Лобзин с. А. Электр машиналар



бет75/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

86


болады.
M және Мст қисықтарының қиылысу нүктесі осы иінкүштердің теңдігіне сәйкес болады, демек зәкірдің айналу жиілігінің тұрақтылығына сәйкес келеді.
Мысалы, қозғалтқыш 3.3 а-суретте ұсынылған механикалық си- паттамаға ие болсын және n тұрақты жиілікте айналатын болсын. Егер, қандай да бір себептермен айналу жиілігі аздап өссе және n' сияқты бірдей болса, онда сұлбада көрініп тұрғандай, Mст тежегіш иінкүші электрмагниттік иінкүштен асып түседі.
Осылайша айналу жиілігі, иінкүштердің теңдігі орындалатын n мәніне дейін азаяды. Айналдыру жиілігінің n' мәніне дейін кез- дейсоқ төмендеген кезде, M электрмагниттік иінкүші Мст тежегіш иінкүшінен үлкен болады. Зәкір қайтадан L жиілігіне қарай қарқын- дайды. Осылайша айналу жылдамдығының кез келген өзгерісінде қозғалтқыш айналу және тежегіш иінкүштер жағдайына оралады. Физикада осындай жағдайды тұрақты теңдік жағдайы деп атайды.
Енді, 3.3, б – суретте көрсетілген қозғалтқыш механикалық си- паттамаға ие болған жағдайды және тұрақты n жиілікпен айналаты- ның қарастырайық. Егер айналу жиілігі кішкене өссе және n'-ге тең
болса, онда M электрмагниттік иінкүш Мст тежегіш иінкүшінен үл- кен болады, бұл айналу жиілігін одан әрі ұлғайтуға әкеледі.
Қозғалтқыштың айналу жылдамдығының ерекше ұлғаюымен сипатталатын қозғалтқыштың «тозуы» орын алады, ол машинаның бұзылуына әкелу мүмкін. Егер, айналу жиілігі төмендеп және n-ге тең болса, онда Мст тежегіш иінкүші M электрмагниттік иінкүшінен көбірек болады, жиілік одан әрі төмендейді, нәтижесінде қозғал- тқыш тоқтайды.
Осылайша, 3.3, б - суретте көрсетілген механикалық сипаттама- лар қозғалтқыштың толықтай тұрақсыз жұмысына сәйкес келеді.
Болашақта қозғалтқыштардың магниттік ағындарды қоздырудың басқа әдісімен сипаттамалары қарастырылатын болады және әрбір сипаттаманың түрі неге тәуелді болатындығын анықтайтын болады.


3.4.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет