Лобзин с. А. Электр машиналар



бет247/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

291


ша ауа суық ауа камерасында орнатылған майлы фильтрлер арқылы салқындау жүйесіне келіп түседі.
Жанама сутектік салқындату әуеліктен тиімдірек, себебі сутек ауаға қарағанда жылу беру коэффициенті 1,5 есеге көп болады және жылу өткізгіш коэффициенті 7 есеге дейін көп болады (жылу берілу коэффициентін жылу өткізгіштік, конвекция және сәулелену жо- лымен жылу алмасу интенсивтілігін анықтайды, ал жылу өткізгіштік коэффи¬циенті молекулалардың жылулық қозғалысымен сипаттала- тын кондуктивті жылу алмасумен ескеріледі). Онымен қоса, сутек- тің айтарлықтай аз тығыздығы ауамен салыстырғанда желдеткіштік шығындарды 10 есеге дейін азайтуға мүмкіндік береді, бұл генератор КПД-сын шамамен 1 %-ға арттыруға алып келеді. Сутек ортасында оқшаулану тотығуының болмауы оқшаулану мерзімін арттыратыны да маңызды. Ақырында, сутек жанбайтындықтан өрт сөндіру құрал- дарына қажеттілік туындамайды. Алайда, сутектің ауамен қоспасы болса жарылыс қауіпті болады, сондықтан да сутектік салқындатуы бар машиналарда генератор корпусының газ өткізбейтіндігі қамтама- сыз етіледі. Корпусты сутекпен толтырғанда улы қоспаның түзілуінен аулақ болу үшін, ауа алдымен көмірқышқыл газымен ығыстырылады. Жанама сутектік және жанама әуелік салқындау кезіндегі жел- дету сызбанұсқалары ұқсас келеді. Айырмашылығы мынада, яғни салқындатушы сутектің көлемі генератор корпусымен шектеледі, сондықтан да салқындатқыштар тікелей корпуста тұрады. Сутектік салқындау тиімділігі артық газ қысым артқан кезде көбейеді. Оған қоса, артық қысым генератор корпусында ауаның енуіне кедергі келтіреді. Алайда, қысым қатты артқанда тығыздалу қамтамасыз етіледі. Әдетте, артық қысымды 0,4...0,6 МПа дейін жүргізеді (қа-
лыпты атмосфералық қысым 0,1 МПа құрайды).
Жанама сутекті салқындауы бар генераторлар ауа салқындаған кезде де жұмыс істеуі мүмкін, бірақ ол кезде олардың қуаты азаяды. Тікелей сутектік салқындату жанамалыққа қарағанда өте тиімді, орамдардың өткізгіштері қуысты және сутек өткізгіштердің ішіне беріледі. Тікелей сутектік салқындатуы бар генераторлар әуелік салқын-
датуда жұмыс істей алмайды, себебі бұл жағдайда орам қызып кетеді.
Генераторлардың тікелей сұйықтық салқындатуы кезінде салқындатқыш сұйықтық ретінде дистилденген су немесе кабельді май қолданылады. Бұл заттар сутекке қарағанда жылу өткізгіштің қабілеті жоғары, оған қоса дистилденген суда майға қарағанда жылу өткізгіштік қабілеті жоғары. Көп жағдайда қуатты генератор-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет