211
ол 95 % дейін жетеді.
Шығындардың толық қуатына келесі енеді:
Статор орамаларындағы электр шығындарының қуаты
Статор өзегіндегі магнит шығындарының қуаты (гисте- резис пен құйынды токтарға жұмсалатын болат шығын- дары) Рс1;
Ротор орамаларындағы электр шығындарының қуаты
Мойынтіректегі үйкеліс және ауа кедергісімен пайда болған Рмех.п механикалық шығындарының қуаты; сон- дай-ақ, фазалық роторы бар қозғалтқышта механикалық шығындар щеткалардың ротордың түйіспелі сақинасына үйкелуімен пайда болады;
Жеке жағдайларда, тістердегі магнит индукциясының соғуымен және МҚК жоғарғы гармоникасының бо- луымен пайда болатын, Рдоб қосымша шығындар қуаты. Қосымша шығындарды есепке алу қиын; әдетте, оларды Р1 тұтылатын қуатының 0,5 % тең етіп алады.
Келтірілген тізімде ротордағы магниттік шығындардың қуаты жоқ. Себебі, ротордың өзегі қозғалтқыштың жұмыс режимінде f2=sf1 төмен жиілігімен қайта магниттеледі ((9.7) формуласын қараңыз), сондықтан, гистерезис пен құйынды токтан пайда болған шығындар аса көп болмайды.
Роб1 және Роб2 электр шығындары, сондай-ақ, Рдоб қосымша шығындары қозғалтқыштың жүктемесіне, яғни, ротор мен статор орамаларындағы токтарға байланысты болады, сондықтан, олар ай-
нымалы шығын болып табылады. Рс1 магниттік және Рмех.п механика- лық шығындар көп жағдайларда жүктемеге байланысты болмайды, келесі жағдайдан басқа – жүктеме өзгерген жағдайда, айналмалы жиілігі біраз өзгереді, бұл қозғалтқыштың магнит жүйесінің қайта магниттелу жиілігінің біраз өзгеретінін көрсетеді.
Рэм электрмагниттік қуаты — бұл ауа саңылауы арқылы статор- дың айналмалы магнит өрісімен роторға берілетін қуаттылық. Осы анықтамаға сәйкес, Рэм қуаты тұтылатын қуаттылықтан статор ора- масы мен оның өзегіндегі шығындар шамасынан төмен:
Рэм = Р1 - (Роб1 + Рс1).
(9.27)
2
Айналмалы ротор тарататын P* қуаты электрмагнит қуатынан ро-
2
эм
тордағы электр шығындары шамасына төмен (P* = Р
– Роб2) және
|