Лобзин с. А. Электр машиналар



бет100/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

118


Кез келген трансформатор тұйық магнит өткізгішінің (білік) үстінде орналастырылған, электр машиналар орамаларының білік- тері сияқты, жұмсақ магнитті ферромагнитті материалдан (электр- техникалық болаттан) жасалған екі немесе одан да көп орамадан тұрады.
Қуат көзіне қосылатын трансформатордың орамасы бастапқы орама деп аталады. Жүктемеге жалғанатын орама екінші реттік орама деп аталады. Аса жоғары кернеулі орама (бастапқы немесе екінші реттік орама) жоғары кернеулі (ЖК) орама деп аталады. Аса төменгі кернеулі орама — төменгі кернеулі (ТК) орама деп атала- ды. Егер, бастапқы орама ЖК болса, онда трансформатор түсіруші трансформатор деп аталады, кері жағдайда, көтеруші трансформа- тор болады. Орамалар мен магнит өткізгіштердің құрылымы 4.2. - тарауда толығырақ сипатталған.
4 және 5 - бөлімдерде ең алдымен, бір фазалы трансформаторлар қарастырылады.
Трансформатордың әрекет қағидасы. Генератор сияқты (1.1

  • бөлімін қараңыз), ол электрмагнитті индукция құбылысына не- гізделген, оның мағынасы – егер, кеңістіктің біршама аймағын өз- геремелі магнит ағыны өтсе, онда бұл аймақта индукцияның ЭҚК деп аталатын, электр қозғаушы күші пайда болады. Егер, өзгермелі магнит ағыны өткізгіш контурмен шектелген ауданын өтсе, онда бұл контурда ЭҚК индукциясының әрекет етуімен индукциялық ток пайда болады (бұл құбылыс сол мақсаттарға сәйкес, 1.1 -бөлімде қа- растырылған).

Электр машинадағыдай, трансформаторда да, басқа орамамен жасалған магнит ағыны өзгерген жағдайда, бір орамадағы ЭҚК пай- да болғандықтан, электрмагнитті индукциясының жеке жағдайы – өзара индукция туралы айтады.
Мысалы, трансформатордың бастапқы орамасы, әрекет етуші U1 белгісі бар айнымалы кернеу көзіне жалғансын, ал екінші реттегі орама ажыратылсын. Бастапқы орама бойынша Ф1 магнит ағынын жасайтын, I0 әрекет етуші белгісі бар айнымалы ток жүреді. Магнит өрісінің күш желісінің көп бөлігі, негізгі Ф0 магнитті орам жасап, бастапқы және екінші реттегі ораманың орамдарын өтіп, магнит өт- кізгіші бойынша тұйықталады. Орама орамы арқылы магнит ағы- ны – бұл магнит өрісінің В индукциясының S айналма ауданының көбейтіндісіне (егер, магнит өрісінің күш желісі айналманың жа- зықтығына перпендикуляр болса) тең шама екенін еске саламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет