орнатылуы керек. Егер осы тармақтағы кернеу нөлге тең болмаса, онда ол күшейтіледі және жылжымалы байланысын қозғайтын ме- ханизмді іске қосатын орындаушы қозғалтқышқа беріледі; қозғал- тқыштың айналу бағыты өлшеу диагоналында кернеудің полярлығы арқылы анықталады. Түйіспе өлшеу диагоналындағы кернеу нөлге тең болатын дәрежеге ауысады, өйткені осы уақытта орындаушы қозғалтқышқа электр қуатының берілуі тоқтайды. (Сандық өлшеу көпірлерінде орындаушы қозғалтқыш және қозғалмалы бөліктер болмайды; барлық операциялар электронды сұлбалармен орындала- ды.)
Орындаушықозғалтқыштар– бұл төмен қуатты машиналар (он- даған және жүздеген ватт). Оларға қажетті талап - төмен инерция, демек, зәкірдің аз массасы болып табылады.
Дискілік зәкірі бар қозға лтқыш. Ең төмен қуаттың орындаушы қозғалтқыштарында аталған талап, зәкірді электр оқша- улағыш материалдың (мысалы, текстолит) жұқа дискісі түрінде жа- салатын талаппен қанағаттандырылады. Дискінің екі жағында элек- трохимиялық әдіспен (баспа тақтасы сияқты) орама өткізгіштерін жүргізеді. Диск ось бағыты бойынша магниттік ағын қалыптасты- ратын позициялардың арасында ауысады. Коллектордың болмауы: щеткалар тікелей дискінің бетіне сырғиды.
Қуыс зәкірі бар қозға лтқыш. Зәкір инерциясын төмендетудің тағы бір әдісі - зәкір орамдарын және ауыр ферромаг- ниттік өзегін бөлуімен қорытындыланады. Орама цилиндрлік тірек- те жинақталады және пластикпен толтырылады (дискілі зәкір си- яқты басылған орамалар да болу мүмкін). Орама бөліктердің ұштары кәдімгі қозғалтқыштағыдай коллекторлық тілімшелерге қосылады. Орамасымен қуыс цилиндрдің ішіне жылжымайтын ферромагниттік зәкір орналасқан. Қуыс зәкірі бар қозғалтқыштың статоры кәдімгі тұрақты ток қозғалтқышының статорларына ұқсас болады.
Қозғалтқышты айналдыруға қажет болған жағдайда, сигнал қол- данылатын орындаушы қозғалтқыштың орамасы, басқару орамасы деп аталады. Осылайша, сол сияқты зәкір орамасы (әдеттегі қозғал- тқышқа ұқсас) және полюстер орамасы әрекет ету мүмкін. Сәйкесін- ше, қоздыру орамасы полюстің орамасы немесе зәкір орамасы болуы мүмкін. Сонымен қатар, тұрақты магниттен қоздыру қолданылады.