Лматы технологи


Мақсаты: Мәдениет және этикет түсінігі туралы білім беру Кілттік сөздер



бет6/60
Дата10.04.2023
өлшемі305,47 Kb.
#81155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
Іскерлік және бейресми қарым-қатынас этикасы мен мәдениет 3

Мақсаты: Мәдениет және этикет түсінігі туралы білім беру
Кілттік сөздер:мәдениет, өркениет, менеджмент, корпоратив, кадр, мотивация, корпоративтік мәдениет
Негізгі сұрақтар
1. Мәдениет түсінігі және жіктелуі
2. Корпоративтік мәдениет түсінігі
Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан). Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Мәдениетке бірден бір ой бөлген Абай Құнанбаев. Сократ, Спенсер, Блинский, Чернышевский сияқты ойшылдар Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз.
Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: материалдық және рухани.

  1. Материалдық - бұл өндірістегі құрал-саймандар техника, құрылымдар және тағы басқалар.

  2. Рухани — бұл ғылым, өнер, әдебиет тағы басқалар.

Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі шартқа байланысты Олардың арасында тығыз байланыс, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер етеді. Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалар, тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа техника, сайман, басқа құрал-жабдық түріне айналады. Ал жаңадан пайда болған техника, құрылғы, технология, жаңа ой-пікірлер, тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызады.
Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен бірге барлық қолмен, ақылмен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет. Өткендегі құрал – саймандар із-түссіз жоғалып кетпейді.
Адамдар күнделікті өмірде мәдени құбылыстарды әртүрлі түсінеді. Біреулері мәдеениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе, екіншілері – қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның саналы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды.
Мәдениет - тұтас бір құбылыс, оны зерттегенде жүйелі талдау әдісі қолданылады. Бұл әдісті екі тұрғыда қолдануға болады.
1) мәдениет қоғамның оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде болады.
2) мәдениет жүйе ретінде, яғни, оның құрылымы, оған кіретін бөліктер, элементтер, олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салаларын зерттейді. Адам іс-әрекеті дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады.
Жалпы мәдениет құрылымы екі үлкен бөліктен құралады:
1) Материалдық мәдениет. Бұл адамның табиғатты өзгерту, қайта құру процесімен байланысты;
2) Рухани мәдениет. Бұл адамның рухани дүниесін және оның әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады.
Мәдениеттің мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз байланысты. Ал, оның құрылымы күрделі болғандықтан әртүрлі элементтерден, бөліктерден тұрады. Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба – символдық элемент болып саналады. Халықта «күш — білімде» деген сөз бос айтылманы белгілі.
Білім әр уақытта белгілі бар ұғымдар, түсініктер арқылы қалыптасып, тілде көрініс тауып, анықталады.
Мәдениет - адам құндылықтарының жиынтығы. Басқаша айтқанда, мәдениет адамдардың іс-әрекет, қимылдарының, еңбегінің, іс-қызмет, жұмысының, тәжірибесінің негізінде жинақталған және адамгершілік қасиеттерінің, ғылымының, білімінің, тәрбиенің, әдет-ғұрып, салттардың бағалы ережелердің, нұсқаулардың, т.б. мұраттардың жиынтығы. Адамдардың шығармашылық іс-қызметінің тәсілі. Қоғамдағы әрекеттер барысындағы әр түрлі кертартпалық қате түсініктерге, теріс ұғымдарға, ережелерге, ұсыныстарға, жоқ нәрсеге сенуге, ескі көзқарастарға, әділетсіздікке, әдепсіздікке, формализмге қарсы күресін жоққа шығаруды айтады.
Этикет - қоғамда қабылданған, қалыптасқан адамдардың тәртібі мен қарым қатынастары туралы ережелер. Қазіргі кездегі этикет өткен заман дәстүрлерінен іріктелген дүние. Оның құрамындағы көптеген ережелер көп ғасырлар , мыңжылдықтар бойы сүзгіден өткізілген, талай шыңдалудан өткен. Тарихшылардың пайымдауынша, ең алғашқы этикет туралы кітап Египетте б.д.д. 2350 ж бұрын жазылған. Атауы «Наставления по поведению» (Тәртіпті болу ережесі). Өкінішке орай ол кітаптың мазмұны туралы ешқандай мәлімет сақталмапты. «Этикет» сөзінің өзі бертін келе ХУІІғ.пайда болған. Ол французша «жазу», «қандай да бір церемонияны (рәсімді) өткізу тәртібі» дегенді білдіреді. Европа түсінігіндегі «этикет» жағымды, силастық мағынадағы қарым-қатынасқа түскен адамыңның мансабы, әлеуметтік жағдайы қандай болса да және әйел жандарға деген ілтипат, жасы үлкендерге құрмет көрсету. Бұл европалық барлық елдер, ұлттар үшін жазылмаған ереже. Этикеттің негізгі принциптері:
· Адамгершілік пен гуманизм;
· Қимыл-қылықтардың қажеттілігі,
· Тәртіптің әдемілігі мен эстетикалық тартымдылығы,
· Халық дәстүрлерін сақтау.
Қазіргі этикет адамның тұрмыстағы, қызметтегі, қоғамдық орындардағы, көшедегі, қонақтағы әртүрлі ресми шаралардың (қабылдау, церемониялар,келісімдік кездесу) барысындағы қарым-қатынас тәртібін реттейді.
Этика – мәдениеттілік көрсеткіші. Ал мәдениет ұлт деңгейінде қалыптасады. Сондықтан этикет те ұлттық ерекшеліктерге ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет