Лобзин с. А. Электр машиналар



бет200/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

234


    1. Асинхронды қозғалтқышта қандай шығындардың қуаты бар? Қозғалтқыштың электрмагниттік қуаты нені сипаттайды?

    2. Қозғалтқыш режиміндегі; генератор режиміндегі; кері қосумен тежеу режиміндегі асинхронды машинаның жұмысына сырғу- дың қандай мәндері сәйкес болады?

    3. Асинхронды қозғалтқыштың электрмагниттік иінкүшінің ротор тізбегінің белсенді кедергісіне тәуелді болуының ерекшеліктері қандай?

    4. Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс сипаттамаларының түр- лерін сипаттаңыз және түсіндіріңіз.

    5. Асинхронды қозғалтқышты іске қосудың қандай тәсілдері бар? Қысқа тұйықталған роторы бар қозғалтқыштар мен фазалық ро- торы бар қозғалтқыштар үшін қандай тәсілдер қолданылады? Іске қосудың әр тәсілінің арттықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз.

    6. Жақсартылған іске қосу қасиеттері бар қысқа тұйықталған конструкциялардың ерекшеліктері неде? Қарапайым «беличья клетка» құрылғымен салыстырғанда, осындай роторлардың іске қосу қасиеттерін жақсарту дегеніміз не?

    7. Асинхронды қозғалтқыштардың айналмалы жиілігін реттеу тәсілдерін атаңыз. Қысқа тұйықталған роторы бар қозғал- тқыштар мен фазалық роторы бар қозғалтқыштар үшін қандай тәсілдер қолданылады?

    8. Асинхронды қозғалтқыштардың электрлік тежеу тәсілдерін сипаттаңыз. Әр тәсілдің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз.

10-ТАрАу


АСИНХРОНДЫ МАШИНАЛАРДЫҢ АРНАЙЫ ТҮРЛЕРІ



10.1.

ИНДУКЦИЯЛЫҚ РЕТТЕГІШ ЖӘНЕ ФАЗА РЕТТЕГІШ

Индукциялық реттегіш. Ол сонымен қатар потенциал-реттегіш және бұрмалы автотрансформатор деп аталады — бұл кернеуді кең шектерде реттеу үшін арналған роторы тежелген асинхронды ма- шина. Реттегіштің роторына ф а з а л ы қ о р а м а орнатылады. Кер- неу роторды бұру арқылы реттеледі. Роторды бұрған кезде электр қозғалтқыш күштер арасында статор мен ротор орамаларының фаза- ларындағы айналып тұратын магнитті өріспен туындайтын фазалар- дың ауытқуы өзгереді. Роторды бұрып, тежелген күйде ұстап тұру үшін өздігінен тежелетін бұрамдықты беріліс қызмет атқарады (мұндай берілісте бұрандалы бетінің бүгу бұрышының тангенс үй- келу коэффициентінен кем болады).
Үш фазалы индукциялық реттегіштің сұлбасы 10.1, а - суретін- де көрсетілген. Статор орамалары фазаларының басы (А, В, С) U1 желілік кернеуі бар үш фазалы желіге жалғанған. Осы желіге щет- калар мен сақиналардың жылжымалы түйіспелері арқылы ротор орамасы фазаларының басы жалғанған (а, b, с). (Жылжымалы түй- іспелер сұлбада көлденең сызықшалармен белгіленген.) Ротор ора- масының ұштары (х, у, z) бір-біріне тұйықталған. Осылайша, ротор- дың орамасы жұлдызша түрінде жалғанған және ротор орамасының фазалардағы кернеу ротордың кеңістікте орналасқан орнына қара- мастан әрқашан желінің фазалық кернеуіне тең. Статор орамасы фа- заларының ұштары (X, Y, Z) желіге энергия қабылдағыштың желісі- не жалғанған, оның кернеуі U2 индукциялық реттегіштің роторын айналдыру арқылы реттеледі. Индукциялық реттегіштің орамала- рын жалғау бойынша сипатталған сұлба автотрансформаторлық сұлба деп аталады.
Реттегіштің әрекетін реттегіштің бір фазасы үшін салынған век- торлық диаграмма (10.1, б суреті) түсіндіреді. Реттегіш үш фазалы желіге қосылған кезде жылжымайтын ротордың орамасымен айна-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет