Лобзин с. А. Электр машиналар



бет246/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

289



11.17.-сурет. Жартылай өткізгішті өздігінен қоздырудың қысқар- тылған сызбанұсқасы.



де қамтамасыз етіледі, сонымен қатар қысқа тұйықталу кезіндегі қоздыру үдеткішін де қамтамасыз етеді. VS тиристорлы тобын бос жүрісіндегі генератор қоздырғышы құрады және қалыпты режимде- гі қоздыруды реттеуде қолданылады.


Тәуелді электр машинасының жүйесі. Электр станцияларында қоздырудың резервті көзі ретінде қолданылады. Қоздырғыш агрега- ты құрамына кіреді:

  • асинхронды қозғалтқыш, ток көзін төмендеткіш транс- форматор арқылы синхронды генератордан алады;

  • қоздырғыш — асинхронды қозғалтқышпен бір тіректе орналасқан және синхронды генератормен механикалық байланыспаған параллельді қоздырудың тұрақты ток ге- нераторы;

  • ток көзіннен қуат алатын синхронды генератордың қоз- дыру орамасы.

Электр машинасының болғанына қарамастан қоздырудың мұн- дай жүйесі тәуелсіз саналады, себебі асинхронды қозғалтқыштың қуаттануы негізгі генератор арқылы жүзеге асырылады.


290


11.8.

СИНХРОНДЫ ГЕНЕРАТОРЛАРДЫ
САЛҚЫНДАТУ

Синхронды генератор жұмысы кезінде олардың орамаларының қызуы пайда болады, сонымен қатар статор мен ротордың қызуы жүреді. Орамдардың рұқсат етілген температуралары оқшауланған материалдар мен қоршаған орта температурасына байланысты 100°С және одан жоғары болуы мүмкін. Шектен асқан температу- ралар қызуы кезінде оқшаулау негіздерінің жылдам нашарлайды (ескіреді). Қызуды тоқтату үшін синхронды генераторларға жасанды салқындату қолданылады.


Орамдардан жылуды бөлу тәсілі бойынша жанама және тікелей салқындату деп екіге бөліп қарайды. Жанама салқындау кезінде салқындалатын ауа мен сутегі алдын ала қарастырылған желдеткіш арналар және магниттелмеген саңылау арқылы айдалады, ол үшін ротор кіре берісінде желдеткіштер орнатылады. Мұнда оқшаулау арқылы жүреді. Тікелей салқындату кезінде салқындатушы газ не- месе сұйықтық өткізгіштермен тікелей жанасады. Қолданылатын салқындатушы зат бойынша салқындау жүйесі әуе, сутекті, сұй- ықтықты және әуе-сұйықтық болып бөлінеді.
Ә у е с а л қ ы н д а у ы н ы ң а ғ ы н д ы ж ү й е с і қуаты аз ге- нераторларда қолданылады: 2 МВ.А дейінгі генераторларда; 4 МВ.А
дейінгі гидрогенераторларда. Машина генератор арқылы айдалады; мұнда орамдар оқшаулағышы жылдам ластанады, ал бұл генератор қызметінің мерзімін қысқартады.
Әу е с а лқында уының тұйықт а лған жүйе сі тіке- лей 12 МВ.А дейінгі қуатта қолданылады. Бұл жүйеде ауаның сол
бір көлемі тұйықталған шеңбер бойынша айналады. Ауа құбырла- ры бойынша ауа айдалатын ауа салқындатқышта салқындалады. Салқындатылған ауа машинаға роторда орнатылған желдеткіштер- мен айдалады.
Турбогенератордың белсенді бөлігінің айтарлықтай ұзындығын- да салқындау тиімділігі желдеткіштің к ө п қ ұ й м а л ы р а д и а л - д ы ж ү й е с і н қолдану арқылы артады. Салқындау жүйесі бөліктің қатарларына тік жазықтықтармен бөлінеді. Әр бөліктің әуе саңыла- уы арқылы немесе арнайы осьтік арна арқылы беріледі, одан кейін ол радиалды желдеткішті арналар арқылы өтіп, шығарушы камера- ларына кетеді. Шығып кеткен ауа шығындарын өтеу үшін, қосым-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет