Лобзин с. А. Электр машиналар


ҮШ ФАЗАЛЫ ТРАНСФОРМАТОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАРАЛЛЕЛЬ ЖҰМЫСЫ



бет130/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

ҮШ ФАЗАЛЫ ТРАНСФОРМАТОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАРАЛЛЕЛЬ ЖҰМЫСЫ



6.1.

ҮШ ФАЗАЛЫ ҚУАТТЫ ТРАНСФОРМАТОР- ЛАРДЫҢ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫ

Трансформаторлық топ және үш фазалы трансформатор. Үш фазалы ток тораптарында электр энергиясын трансформациялау үшін, бір фазалы үш трансформатордан құралатын трансформатор- лық топтар, сондай-ақ өзіндік үш фазалы трансформаторлар қолда- нылады.
Трансформаторлық топтар (топтық трансформаторлар) тек
жоғары (60 МВ.А асатын) қуат болғанда ғана қолданылады. Топтық трансформатордың бір аппарат түрінде жасалған үш фазалы транс- форматордан артықшылығы мынада: топқа кіретін әрбір бір фазалы трансформатордың габариттік өлшемдері мен салмағы топтың жалпы қуатына конструкцияланған үш фазалы бір трансформаторға қараған- да кішірек болады. Осының арқасында топтық трансформаторды тасымалдау - оңай. Бұдан бөлек, егер трансформаторлық топ пайда- ланылатын болса, онда резервте бір фазалы бір трансформатор тұр- са жеткілікті. Алайда, трансформаторлық топтың құны бірдей қуатқа есептелген үш фазалы трансформатормен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, жалпы габариттік өлшемдері үлкен және ПӘК-і аз болады.
Бір аппарат түрінде жасалған үш фазалы трансформатордың кон- струкциясы 4.1, г -суретте сұлба түрінде көрсетілген. Оның магнитті өткізгішіне үш өзекше салынған, солардың әрқайсысына бір фазаға тиесілі жоғары және төмен кернеудегі орамалар орнатылады. Жеке- леген фазалардың магнитті ағындары тұйықталуы мүмкін қосымша өзекшенің қажеті жоқ, өйткені бұл өзекшенің ағыны нөлге тең болар еді. Шын мәнінде, орама фазаларының ағындары бірін екіншісіне қатысты алғанда, фаза бойынша 120° бұрышқа ығыстырылған және жиынтық ағын нөлге тең:
ФA + ФВ + ФС = 0.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет