Трансформаторларды параллель жұмысқа қосу талаптары. Екі немесе бірнеше трансформаторлардың жұмысын олардың бастапқы орамалары бастапқы торапқа (электр тарату желісіне), ал қосалқы орамалары жүктеменің жалпы қосалқы торабына жалғанған кезде параллель деп атайды (6.7-сурет). Параллель жалғанған бірнеше трансфор-маторларды пайдалану кезінде тұтынушыларды электр- мен қамту проблемасы бір трансформаторды қолдану жағдайына қарағанда жақсырақ шешіледі, өйткені трансформаторлардың біреуі
167
6.7.-сурет. Параллель жұмысқа қосылған трансформаторлар.
істен шыққан немесе трансформаторлардың біреуі профилактика- лық жөндеуде болған кезде қалғандары жүктемені өзіне қабылдай алады.
Бұдан бөлек, трансформаторлардың параллель жұмысы жүкте- менің тәуліктік және маусымдық ауытқуы барысында мақсатқа сай келеді: жүктеме азайған кезде шығындардың орнын толтыруға ке- тетін энергияның шығысын кеміте отырып, трансформаторлардың бір бөлігі сөндіріледі.
Трансформаторлар параллель қосылған кезде олардың қалыпты жұмыс істеуі үшін келесі шарттарды орындау қажет.
- ш і ш а р т : трансформаторлардың номиналды бастапқы және
қосалқы кернеулерінің теңдігі: U1номТ1= U1номТ2; U2номТ1= U2номТ2.
- ш і ш а р т : трансформаторлардың орамаларды бірдей жалғау
топтарына тиесілігі.
- ш і ш а р т : қысқа тұйықталудың номиналды кернеулерінің, сондай-ақ осыны құрайтын кернеудің теңдігі (5.3-бөлімді қараңыз): uкТ1 =uкТ2; uаТ1 = uаТ2;uрТ1 =uрТ2.