6.5.-сурет. Үш фазалы трансформаторлардың орамаларын жалғау- дың кейбір сұлбалары мен топтары.
3-ші сұлбада ТК орамасындағы афазасының үстіңгі қысқышы cфазаның астыңғы қысқышына жалғанған, сондықтан бұл қысқыштардың потенциалдары бірдей. Бұл ТК орамасының диа- граммасынан көрініс табады: Еавекторының аяқталу ұшы мен Ес
векторының басталу ұшы бір нүктеде жатыр.
Бұл ретте ТК орамалардағы ЭҚК векторларының бағыттары 1-ші сұлбадағыдай, өйткені ЭҚК арасындағы фазалардың айырмасы да
164
дәл сондай. Желілік Eab ЭҚК векторында басқа топографиялық диа- граммалардағыдай b нүктесіндегі басы мен а нүктесіндегі ұшы бо- лады. 3-сұлбаға арналған диаграммада Еabвекторы Еавекторымен үйлеседі. Еавжәне ЕABвекторларының арасындағы бұрыш 30° тең,
яғни 1-ші жалғау тобына сәйкес келеді.
ші сұлбада ТК орамасындағы афазасының үстіңгі қысқышы
b фазасының астыңғы қысқышына жалғанған, сол себепті диаграм- мада Еа векторының аяқталу ұшы векторлардың бұрын бағыттарын сақтай отырып, Еbвекторының басталу ұшымен сыйыстырылған. Eabвекторы модуль бойынша тең болып келеді, бірақ Ebвекторы-
на бағыты бойынша қарама-қарсы. ЖК мен ТК орамаларындағы
желілік ЭҚК векторларының арасындағы бұрышты шығарудың қа- былданған бағытын ескере отырып, осы бұрыштың 330° тең екенін, ал жалғау тобының 11 екенін табамыз.
Үш фазалы трансформаторлардың орамаларын келесі жалғау топтары стандартты болып табылады: Y/Y0 — 0; Y/Δ — 11; Y0/A
11; Δ/Y0 — 11, мұндағы Y0 символы жалпы нүктесі шығарылған жұлдызшаның сұлбасын (жұлдызша нөлмен) білдіреді. Көбіне ЖК орамасы жұлдызшаға жалғанады, өйткені осы жағдайда берілген желілік фазалық ЭҚК үшбұрышпен жалғауға қарағанда аздау бола- ды. Сәйкесінше ораманың фазалар орамдарының саны да аз болады және осы кезде оқшаулау берік етіліп жасалады. ТК орамасы бәрінен бұрын үшбұрышқа жалғанады, өйткені бұл сұлба ораманың симме- триясыздығына аса сезімтал емес. Жұлдызша – ирек – 11 тобын да стандартты топқа жатқызады (бұл ретте ТК орамасының жалпы нүк- тесі сыртқа шығарылады).
Бір фазалы трансформатор үшін орамаларды жалғаудың тек екі тобы ғана мүмкін болады: I/I — 0 және I/I — 6. Бірінші жағдайда ЭҚК мен ЖК және ТК орамаларының арасындағы фазалардың ығы- суы нөлге тең, ал екінші жағдайда — 180° тең.
Трансформаторлардың орамаларын жалғау тобын анықтау мына
тәсілдермен жүзеге асырылады:
фазометр әдісі — фазалардың айырмасын тікелей фазоме- трмен өлшеу, ең дұрысы 360° шкаламен өлшеу (салыстыр- малы түрде азғантай қуат пен кернеуде қолданылады);
графикалық әдіс — трансформатордың белгілі бір қысқыштарының арасындағы кернеудің өлшенген мән- дері бойынша топографиялық диаграмма құру негізінде;
есептік әдіс — кернеулердің өлшенген мәндері секілді.
Фазометр әдісі мен графикалық әдісте өлшеу бөлігі бірдей болғандықтан, оларды жалпы атаумен вольтметрәдісінебіріктіруге болады.