Лобзин с. А. Электр машиналар



бет99/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

115


  1. Тұрақты ток қозғалтқыштарын тежеу әдістері қандай? Рекупе- ративті тежеудің артықшылығы қандай?

  2. Орындаушы қозғалтқыштар конструкцияларының ерекшелік- тері қандай?

  3. Тұрақты ток коллекторлы ток қозғалтқыштар мен синхронды және асинхронды қозғалтқыштардың алдында шұралы қозғал- тқыштарының артықшылығы қандай?






ТРАНСФОРМАТОРЛАР


II

БӨЛІМ





  1. тарау. Трансформаторлардың әрекет қағидасы мен құрылымы

  2. тарау. Бір фазалы трансформаторлардың бос жүріс режимі, жұмыс режимі және қысқа тұйықталуы.

  3. тарау. Үш фазалы генераторлар және олардың параллель жұмысы

  4. тарау. Арнайы трансформаторлар түрлері

4 - ТАрАу


ТРАНСФОРМАТОРЛАРДЫҢ


ӘРЕКЕТ ҚАҒИДАСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

4.1.

ТРАНСФОРМАТОРЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ӘРЕКЕТ ҚАҒИДАСЫ

Трансформаторлардың қызметі. Трансформатор — бұл бір кернеулі айнымалы токты екінші кернеулі айнымалы токқа түрлен- діруге немесе жеке жағдайларда, кернеу жиілігі мен сымдар санын түрлендіруге арналған, екі немесе одан да көп орамасы бар стати- калық (айналмалы бөліктері жоқ) электромагнитті түрлендіргіш. Трансформаторлардың құрылымы мен міндеттері бойынша көп түр- лері болады.
Қу а тты т ранс фор м а т ор лар электр қуатын электр стан- циясынан тұтынушыға беру кезінде пайдаланылады. Электр станци- яларында орналасқан генераторлар 10(35) кВ кернеуі кезінде электр қуатын өндіреді. Энергияны үлкен қашықтыққа үнемді тарату үшін, кернеуді 750—1 150 кВ дейін арттыратын к ө т е р у ш і трансфор- маторларды қолданады. Кернеу артқан кезде ток азаяды, себебі, трансформатор берілетін қуатты күшейтпейді (күшейткіш болып табылмайды), сондықтан, қажетті сымдардың қимасы азаяды, бұл металды едәуір үнемдейді. Тұтынушыларға электр қуатын бермес бұрын, кернеуді тағы да төмендету керек; бұл т ү с і р у ш і т р а н с - ф о р м а т о р л а р м е н орындалады.
Қуатты трансформаторлардан басқа, мәні үлкен айнымалы кер- неуді өлшеуге арналған өлше уіштік т ранс фор м а т ор лар, сондай-ақ, мәні үлкен айнымалы токты және де жоғары кернеулі желілерде токты өлшеу үшін қолданылатын, т о к т ы ң ө л ш е - уіштік т ранс фор м а т ор лары кеңінен таралған.
Арнайы трансформаторлар электрмен дәнекерлеу, доғал электр пештеріне қуат беру, кернеу жиілігі мен сымдар санын түрлендіру үшін қолданылады. Қуаты шағын трансформаторлар автоматика құрылғыларында, сондай-ақ, байланыс құралдары мен бұқаралық ақпарат жұмыстары кезінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет