Лобзин с. А. Электр машиналар



бет226/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

266






11.9.-сурет. Индуктивті жүктеме кезіндегі синхронды генератордың МҚК векторлары:
а векторлық диаграммада; б — кеңістікте

зәкірінің МҚК векторына қарама-қарсы орналасқан. Бұл қарасты- рылып отырған уақыт мезетіндегі кеңістіктегі ротордың орналасуын анықтайды. Осылай, индуктивті жүктеме кезінде А фазасындағы ток максималды мәнге АХ шарғысындағы белсенді өткізгіштерге оның полюстері бағытталған кездегі күйге келгеннен кейін ротордың ай- налу кезеңі арқылы жетеді. АХ шарғысында индукцияланған ЭҚК Е0 келетін болсақ, ол негізгі магнитті ағын болып саналады, онда оның лездік мәні полюстер осы шарғының өткізгіштеріне бағытталған кезде үлкен болады (ЭҚК Е0 МҚК Fadдан 90°-қа озық болады).


Сонымен, индуктивті жүктемеде полюстердің магнитті осі зәкір
орамасы өрісінің магнитті осімен 180° бұрышты құрайды (жалпы жағдайда 180 эл. град.). Бұл индуктивті жүктеме кезінде зәкірдің бойлық магнитсіздену өрісі қозады, ол кезде генератордың қорытқы ЭҚК-і қоздыру орамасының ЭҚК-нан аз болады.
Бойлық қорытқы МҚК Fd-ға арифметикалық теңдеуге сай келеді

Fd = Fв Fad.
(11.10)

Зәкірдің бойлық ағынымен индукцияланған ЭҚК Еad үшін мына өрнекті жазамыз (11.9):

Ead= –jIdxad
(11.11)

Мұнда, xad— зәкірдің бойлық ағынымен шартталынған индук- тивті кедергі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет