Бір фазалы асинхронды қозғалтқышты қосу. Конденсатор- лық қозғалтқыш. Бір фазалы асинхронды қозғалтқышты электр тәсілімен (сыртқы механикалық әсердің көмегінсіз) айналдыру үшін қосу уақытына айналатын магнитті өрісті туғызу қажет. Ол үшін:
статорға бір-біріне қатысты алғанда 90 эл. град. бұрышқа
241
кеңістікте жылжытылған екі ораманы орнату;
осы орамалардың токтары арасындағы фазаның нөлдік емес ауытқуды қамтамасыз ету қажет. Бұл жиірек Спқосу конденсаторының бір орамасын тізбекке қосу арқылы жа- салады (10.2, а суреті).
Неғұрлым көп қосу иінкүші (2Мномдейін) қосу уақытына айнал-малымагнитті өрісті туғызу кезінде қамтамасыз етіледі (9.8-бөлімді қараңыз), ол үшін қос ораманың МҚК-сы тең болуы, ал орамалар- дың токтары фаза бойынша π/2 шамасына ауытқуы керек.
Конденсаторды қосатын қ о с у о р а м а с ы н ы ң тізбегі желіге қосу кезеңіне ғана жалғанады. Қосу орамасы токтың қысқа мерзім- де өтуіне есептелген. Қосу жүзеге асырылған соң қосу орамасының тізбегі реле немесе ортадан тепкіш сөндіргіш көмегімен сөндіріледі және желіге қ о л д а н ы с т а ғ ы о р а м а ғана жалғанып қалады. Бұл ретте айналып тұратын бір фазалы қозғалтқыштың роторына М=Мпр–Моброң иінкүші әсер етеді.
Бір фазалы желіден үшфазалыасинхрондықозғалтқышжұмыс
істей алады. Оны қосу бойынша мүмкін сұлбалардың бірі 10.2, бсу- ретінде көрсетілген. Үш фазалы қозғалтқыш бір фазалы желіден жұ- мыс істеген кезде үш фазалы желіден жұмыс істеу кезімен салысты- рғанда оның қосу және қолданыстағы қасиеттері нашарлау болады.
К онденс а т ор лық қозға лтқыштың бір фазалы қозғал- тқыштан ерекшелігі – іске қосқан соң құрамында конденсатор (кон- денсаторлар батареясы) бар оның орамасының тізбегі сөнбейді, қозғалтқыштың жұмыс істеу үдерісінде магнитті өрістің айналуын қамтамасыз етеді. Бұл қозғалтқыштың қолданыстағы қасиеттерін жақсартады. Конденсаторлық қозғалтқыштың екі орамасы токтың ұзақ өтуіне есептелген. Конденсатор бұл жағдайда қосу емес қ о л - д а н ы с т а ғ ы болып табылады.
10.2.-сурет. Бір фазалы желіге қосу сұлбалары: а — бір фаза- лы асинхронды қозғалтқыш; б— үш фазалы асин- хронды қозғал- тқыш (сұлбаның бірі)