Лобзин с. А. Электр машиналар



бет96/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

Шұралы қозғалтқыштары. Щеткалар мен коллектор арасында сырғымалы байланыстың болуы, тұрақты ток қозғалтқыштарының маңызды кемшілігі болады. Біріншіден, коллекторды мерзімді таза-

111


лап және щеткаларды ауыстыру қажет. Екіншіден, қозғалтқыштың ең жоғарғы қуаты шектеледі. Үшіншіден, коллекторлық-щеткалы торабында ұшқын болу мүмкіндігі, жанғыш және жарылғыш орта- ларында, атап айтқанда, химиялық өндірісте коллекторлы қозғал- тқыштарды, сондай-ақ бұрғылау қондырғыларын қолдануға мүмкін- дік бермейді.
Айнымалы ток қозғалтқыштарының (асинхронды және син- хронды) ІІІ-тарауда көрсетілген кемшіліктері болмайды. Дегенмен, соңғысы коллекторлы қозғалтқыштардың пайдалы қасиеттеріне ие емес, атап айтқанда кең ауқымда айналу жиілігін бірқалыпты ретте- уге мүмкіндігі жоқ.
Шұралы қозғалтқыштардың құрылымы айнымалы ток қозғалтқыштарының және коллекторлы қозғалтқыштардың ар- тықшылықтарын біріктіреді.
Көбінесе, зәкір орамасы жылжымайтын статорға о р н а л а с т ы - р ы л а т ы н , ал қоздыру орамасы айналмалы бөлікке - роторға орна- ластырылатын қозғалтқыштың шұралы құрылымы пайдаланылады. (Статор және ротор функцияларын тарату көбінесе айнымалы ток машиналарында қолданылады).
Қоздыру орамаларының ұштары, тұрақты ток кернеуінің көзінен щеткалар арқылы қуат берілетін т ү й і с п е л і к с а қ и н а л а р ғ а қосылады. Осылайша, щетка түйіспесі қарастырылып жатқан маши- нада бар, бірақ біріншіден, қоздыру сұлбасы бойынша тұтынылатын қуат зәкір тізбегінің қуатынан бірнеше есе аз болады, ал екіншіден, коллекторға қарағанда түйіспелік сақиналар біртекті болып табыла- ды; оларда коммутация болмайды, сондықтан іс жүзінде ешқандай ұшқын кездеспейді.
Статордың зәкір орамасы бірнеше бөліктерге бөлінеді. Бөліктер бір-біріне қатысты кеңістікте жылжытылған. Айнымалы токтың үш фазалы машинасының орамасына ұқсас статордың үш бөлікті ора- масы 3.10-суретте көрсетілген.
Статор орамасы тұрақты кернеу көзіне басқарылатын тиристор коммутаторы арқылы қосылады, оның функциясы статор орамасы- ның жекелеген бөліктері арқылы қажетті уақыт аралығында токтын өтуін қамтамасыз етеді.
Коммутатор сұлбасы басқарылатын тиристор түрлендіргіштің тізбегін қайталайды (3.6-суретті қараңыз).
Тиристор түрлендіргішімен қозғалтқышты басқаруға арналған сұлбадағы үш фазалы желі қуат көзі болып табылады және түрлен-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет