лайша, тіке токтың белсенді құрамдас бөлігі кері бағыттағы токтың белсенді құрамдас бөлігінен біршама артық. Осы себеппен Мпр тіке айналдыратын иінкүші Мобркері бағыттағы иінкүштен артық болады. Сонда нәтижелік иінкүш М=Мпр–Мобр оң болады, яғни тікеиінкүш жағына бағытталған.
Біз мынадай қорытындыға келдік: егер бір фазалы орамасы барасинхрондықозғалтқыштыңбілігінеқандайдабірбағыттаайналухабарланатын болса, нөлге тең болмайтын, сол бағытта айнала-тын электрмагнитті иінкүш пайда болады және сыртқы әсер қа-жеттіболудан қалады. Өтіп тұрған магнитті өрісті екі айналатын ағынға бөлу қағидасына сәйкес бір фазалы орамасы бар асинхронды қозғалтқыш бір білігі бар және қарама-қарсы бағытталған электрмагнитті иінкүштерді туғыза- тын екі бірдей үш фазалы қозғалтқышқа тең түседі. Осы иінкүштер тең болған кезде қосу иінкүші нөлге тең болады. Егер, бөгде әсер есебі- нен білікті синхронды жиіліктен аз болатын жиілікпен қандай да бір бағытқа айналдыратын болса, қаралып отырған бір қозғалтқыштың айналдыратын иінкүші сыртқы әсердің бағытына сәйкес келеді. Осы
қозғалтқыштың сырғуы sпр= s0-ден 1-ге дейінгі интервалда болады. Екінші қозғалтқыш бұл ретте сыртқы әсерге қарсы бағытталған ай- налдыратын иінкүшке ие болады және оның сырғуы 1-ден 2-ге дей-
інгі интервалда болады (sобр =2 – s). Әртүрлі сырғуға сәйкес келетін айналдыратын иінкүштерді қозғалтқыштың механикалық сипатта- масы бойынша анықтауға болады (9.6-суреттегі R21 ротор тізбегінің кедергісі үшін салынған қисықты қараңыз). Сипаттамадан бірліктен аз болатын сырғулар кезінде айналдыратын иінкүш бірліктен асатын
сырғу кезімен салыстырғанда артық болатындығын көруге болады (соңғы жағдай қосуға қарсы тежеу режиміне сәйкес келеді). Сонда білігі ортақ екі қозғалтқыштың жиынтық айналдыратын иінкүші сы- ртқы әсердің жағына бағытталады. Егер білікте механикалық жүктеме болмаса, екі қозғалтқыштың жүйесі өздігінен сол бағытта айналуды бастау үшін кез келген бағытқа азғана итеру ғана жеткілікті.
Осылайша, өтіп тұрған магнитті өрісті екі айналатын өріске бөлу негізінде бұрын жасалған тұжырым екі үш фазалы қозғалтқыштың моделінде расталды.