Лобзин с. А. Электр машиналар



бет279/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

ӘМБЕБАП КОЛЛЕКТОРЛЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШ

Тұрақты ток қозғалтқышын реверстеу мәселесін қарау кезінде қуат беру көзі полярлығының қозғалтқыштың айналу бағытын өз- герте алмайтындығы байқалды, себебі бұл жағдайда зәкір тогы мен қоздыру тогының бағыттары бір бағытта өзгереді (3.5-бөлімін қа- раңыз). Сондықтан, егер жүйелі және параллель қоздыру тұрақты ток қозғалтқышын айнымалы ток көзіне қосса, қозғалтқыш айна- лады. Тораптан келетін тұрақты және ауыспалы кернеуге арналған қозғалтқыштар әмбебап коллекторлы қозғалтқыш деп аталады және электр құралдарында, тігін машиналарында, бор машиналарда, жел- деткіштерде, шаң сорғыштарда, кофе ұнтақтағыштарда, электр ұста- раларында және басқа да тұрмыстық құралдарда және автоматика сұлбасының атқарушы қозғалтқышы ретінде пайдаланылады. Бұл қозғалтқыштардың асинхрондыларға қарағандағы артықшылығы сонда – олар айналу жиілігін үнемді және бірқалыпты реттейді және жоғарғы коэффициентті қуатпен жұмыс істей алады. Әмбебап қозғалтқыштар айнымалы ток желісінен өте жоғары 40000 а/мин ай- налу жылдамдығын жасауға мүмкіндік береді, ал мұндай мүмкіндік- ті 50 Гц кернеу жиілігінде синхронды және асинхронды машиналар көмегімен ала алмайды. Әмбебап коллекторлардың қозғалтқышта- рының айналу жиілігі қалыпты қоздыру тұрақты ток қозғалтқышы сияқты реттеледі: жеткізілген ток кернеуін өзгертеді және қоздыру орамасын тұйықтайды (3.7-бөлімін қараңыз).


Коллекторлы машинаны айнымалы токпен қуат бергенде оның магнитті тізбектерінде құйынды токтар пайда болады, яғни жылу шығыны жоғары болады. Құйынды токтарды азайту үшін әмбебап коллекторлы машинаның тұғыры мен полюсі дестеленген, яғни электр техникалық болат тақташалардан жасалған болуы тиіс.
Айнымалы токпен жұмыс істегенде коллекторлы қозғалтқыштың коммутация шарттары тұрақты токпен жұмыс істегенге қарағанда төмендеу болатыны полюстер ағындарымен өтіп тұрады және соның нәтижесінде пайда болатын трансформаторлық ЭҚК-нің әсерінен болады. Трансформаторлық ЭҚК-ні азайту үшін магнитті тасқын- ның амплитудасын азайту қажет. Қозғалтқыш қуаты өзгермес үшін полюс санын көбейту қажет.
Айнымалы ток желісінде қоздыру орамасы үлкен индуктивтік қарсылықта болады. Бұл, әсіресе, қоздыру орамасында көптеген орамдары бар параллель қоздыру қозғалтқышына қатысты. Бұл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет