Липидтердің пероксидті тотығуының салдарынан митохондрия құрылымында қандай қызметтің жоғарылауы байқалады? Митохондрия мембранасының өткізгіштігі артады 571. Жедел лейкозбен ауыратын науқаста сүйек кемігін биопсиясын иммуноцитохимиялық зерттеуде ДНҚ фрагментациясы апоптозға тән белгілері бар жасушалардың саны көп мөлшерде кездесті. Апоптозда ДНҚ фрагментациясы қандай ферменттің көмегімен жүреді? Ca2+, Mg2+ тәуелді эндонуклеазалар 572. Емізулі баланы зерттелгенде, қолдың үшінші және төртінші саусақтарының қосылып қалғандығы анықталады. Апоптоздың типін анықтаңыз БҰЙРЫҚТЫҚ апоптоз 573. Алғаш рет бакуловируста апоптоз ақуыздарының ингибиторлары анықталды. Осы жаңалықтан кейін ашытқы саңырауқұлақтардан, сүтқоректілерге дейінгі барлық эукариоттарда ингибиторлар гомологтары анықталды. Апоптоз ақуыздарының ингибиторларының негізгі рөлі - 3, 7, 9 каспазларының белсенділігін басып тастау. Апоптоз сигналдарының берілуін тоқтататын ингибиторды анықтаңыз? ІАР 574. 10-12 аптасында түсік тастау қаупі болған жүктіліктен, 2600,0 г. салмақпен бала туылды. Туылғаннан кейін 12 сағаттан соң баланы тексергенде жағдайы ауыр болып, құсулар байқалды. Өкпенің екі жақты көптік қырылдары естіледі. Іші кебіңкі, жұмсақ. Балаға өңештің туа біткен ақаулығы диагнозы қойылды. Бұйрықтық апоптоздың бұзылуынан болатын өңештің даму ақаулығы қайсы? Өңештік атрезиясы 575. Ауру Д., 62 жаста, бұрын от жағушы болып жұмыс істеген, ауруханаға түскендегі шағымдары, жалпы әлсіздік, бірден азуы, дауысының жуандауы, тыныс алудың қиындығы, ауызындағы жағымсыз иістің, құрғақ жөтелдің болуы. Ларингоскопия жасағанда жұтқыншақтан ісік анықталды Апоптоздың қандай типі бұзылғанда ісіктің осы түрінің дамуына алып келеді? ІШКІ апоптоз 576. Екінші күні тексеру кезіндегі орташа ауырлықтағы баланың күйі: терісі қызғылт шырышты қабыршықты, тіндердің тургорі біршама азайған. Асқазанын тексеру барысында 40 мл қою-қоңыр түсті қоймалжың зат бөлінді. Іш қуысының радиографиясын қарау кезінде, ащы ішектің атрезиясы, ішектің бітеулігі анықталды. Қандай жасушалық механизм қызметінің бұзылуы балада қуысты мүшенің дұрыс түзілмеуіне алып келді? апоптоз 577. Иммундық жауап беру соңында және жедел қабыну кезінде лимфоциттерде нейтрофилдердің жойылуы жүреді. Апоптоздың қандай түрі туралы сөз болды? Ішкі апоптоз 578. Бұл ақуызыдың көп бөлігі өзінің гидрофобты негіздерімен митохондрияның ішкі және сыртқы мембраналарына жабысып, проапоптотикалық макромолекулалардың шығуына жол бермейді. Қандай ақуыз туралы сөз болды? BCL2, BCL X 579. Цитохром С цитоплазматикалық адаптор Apaf-1ақуызымен байланысады (apoptotic protease activating factor-1). Осы ақуыз кешенімен қай каспаза белсенді болады? КАСПАЗА-9 580. Апоптоздың басталуына жауап беретін, каспазалар СЕРИНДІК, ЦИСТЕИНДІК каспазалар 581. Жиі скринингті адамның қатерлі ісік ауруына тұқым қуалауға бейім гендеріне қатысты жағдайларда ұсынуға болады. Қандай гендер сүт безі қатерлі ісігінің тұқым қуалау қаупінің жоғары болуын ақтайды? BRCA-1, BRCA-2, ((п53 582. Әрбір адамның жасушаларында жасушалық циклдің ақуыздарын кодтайтын, жасушалық цикл гендер жиынтығы болады. Жасушалардың бөліну үрдісін бақылауға қайсы гендер тобы қатысады? ПРОТООНКОГЕН 583. Солярий қабылдағаннан кейін әйелдің терісінде ісіктердің көбейгендігі анықталды. Ісіктің пайда болу себебі ультракүлгін сәулелердің әсерінен нуклеотидтер тізбегінің бұзылуы. Қай үрдістің бұзылуы ісіктердің пайда болуына алып келеді? репарация 584. Ли-Фраумен синдромы аутосомды доминантты тұқым қуалайды және әртүрлі ісік түрлерінің (сүт безі, сүйек және жұмсақ тіндердің қатерлі ісігі, гемопоэтикалық тіндердің қатерлі ісігі және адренокортикалық карциномалар жоғары жиілігімен сипатталады. Қандай супрессор генінің мутациясы осы синдромға алып келеді? П-53 585. Тоқ ішегінің қатерлі ісігінде супрессор гендер белсенді емес болады. Бұл қатерлі ісікке қандай геннің мутациясы себеп болады? TbR-2, TAP(вета)-R 586. Берілген суретке сәйкес қатерлі ісік қасиетін анықтаңыз анықтаңыз. ИНВАЗИВТІ
587. Берілген суретке сәйкес қатерлі ісік қасиетін анықтаңыз анықтаңыз. МЕТАСТАЗ 588. Осы сатыда қалыпты жасуша геномының тұрақсыздығына, бақылаусыз және тоқтаусыз бөліну қабілетіне ие болады, бірақ өсудің реттелуі жасушааралық және ұлпалық бақылауда болады. Қатерлі ісіктің кезеңін анықтаңыз:ПРОМОЦИЯ 589. Осы кезең барысында трансформацияланушы жасушаның 10 еселеніп көбеюі жүреді. Бұл кезеңнің ұзақтығы шамамен 15 жылдан 30 жылға дейін созылады. Қатерлі ісіктің кезеңін анықтаңыз: ПРОМОЦИЯ 590. Қатерлі ісік жасушалары жасушааралық байланысқа жауап беретін, беткейлік ақуыздардардан байланысты жоғалтып, негізгі ісіктен бөлініп, қан тамырларына еніп және оның беткі қабаты арқылы басқа мүшелерге таралады. Бұл көрініс қалай аталады? МЕТАСТАЗ 591. Ісік бір немесе одан да көп жасуша ағзаның бақылауынан шығып, бөліну жылдамдай бастағанда пайда болады. Жасуша бөлінуінің ағзаның бақылауынан шығуын сипаттайтын ісіктің қасиеті қандай? АВТОНОМДЫЛЫҚ 592. Метастазданған ісіктерде көбінесе бірнеше типті жасушалар кездеседі, бірақ олардың бастапқы және кейінгі өсуі әдетте бір топ ісік жасушаларына байланысты болады. Бұл бір бастапқы жасушадан пайда болған жасушалар. Осы қатерлі ісікке тән, қасиетті анықтаңыз МОНОКЛОНАЛДЫҒЫ 593. Жасушада терең өзгеріске ұшырап, қатерлі ісік жасушаларының инвазивті өсуіне және метастазға әкелетін ісік жасушасының қасиеті онкогенездің қай сатысына сай келеді: ПРОГРЕССИЯ 594. Қандай фактор адам қалының (қатерлі емес ісік) түсінің өзгеруіне себеп болады? УЛЬТРАКҮЛГІН СӘУЛЕЛЕНУ (((химиялық факторлар әсері, жарақаттар, артық жыныстық гормондар)) 595. Әрбір адамда жасушалық циклдың өзінің гендер жиынтығы бар, оның әрқайсысы жасушалық циклдың ақуызын кодтайды. Жасушалық бөліну үрдісін бақылайтын гендер қандай гендер тобына жатады? ПРОТОНКОГЕНДЕР 596. Пигменттік ксеродерма ауруымен ауыратындардың терілері күн сәулесіне өте сезімтал болып келеді. Сондықтан, тері рагы дамуы мүмкін. Қандай ферменттің синтезінің дұрыс жүрмеуі аталған ауруға алып келеді? ЭНДОНУКЛЕАЗАНЫҢ 597. Бұл репарация жүйесі ДНҚ молекуласында зақымдалулар көп болып, жасуша тіршілігіне қауіп төнгенде іске қосылады. Қандай репарация типі туралы айтылып тұр? SOS репарация 598. Дәрігерге 46 жастағы науқас М., үнемі аз мөлшерде қақырықтың бөлінуімен құрғақ жөтелдің, бас айналуының, әлсіздіктің болатынына шағымданды. 15 жыл бұрын ол атом электр станциясында болған апатты жоюға қатысқан. Лак және бояу шығаратын, химиялық өндіріс орнында жұмыс істейді. 25 жыл бойы күніне 10-15 темекі шеккен. Бір жыл бұрын өзін нашар сезінгендіктен темекіні тастаған. Бронхоскопия жасағанда негізгі оң бронхтың ісігін анықтады. Ісіктің пайда болуының себебі нақты қандай мутация болуы мүмкін? протоонкогендік, антионкогендік мутация 599. Ісіктік вирустар ісіктердің өзіне емес, жасушаның генетикалық аппаратына онкогенді енгізіп, жасуша геномына жалғап, көбеюге қабилетті қатерлі ісіктердің пайда болуына себеп келеді. Қандай вирустар онкогенді вирусқа жатады?
Днқ-онкогенді вирустар: ГЕРПЕС(ҰШЫҚ), В ГЕПАТИТ, ПАПИЛЛОМА ВИРУСТАР, ЭПШТЕЙН-БАРР, буркитт лимфомасы, мұрын-жұтқыншақ карциномасы Рнқ-онкогенді вирустар: ретровирустар 600. BCL1 генінің транслокациясы нәтижесінде онкогендік мутация пайда болады. Мутация барысында BCL1 гені белсендіріледі, ол соңында апоптоз процесін тежейді. Осы ген мутациясы кезінде қандай ісік дамиды? Сүт безі рагы