Параллель қоздыру генераторын қосу сұлбасы. Параллель қоз- дырудың тұрақты ток генераторы тәуелсіз қоздыру генераторынан ерекшеленеді, оның қоздыру орамасы зәкірдің орамасына парал- лель қосылады (2.6, а - суретті қараңыз), демек, зәкірден қуат алады. Зәкірдің Iя тогы, I жүктеме тогы және Iв қоздыру тогы Кирхгофтың алғашқы заңымен байланысады:
Әрине, бос жүріс режимінде (XX),
I = 0 және зәкір ток қоздыру тогына тең.
Қоздырудың параллель орамасын, сондай-ақ
шунттау орамасы деп атайды (ағылшын
shunt сөзі тармақталу, параллель тізбек). Па- раллель ораманың қысқыштары Ш
1 және Ш
2 деп белгіленеді.
Өзін-өзі қоздыру үдерісі. Генератор зәкірі айналмаған кезде қоздырушы орамада ток болмайды (қоздырушы ораманы ешқандай қуат көзі қуат бермейді). Дегенмен, айналмайтын генератордың маг- ниттік жүйесі толығымен магнитсізденбейді; оның қалдық магнит өрісі бар. Қалдық өріс зәкір айналған сәтте
өзін-өзі қоздыру үдерісін ықтимал етеді.
Өзін-өзі қоздыру үдерісі төменде келтірілген.
Қалдық магнит ағыны айналмалы зәкір орамасындағы Eост ЭҚК қалдықты ықпалдандырады (қалдық ЭҚК Uном генераторының номи- налды кернеуінің 1...3% құрайды).
Қоздыру орамасы зәкірге қосылған, сондықтан Еост ЭҚК әре- кетінде қоздыру орамасында Iв ток өтеді, мұндағы ∑Rв —