Лобзин с. А. Электр машиналар



бет243/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

286


ында қоздыру тогының жоғары емес өсу жылдамдығы жатады.
Басқа кемшілікке жоғары айналым жиілігі бар турбогенератор- лар жатады. Ол щетка мен коллектор жұмыстарының ауыр шарт- тары мен діріл салдарынан электр машиналы қоздырғыштардың сенімділігінің аздығымен сипатталады. Қуатты генераторларда (150 МВт-тан жоғары) қоздыру қуаты біршама маңызды саналып, сенімді қоздырғышты орындау қиындай түседі - 3000 айн/мин ай- налым жиілігімен тұрақты ток генераторы. Қоздырғыш жұмысының сенімділігінің арту мәселелерін шешудін біріне механикалық ре- дуктордың көмегімен оның айналым жиілігінің төмендеуі жатады, алайда қосымша механикалық берілу қоздыру жұмысының кемшілі- гі болып табылады.
Көмекші индукторлы генераторды қолдана отырып тәуелсіз қоздыру жүйесі (11.16, в сурет). Қоздырудың ең жетілген жүйесі көмекші машина ретінде жоғары жиілікті и н д у к т о р л ы с и н - х р о н д ы г е н е р а т о р д ы қолдануға негізделген.
Еск ер т у. Индукторлы генератор — айнымалы токтың электр машинасы, оның роторында орама болмайды, яғни сырғыма байланыстары болмайды. Зәкірдің үшфазалы ора- масы мен қоздыру орамасы статорда орналасады. Ферромаг- нитті ротор тісті болып келеді. Мұндай ротордың айналуы кезінде ауыспалы ЭҚК алуға қажетті қоздыру орамасының магнитті ағынының өзгеруі жүреді. Сырғыма байланыстар- дың болмауы жоғары жиілікті машинаны орындауға мүм- кіндік береді.
G негізгі синхронды генератордың қоздырғышының рөлін атқара- тын GE индукторлы генератор тірегі соңғының тірегімен қосылған. Индукторлы генератор 3000 айн/мин айналым жиілігінде 500 Гц жиілікпен кернеу өндіреді. Көмекші генератордың кернеуінің жоға- ры жиілігі қоздырғыш жүйесінің жылдам әрекет етуін арттырады.
GE генераторы статорына үш қоздыру орамасын салады. Олар- дың біреуі (LGE1) біртіндеп диодты түзеткішпен VD және негізгі синхронды генератордың LG қоздыру орамасымен біріккен. Қысқа тұйықталу кезінде энергия жүйесінде қоздыру орамасының біртін- деп бірігуі ротордағы токтың бірден секіруі көмекші және негізгі ге- нераторлардың қоздыру тогының бірден артуына алып келеді.
Индукторлы генератордың екі басқа орамдарын (LGE2 және
LGE3) түзеткіштер арқылы GEA қосалқы қоздырғышынан алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет