Лобзин с. А. Электр машиналар



бет153/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

178


сипаттамаға жақын болғаны дұрыс болады, бұл электрод пен бөл- шек арасындағы қашықтықтың тұрақты болмауы кезінде туындай- тын кернеулердің біраз өзгерістерінде токтың аздап өзгеруіне сәйкес болады.
Қысқа тұйықталу режиміндегі токты шектеу үшін және сыртқы сипаттаманың тиісті формасымен қамтамасыз ету үшін, екінші реттегі орамамен, электродпен және бөлшекпен тізбектеп, екінші тізбекке жоғары индуктивті кедергіге ие дроссельді қосады. Бұл мақсатқа қол жеткізуде бастапқы және екінші реттегі орамалардың магнит өткізгіштің әр түрлі білігінде орналасуы көмегін тигізеді (бұл сейілудің магнит ағынын арттырады).
I2 тогын реттеу үшін дроссельдің магнит өткізгішін арасында ауа саңылауы бар екі бөлшектен жасайды (орама бір бөлігінде орнала- сады). Сермердің көмегімен бұранданы айналдыра отырып, саңылау шамасын өзгертеді. Нөлдік саңылауға дроссельдің максималды ин- дуктивті кедергісі мен минималды жұмыс тогы сәйкес болады.
Пик-трансформаторлар. Синусоидалды кернеуді жартылай өт- кізгіш құрылғыларды басқару үшін найза пішінді кернеуге түрлен- діру үшін пайдаланады (3.9 бөлімін қараңыз.).
Пик-трансформатордың жұмыс қағидасы магнит өткізгіш мате- риалының қанығу құбылысына негізделген. Магниттік шунты бар пик-трансформаторда (7.4 сурет) w1 айналым саны бар бастапқы орама үлкен қималы 1 өзекшесінде орналасқан, ол жердегі магнит- тің қанығуы аса көп болмайды, сондықтан, i1 бастапқы орамасы то- гының лездік мәні артқан кезде, сызықтың заң бойынша дәл болмаса да Ф1 магнит ағыны да артады. w2 айналым саны бар екінші орама кіші қималы 2 өзекшеде орналасқан. Бастапқы орама тогының бір- шама лездік мән жағдайында осы өзекшеде магниттік қанығу пайда болады, токты әрі қарай арттырған кезде, бұл өзекшенің Ф2 магнит



7.4.-сурет. Магниттік шунты бар пик-трансформатор.

179


ағыны тұрақты болып қала береді.
Сонымен, i1 тогын өзгертумен, екі өзекшенің магнит ағыны әртүрлі өзгереді. Бірақ, магнит өткізгіш бір фазалы өзекті транс- форматордағыдай, екі өзекшенің тұйық, тармақталмаған жүйесі- нен тұрмағанда, мұндай болмас еді, себебі, тармақталмаған магнит өткізгіштің магнит ағыны барлық қималарда бір мәнге ие болады. Пик-трансформаторларда үшінші өзекше бар — бастапқы орама жасайтын, магнит ағынының бөлігі тармақталатын магниттік шунт, себебі, бірінші өзекшенің ағыны басқа екі өзекше ағындарының со- масына тең болады:

Ф1 = Ф2 + Фш,
(7.4)

Бұл жердегі Фш — үшінші өзекшенің - магниттік шунттың ағыны. Шунт магнит өткізгіштің басқа бөлігінен ауа саңылауы арқылы бөлектенген, және осының әсерінен, шунтта қанығу болмайды, сон-
дықтан, бастапқы орама тогының артуымен Фш ағыны сызықтық заң бойынша артады.
Егер, бастапқы орамаға берілетін кернеу синусоидалды болса (и1 лездік мәнінің уақытқа тәуелді болу кестесі 7.4 суретте көрсетілген), онда Ф1 магнит ағыны да синусоидалды болады. (Мұндай пікір (5.1) және (5.2) жуық теңдіктерін есепке алумен, (4.3) өрнегінен туын- дайды). Магниттік шунт болған жағдайда, (7.4) теңдігі орындалады, және Ф1 мен Ф2 ағындары әрқалай өзгеру мүмкіндіктеріне ие бола- ды. 2 өзекшенің Ф2 ағыны, белгілі мәнге жете отырып, магниттік қанығудың себебінен, жарты кезеңнің үлкен бөлігі ішінде тұрақты болып қала береді, бұл 7.4 - суретіндегі тиісті кестеде көрсетілген.
Екінші реттегі ораманың ЭҚК электрмагниттік индукция заңы- на бағынады (4.1 өрнекті қараңыз), ол заңға сәйкес, магнит ағы- ны өзгеріссіз болса, ЭҚК ықпалдандырылмайды, және ол өзгерген жағдайда ғана пайда болады. Нәтижесінде, е2 екінші орамасының ЭҚК лездік мәнінің уақытқа тәуелді болу кестесі 7.4. суретте көр- сетілгендей, кезең сайын қайталанып тұратын шыңдар түрінде бола- ды. Пик-трансформатордың шығыс кернеуі де осындай формаға ие ((5.2) теңдеуді қараңыз.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет