ротордың магнитті өрісінің орта сызығында орналасқан. Ротор ішінде бұл вектор ротордың магнитті өрісінің күш сызықтары секілді оңтүстік- тен солтүстік полюске бағытталған. Ротор сағат тілі бойымен бастапқы қозғалтқышпен айналады. Fв қоздыру орамасының Faq зәкір МҚК-ы фаза бойынша 90° бұрышқа қалып қойса, онда Faq векторы кеңістіктегі кез келген бағыт алдымен Fв векторын, содан барып айналым кезеңінің бір тоқсанынан кейін Faqвекторына келетіндей етіліп Fв, векторына 90° бұрышпен кеңістікте орналасуы керек (11.8, б суретін қараңыз). (бір вектордың кеңістіктегі қозғалу бағыты басқасына қарағанда ротор айналымының бағытына тәуелді, ал векторлық диаграммадағы қозғалу бағыты шартты ережемен анықталады: қалыс қалған вектор озып кет- кенге қарағанда сағат тілі бойынша қозғалған болып бейнеленеді).
11.8, б суретінде көрсетілген Faq векторының бағыты сол суретте көрсетілген статордың белсенді өткізгіштеріндегі ток бағыттарымен қол бұрғы ережесімен байланысты. Қарастырылып отырған уақыт кезінде максималды ток АХ шарғысы бойымен өтеді.
Сонымен, генератордың белсенді жүктеме жағдайында ротор по- люстері өз айналымында статор орамасының белсенді өткізгіштер жағына бағытталған, онда дәл сол уақытта токтың лездік мәні мак- сималды болады.
11.8, бсуретінде статордың жеке белсенді өткізгіштерімен құрылған магнитті өрістерінің күш сызықтары, сонымен қатар, бір бағыттағы токтарға жататын сомалы өріс те көрсетілген. Ротордың магнитті өрісі- не арақатынасы бойынша суреттің жоғарғы бөлігіндегі зәкірдің магнит- ті өрісіндегі күш сызықтардың бағыттарын қарастырамыз. Полюстің оң жақ шетінде зәкірдің өрістің күш сызықтары төмен қарай бағытталған, яғни ротор өрісіне қарама-қарсы (негізгі магниті өрісіне). Полюстің сол жақ шетінде зәкір өрісінің сызықтары жоғарыға бағытталған, яғни не- гізгі өрістің бағыты бойынша. Осылай, зәкірдің көлденең өрісі генера- тор қорытқы өрісінің полюстің бір шетімен күшеюіне және полюстің басқа шетімен қорытқы өрістің әлсіреуіне алып келеді (1.6 бөлімінің
талқылауларымен). Fр қорытқы МҚК векторы 11.8, а суретінде көр- сетілген. Көлденең реакция қорытқы МҚК-ң (және қорытқы ағыны- ның) шамасы мен фазасын өзгертеді. Ал бұл статордың ЭҚК мәніне
әсер етеді, оған қоса зәкірдің көлденең реакциясының ЭҚК-ға әсерінің нәтижесі машинаның магнитті тізбегінің қанығу дәрежесіне тәуелді.
Қанықпаған магнитті тізбекте ағын мен ЭҚК қорытқы МҚК-ға пропорционалды түрде өзгереді. ЭҚК шамасын шамасы векторлық теңдеуді анықтайды