Зәкір тізбегінде кернеудің төмендеуімен ғана уағдалы кернеу- дің төмендеуі, номиналды режимде IномRятең, мұндағы Rя«тікелей өлшенген зәкірдің кедергісі. Анүктесінен тік сызықпен жоғары қарай IномRякернеудің төмендеуіне тең (кернеу шкаласы бойынша) АВ кесіндісін жүргізейік. Жүктемелік сипаттамасының барлық нүк- телері бірдей жүктеме тогына сәйкес келетінің еске түсірейік, осы жағдайда номиналды ток Iномсәйкес. Осы себепті зәкір тізбегіндегі кернеудің төмендеуін сипаттайтын кескін жүктеме сипаттамасының барлық нүктелері үшін бірдей ұзындыққа ие болады. Атап айтқанда, IB1қоздыру тогы үшін құрылған A1B1кескіні, номиналды қоздыру тогы үшін құрылған AB кескініне тең болады. Жүктемелік сипатта- маның әртүрлі нүктелерінен АВ кескініне тең көптеген тік кескін- дер жиынтығын бөліп қойып, негізгі полюстердің (2.4-суреттегі штрих сызық) өріспен зәкір орамасындағы тураланған ЭҚК қисық сызықтың жоғарғы ұштарын солар арқылы шығарамыз. Бұл қисық сызық бос жүрістен төмен өтеді, өйткені ол құрылған кезде зәкір ре- акциясының магнитсіздендіру әрекеті қарастырылмаған еді.
Жоғарыда айтылғандай, қоздыру тогының әртүрлі мәндері үшін зәкір реакциясының магнитсіздендіру әрекеті, негізгі полюстердің (2.4 суреттегі BD және B1D1 кескіндері) өрісімен тураланған ЭҚК қисық сызық пен бос жүріс сипаттамасы арқылы тік кескіндермен сипатталады.
Зәкір реакциясының әсерін, қоздыру тогының BC және B1C1 өл- шемінде өлшенетін кескіндерімен сипаттауға болады. Мұны келесі- ден көруге болады.
В нүктесі арқылы көлденең тік сызықты жүргізейік. Бос жүріс сипаттамасымен осы түзу сызықтың қиылысу нүктесін С (бұл АВСсипатталатын үшбұрыштың үшінші нүктесі) деп белгілейміз. C нүктесінен өтетін тік сызық көлденең осінде І'в.номқоздыру тогын нұсқайды, бұл жердегі генератордың ЭҚК Е'ном- ге тең болады.
І'в.номқоздыру тогы, зәкір реакциясының магнитсіздендіру әрекеті
болмаған жағдайда генератордың шықпасында номиналды кернеуді
қамтамасыз етеді. Нақты жағдайда, зәкір реакциясы орын алғанда, бұл токты сол Ів.номмәнге дейін көтеру керек. Ів.номжәне І'в.номтоктары- ның айырмашылығы зәкір реакциясының магнитсіздендіру әрекеті- не өтемін береді.
Номиналдыдан төмен қоздырушы ток үшін құрастырылған А1В1С1сипаттамалық үшбұрыштың, АВСүшбұрышының BCжағына сәйкес В1С1жағынан кіші көлденең катеті бар. Қоздыру тогында Iв1